Таным теориясы. Ұлы Абайдың айтқан сөздерін қалай түсінесіз? Таным процесінің формаларын атаңыз



Дата29.03.2023
өлшемі18,23 Kb.
#77387
Байланысты:
Таным теориясы. лы Абайды айт ан с здерін алай т сінесіз Тан


Таным теориясы.

  1. Ұлы Абайдың айтқан сөздерін қалай түсінесіз? Таным процесінің формаларын атаңыз.

19 Қара сөз
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.


7 қара сөз
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, "ол немене?", "бұл немене?" деп, "ол неге үйтеді?" деп, "бұл неге бүйтеді?" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.



  1. Тест тапсырмаларын орындау.

1-нұсқа

  1. Өмір шындығын жай аңғарып қана қою емес, оны мақсатқа сай бейнелеу:

А) Сана
В) Білім
С) Таным
Д) Тәжірибе

  1. Ертедегі грек филососфы айтқан «Мен ештеңе білмеймін»:

А) Плутарх
В) Платон
С) Демокрит
Д) Сократ

  1. Таным субъектісі:

А) Бүкіл әлем
В) Қоғам
С) Құбылыс
Д) Процесс

  1. Материалдық объектілердің, заттардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі:

А) Түйсік
В) Қабылдау
С) Елестету
Д) Ұғым

  1. «Адамның бұрын қабылдаған заттардың нақты образдары»:

А) Қабылдау
В) Елестету
С) Түйсік
Д) Пікір

  1. Заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу:

А) Пікір В) Ой тұжырымы С) Ұғым Д) Қабылдау

  1. Адамның дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағыт:

А) Агностицизм В) Дуализм С) Идеализм Д) Гносеология

  1. Рационалдық (логикалық) танымның формалары:

А) Қабылдау, түйсіктер
В) Ұғым, пікір, ой тұжырымы.
С) Гипотеза, теория
Д) Елестету

  1. Ой тұжырымының түрі «жеке пікірлерден жалпыға келу»:

А) Гипотеза
В) Индукция
С) Дедукция
Д) Ой тұжырымы

  1. Объективтік дүниедегі заттар қандай болса, ол заттарды сондай деп білу:

А) Таным
В) Гносеология
С) Ақиқат
Д) Білім

  1. Зерттеліп отырған объекті жөніндегі толық емес білім:

А) Салыстырмалы ақиқат
В) Абсолюттік ақиқат
С) Объективті ақиқат
Д) Ақиқат

  1. Танымның негізі:

А) Философиялық таным
В) Ғылыми таным
С) Күнделікті таным
Д) Өнер арқылы таным

  1. Адам баласының табиғат пен қоғамды қайта жасайтын мақсатқа лайықты материалдық қоғамдық қызметі:

А) Таным В) Практика С) Ғылым Д) Байқау

  1. Танымның бастапқы пункті және оның басты, маңызды белгісі болып табылатын:

А) Тәжірибе В) Материалдық өндіріс С) Ғылым Д) Шабыт

  1. Заттардың тұтас образы:

А) Ұғым В) Қабылдау С) Түйсік Д) Елестету

  1. Үзжіксіз дамуға байланысты қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір саласы:

А) Ғылым В) Таным С) Гипотеза Д) Тәжірибе

  1. Кейбір пікірлерден жаңа пікір тудыратын ойлаудың формасы:

А) Ұғым В) Ой тұжырымы С) Пікір Д) Түйсік

  1. Объективтік ақиқаттың түрі, толық және дәл білім:

А) Таным В) Практика С) Абсолютті ақиқат
Д) Салыстырмалы ақиқат

  1. Таным процесінің ең жоғары сатысы:

А) Сезімдік таным В) Рационалды таным С) Ғылым Д) Практика

  1. «Білім» және «ақпаратты (информацияны)» теңестіруге бола ма?

А) Жоқ В) Иә С) Кейбір кезде Д) Үш жауабы дұрыс


2-нұсқа

  1. Адамның дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағыт:

А) Идеализм
В) Дуализм
С) Агностицизм
Д) Сенсуализм

  1. Таным процесінің бастапқы пункті және оның негізі болып табылады:

А) Практика
В) Сезімдік таным
С) Рационалды таным
Д) Ғылым

  1. «Өзіңді танып біл» деген философ:

А) Платон
В) Сократ
С) Демокрит
Д) Ароистотель

  1. Танымның объктісі:

А) Қоғам
В) Бүкіл әлем
С) Адамның ішкі рухани өмірі
Д) Жан

  1. Сезімдік танымды жақтайтын философияның бағыты:

А) Сенсуализм
В) Рационалимз
С) Агностицизм
Д) Идеализм

  1. Тәжірибенің қай түрі идеялар күресі мен байланысты:

А) Материалды өндіріс
В) Саяси практика
С) Дене шынықтыру практикасы
Д) Әлеуметтік практика

  1. Сезімдік танымның анықтамалары:

А) Түйсік В) Қабылдау С) Елестету
А) Заттың тұтас бейнесі
В) Қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік образы
С) Сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын, қасиеттерін, жақтарын мида бейнелеу.

  1. Тәжірибенің қай түрі адамның болмысын ұдайы өсірумен байланысты.

А) Саяси практика
В) Материалдық практика
С) Дәрігерлік практика
Д) Тәрбиелік практика

  1. Рационалдық танымның формалары:

А) Қабылдау, түйсіктер
В) Ұғым, пікір, ой тұжырымы.
С) Гипотеза, ғылыми теориялар.
Д) Елестету.

  1. Ғылымның қорытындысының негізі:

А) Гипотезалар
В) Пікірелр
С) Ой тұжырымы
Д) Аксиома

  1. Объективтік ақиқаттың түрі, толық және дәл білім:

А) Абсолютті ақиқат
В) Салыстырмалы ақиқат
С) Ақиқат

  1. Материалдық объектілердің, заттардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі:

А) Таным
В) Елестету
С) Түйсік
Д) Қабылдау

  1. Сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы материалдық заттың тұтас бейнесі:

А) Қабылдау В) Түйсік С) Елестету Д) Сезім

  1. Қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік образы:

А) Елестету В) Таным С) Түйсік Д) Пікір

  1. Заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу болып табылады:

А) Пікір В) Түйсік С) Ұғым Д) Ой тұжырымы.

  1. Қандай да болсын бір зат жайында мақұлданылатын немесе теріске шығарылатын ой:

А) Пікір В) Ой тұжырымы С) Елестету Д) Ұғым

  1. Объективтік дүниедегі заттар қандай болса,


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет