318
Қазақ өнерінің антологиясы
соны көріп, көңілім жай боп келдім.
Арқалықты жазыпсың облыс деп,
Көңілдерің не деген бай деп келдім.
ниетіңнен айналдым, қайран елім,
сендерді күн деп келдім, ай деп келдім.
иншалла осы тілек қабыл болсын,
Аузыңа май, астыңа тай деп келдім.
Ал, мұхтар аманбысың, күйгелегім,
сені көрсем ерекше күйге енемін.
Қостанайға
айтысқа барғаныңда,
торғайдың бір сұлуын сүйген едің.
«Айтыста жеңіс туын ұстатсаңдар»
деп едің, «сол сұлуға үйленемін».
Күйеу бала болам деп, болмай кетіп,
Қақпанға түспей кеткен шибөрі едің.
Айбекті алдағаның ештеңе емес,
Алашты алдауыңнан именемін.
енді міне қолыма түсіп тұрсың,
Хаққа оң ай, десе құлға сый беремін.
Аузыңның аяғы ауыр жігіт едің,
Күйлі өлеңнен белгілі күйлегенің.
тіліңді толғақ қысып отыр білем,
Кезек беріп, сөзіңді тый демедім.
Бірдеңе бүлдіргелі отырсың ау,
тіліңнің тікені бар түйнек ерін.
Мұхтар:
Жырларың таусылмады-ау майдалаған,
Бірдеңе бүлдірмесем қайда барам?
Қазаққа ақын да ортақ, батыр да ортақ,
демеймін жерлестікті пайдаланам.
«Арқалық облысы» деп жазып берсе,
Жазылған сөз емес ол айдаладан.
Қостанай істемеген тіршілікті,
Жалағашым бітірді-ау айдаладан.
Айекең шамалы енді дамылдасын,
Қайыстырып қайтейін қабырғасын.
Бірдеңе бүлдіред деп, мына мені,
Шамалы қышыртудың қамындасың.
319
Айтыс VI том
Қостанайдан қосбұрым қыз алмады деп,
өзеуреп өтің бүгін жарылмасын.
Келіншекті
Керейттен алып едім,
меңлі мен нысанбайдың ауылдасын.
маңдайға жазылған іс болады ғой,
солай қарай жүріп ем сағынғасын.
Қуғанда қай күйеуді ұстап едің,
тіліміз Айбек, бүгін жалындасын.
Қарындасты алмадың деп, алдадың деп,
Бос нәрсеге басыңыз ауырмасын.
Алам деп алмай кеткен мен емеспін,
тием деп тимей кеткен қарындасың!
Алақұйын тіліңмен алас ұрмай,
Шай ішіп,
демала тұр, ағашым жай.
Шашты айтсам алыптарды алға салып,
Айбек аға, бір айла табасың-ай.
Әлекең, Жүкеңдердің бәрін айттың,
үлгіні осылардан алатындай.
Бұлар жүрген соқпақтар ауыр еді,
Шаш түгіл басың түсіп қалатындай.
Айбекті мұхтарменен бөлме дейсің,
Жалағашым бәріне жанашырдай.
елжіреп ет бауыры тұрады әркез,
өйткені, сыр Алаштың анасындай.
Алдындағы қос ақын мынау елге,
Көзінің ағы менен қарасындай.
Ағыбай
мен Бұхарбай қандай болса,
Айбек пенен мұхтар да дәл осындай.
сөйлемес ем кеудемді теппей жүрек,
мұхтар енді халыққа беттейді көп.
мен өзім табындардың жиенімін,
Кетейін бұл жағын да көпке әйгілеп.
Әкеміз текелердің қызын алған,
Әулетім осылармен көктейді деп.
табынның табындығы кетсе дағы,
ешқашан тамырлығы кетпейді деп.
Құзғындай шұқыламай өлексені,
Басайын бабам жүрген өр өкшені.