Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет63/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162
Балғынбек:
тай дей ме, мэлс мені бесті дей ме,
ессіз дей ме жоқ әлде есті дей ме?
Балғынбек сахнада шындықты айтса,
ел алдында өтірік бөсті дей ме?
елге менің сөздерім жақпай жатса,
Балғынбек ақын болып өсті дей ме?
мэлс аға, соншалық кещемісің,
сыбырлағанды құдай естімей ме?
сылтау айтып, бұл мэлс,
Жылады ма, ой, дүние-ай.
Жауап берем мен енді,
сұрағыңа, ой, дүние-ай.


164
Қазақ өнерінің антологиясы
Кел екеуміз қосылып,
зарланайық, ой, дүние-ай.
Жетер ме екен Патшаның,
Құлағына, ой, дүние-ай,
Қазағым-ай, азабым-ай,
Парламенттен болды сенің 
Ажалың-ай, ой, дүние-ай.
дінім мақау, тілім сақау,
Ақ ешкінің күнін кештік,
Кенен ата-ау, ой, дүние-ай.
өгейлігін қарашы,
үкіметтің, ой, дүние-ай.
Шаранада тілімді,
Шетін еттің, ой, дүние-ай.
Қарғыс болып тимесін,
Қайта айналып, ой, дүние-ай.
Шетке кеткен көз жасы,
Жетімектің, ой, дүние-ай.
сенатым-ай, саңғырдым-ай,
Халқымызды жібердің ғой,
Қаңғыртып-ай, ой, дүние-ай.
мәжілісім, мәңгүртім-ай,
сен болдың ғой тіске түскен,
Қанқұртым-ай, ой, дүние-ай...
таппай айтқан сөз жетім,
Жүйесі жоқ, ой, дүние-ай.
Жұғып кетер Балғынның,
Күйесі жоқ, ой, дүние-ай.
елге айтамын елбасы,
сен де тыңда, ой, дүние-ай.
Бізден басқа бұл тілдің,
иесі жоқ, ой, дүние-ай.
нұрағам-ай, ірі ағам-ай,
тірегі жоқ тіліміздің,
Құлағаны-ай, ой, дүине-ай.
төрдегі аға, елге қара,
сорлы еліңнің соңғы үміті,
сенде ғана, ой, дүние-ай.


165
Айтыс VI том
Мэлс:
Балғынбек қасымыздан қашықтама,
демессің біздерді де жасық бала.
неге сен қарап тұрып бұлданасың,
Бұрынғы ескі әдісті машықтама.
Ағаңды кеще дейсің, жынды дейсің,
сен онда тау суындай тасып қара.
Біреудің ақылында нең бар сенің,
Алдымен өз басыңды ашып қара.
Ағайын бізге қарай таман келсе,
Қол соқпас және отырып шабан келсе.
Әр ақын өз тілінде сөйлемей ме,
Қашанда алмағайып заман келсе.
мен бе екен үкіметке жалпылдайтын,
Қашатын қорқатындай қабан көрсе.
ешкімге айтпасын деп жатқан жоқпын,
Жақсы ма, өзі білсін жаман көрсе.
Балғынбек, шыныменен батыр болсаң,
Хан ордасын шауып ал шамаң келсе.
Бергендей өзіңізге пысық хабар,
суырып жаныңыздан ісікті алар.
Артыңда Айтақындай ұстазың бар,
сәлемі саған айтқан ысып барар.
Бірдеме десем маған ренжисің,
дейсің бе, шәуілдеген күшік қалар.
одан да ортақ тілмен келісейік,
Басыңды шайқай берме, түсіп қалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет