26
Қазақ өнерінің антологиясы
ресей келіп еді аспандатпай,
Жетпіс жыл келіп едік жасқаншақтай.
өз
жеріңде өзің өгей болып едік,
Қамысқа кеп тығылған қасқалдақтай.
Базарыңды өзбек пен кәріс билеп,
Қайқайып тұрушы еді бас бармақтай.
Жүндес халық кеудесін керген кезде,
үркуші едік қасқырдан қашқан лақтай.
ұлттық рух дегенді сезінбеуші ек,
Келіп ек
судай сіңбей, тастай батпай.
сол үрейлі күндерге нүкте қойған,
Желтоқсан ерлері ғой тас қайрақтай.
тәуелсіздік көтерді рухыңды,
Бақытқа бастайтұғын баспалдақтай.
Жарқырап шыға келдік он-ақ жылда,
Жабағысын тастаған жас тайлақтай.
Айбек:
Жұртына мұра қылып отты жыр ән,
Қанатын күн қақтаған текті қыран.
Қамшының
сабындай-ақ қысқа өмірде,
Шашасына шаң жұқпай өтті қыран.
Анадан алты мәрте туыласақ та,
Қасымның келмеспіз біз шоқтығынан.
ұялмай ақынбыз деп біз де жүрміз,
Кешегі Қасымдардың жоқтығынан.
өмір мен өнегесін лайықты еткен,
Ажал ғана айыпты еткен.
төлеген, тоқаш, Шәмші біртуарлар,
тағдырдың көк мұзынан тайып кеткен.
мұқағали,
Қасымдар өздерінің,
Құлыптасын өлеңмен қойып кеткен.
мұндай ақын бермейді енді тәңір,
Қолыңды сұрасаңда жайып көктен.
туды ғой артымызға қарайлар күн,
ұлт үшін ағартты ма самайды әркім.
рухтың сәулесіне шағылыспай,
Шапағы шашырамас шар айнаның.
27
Айтыс VI том
өлді деуге сияма ойлаңдаршы,
деп дәлелін айтпап па ед Абай марқұм?
Қадіріне
жетпестен тірісінде,
Қабіріне гүл қойдың талайлардың.
медет боп мына жұрттым дем бергені,
Ағыттым тұлпарымды белдеудегі.
Ақынын ардақ тұтып той тойлауда,
Қасымның шерге батқан шерменде елі.
Ашулы арыстанның айбатын бер,
Қорғанын сырттан қауіп келгендегі.
Жоталы жолбарыстың жүрегін бер,
өзіне нәсіп болған өңгергені.
мұхамеджан,
жолыңа атам сенің,
«Бомба боп жарыл жүрек кеудемдегі».
Достарыңызбен бөлісу: