Менің атам — менің мақтанышым Менің атам Мәке­ нов Мұқтархан



Pdf көрінісі
Дата07.02.2017
өлшемі388,12 Kb.
#3610

38

39

менің атам — менің 



мақтанышым

Менің  атам 



Мәке­

нов 

Мұқтархан 

1915  жылы  Қара­

ған  ды 

облысын­


да  туып,  1993  жы­

лы  дүние ден  оз ған. 

Ұлы  Отан  со ғысы­

ның  үшінші  топ тағы 

мү ге дегі. 

Соғыс қа 

Қарағанды 

қала­


сын дағы  педагогикалық  училищені  1941 

жылы  бітірер  кезінде  аттанған.  Атамды 

Сталинградты  қорғау  майданындағы  201 

атқыш  полкының  84  атқыш  дивизиясына 

жіберген болатын.

Негізі  атам  соғыс  туралы  айтуды  ұнатпай­

тын.  Соғыстағы  бір  күн  адамның  бүкіл 

өміріне  жетеді,  —  деп  күрсінетін  еді.  Ай­

татыны,  ылғи  өрімдей  жас  жігіттер,  бәрі 

бір­біріне  туыс­бауыр  болып  кеткен,  ел­

ден асыға бір хабар күтетін, хабар алғанда 

қуанып, өздерінің соғыста жүргенін ұмытып 

та  кететін.  Шайқасқа  «Ура»  деп  жүгіріп 

жөнелетінбіз, — дейтін. Бәрі біткеннен кейін 

қансыраған жауынгерлер, біреуі қолынан, 

біреуі  басынан,  біреуі  аяғынан  жарала­

нып  жататын.  Айналаның  бәрі  қан.  Қатты 

шөлдеп  су  ішкісі  келгенде,  судың  бетінен 

қанды  қолмен  сырып  жіберіп  ішетінбіз,  — 

дейтін. 


Атам соғыстан 1943 жылы оралды. Себебі, 

сол кездері атама оқ тиіп, қатты жараланған 

болатын.  Өзінің  соғыстан  қайтқанын  тағы 

бір әңгімесімен байланыстырады. Атамның 

Кәкең  қожа  деген  жездесі  болатын,  өте 

қасиетті  адам  еді.  Сол  кісінің  баласы  бо­

латын,  менің  атам  екеуі  соғысқа  бір  жер­

ден  аттанған.  Баласы  екеуін  шығарып  са­

лып  тұрып,  атамның  әкесіне,  сенің  балаң 

қайтып келеді, ал менің баламның кеткені 

кеткенімен, елге оралмайды, деген. Кәкең 

қожаның сөзі атамызға ылғи демеу болып 

жүретін.  Күндердің  күнінде  Кәкең  қожа 

намаз  оқып  отырған  кезінде,  жүрегіне  оқ 

қадалғандай  «балам­ау,  кеттің  ғой»  деп, 

намазын әрі қарай жалғастыра береді. Көп 

ұзамай қара қағаз келеді. 

1942  жылғы  6  желтоқсанда  атам  «Ерлік 

үшін»  медалімен  марапатталды.  Елі  үшін 

жасаған  еңбегі  мол  еді.  Соғыстан  кейін 

40  жыл  мектепте  қызмет  етті.  Балалар­

ды  оқытып,  тәлім­тәрбие  берді.  Біз  үшін 

аталарымыз  —  терең  тарих,  ұмытылмас 

мұрағат.  Аталарымыздың  ерлігі  әрқашан 

жүрегімізде  жалындаған  от  пен  абы­

рой  болып  қалады.  Мен  де  өз  балала­

рыма,  сендердің  осындай  атақты,  да­

налы,  жүрегі  мейірімді  Мұқтархан 

деген аталарың болған еді, деп мақтаныш 

етіп,  айтып  отырамын.  Мүмкін,  атам 

соғыстан  оралмағанда,  мен  сіздердің 

жобаларыңызға да ат салыспас едім... 

Соғысты  жеңген  барлық  аталарымызға 

мың алғыс! 



Расул Мәкенов өз атасы туралы.

СоғыС — қиындығы көп, 

Сұрапыл кез еді

Ұлы  Отан  соғысы 

бас талғанда,  18­19 

жас  та ғы  жастардың 

бар лы ғы дерлік елін, 

жерін  қорғауға  со­

ғыс қа  аттанған  еді. 

Солардың бірі болып 

1941  жылы  Мәскеу 

түбіндегі  шайқасқа 

қатысып, 1945 жылы 

Вена 


қаласында 

жеңіс туын желбіреткен менің атам — 



иСа­

беков өмешбай Жүнісбекұлы

Жастайынан  інісі  екеуі  жетім  қалып, 

қиыншылықты  көп  көріп,  түрлі  се­

бептермен  немере  ағасын  паналап, 

Қарақалпақстандағы 

педучилищеде 

оқып  жүрген  атам  соғыс  басталғаннан­ақ 

біріншілердің қатарында болып, майданға 

сұранады. 

Атам соғыс туралы көп айтпайтын. Сұрасаң, 

ой, балам, оның несін сұрайсың, қиындығы 

көп сұрапыл кез еді. Аш та болдық, тоңып 

та жүрдік. 1941 жылғы қақаған аяз, күндіз 

де, түнде де тәуліктеп ұйықтамаған кездер. 

Белорусияның батпағын да көрдік. Алайда 

ештеңеге  қарамастан  жауды  жеңетінімізге 

сендік.  Арманымыз  —  жеңіс  күні  тезірек 

жетіп, елге аман оралсақ екен дейтінбіз. Ал 

ұранымыз  —  «Отан  үшін!»,  «Сталин  үшін!» 

болатын, — дейтін. 

Ал  кейде  ашыла  сөйлесе,  ауылда  қалған 

жалғыз  бауырым  Тәліпбай  майданға 

шақырылды  деген  хабар  келгенде, 

Құдайдан  (партия  қатарында  болсам  да) 

күндіз­түні бауырым аман қайтса екен деп 

тілейтінмін,  —  деп  күрсінеді.  Атам  да,  інісі 

де  соғыстан  аман­есен  елге  оралды.  Інісі 

кейінірек қайтыс болды. 

Қазір  атам  Оңтүстік  Қазақстан  облысы 

Түлкібас ауданында Шақпақ баба ауылын­

ды  тұрады.  90­ды  алқымдаған  атам  әлі 

тың. Қазір 2 ұл, 5 қызынан 25 немере, 29 

шөбере  көріп  отырған  ауылдың  ең  үлкен 

қариясы. 

Атам  1­ші  және  2­ші  дәрежелі  Ұлы  Отан 

соғысы  ордендерімен,  «Ерлік  үшін» 

медалімен,  т.б.  көптеген  медальдармен 

марапатталған. 



Қазкоммерцбанктің  

Алматы филиалының қызметкері 

Бибігүл БАйділдАевА өз атасы 

туралы әңгімелейді.

қарты бар елдің 

қазынаСы бар

Қарт  кісілер  —  біздің  асыл  қазынамыз. 

Сол кі сі лердің арқасында осындай тыныш 

за ман  да  өмір  сүріп 

от ы р  ғ а н  д ы  ғ ы  м ы з ­

ды  кейінгі  ұрпақ  біліп 

жүруі тиіс. «Өткен ме ­

нен  кеткенді  көп  жа­

са ған  қарт  бі лер» 

демекші,  кешегі  Ұлы 

Отан  соғысында  өлім 

мен  өмірдің  ортасы­

нан аман оралған ағаларымыздың алатын 

орны  бөлек.  Сондай  жандардың  бірі,  со­

ғыс ардагері, Талғар қаласының тұрғыны — 

Сақбаев тыныштық. Нағашы атам 1925 

жылғы  мамыр  айының  20  күні  дүниеге 

келген. 

1943 жылғы 12 маусымда он сегіз жастағы 

атама  әскери  комиссариатынан  шақыру 

қағазы келіп, атам бірден майданға атана­

ды.  Жүк  поезінің  үстінде  тынымсыз  оқып, 

жаттығып,  соғыс  барысы  жөнінде  сан 

қырлы мәлімет алып үлгірген казақстандық 

сарбаздар  сол  бетімен  Қиыр  Шығыстағы 

Владивосток  қаласына  барып  түседі.  Осы 

жерде екі айдай оқу­жаттығу өткізген олар 

I­Украин майданындағы № 370 атқыштар 

дивизиясының  құрамында  Киев  қаласы 

үшін болған соғысқа қатысады. Жау әскерін 

жан­жақтан құрсаулай келіп, ауыр танктер 

мен  жаяу  әскерлері  қаптаған  Кеңес  ар­

миясы  үлкен  жеңіске  жетеді.  Бұл  —  неміс 

солдаттарының  шегінуінің  басы  болды. 

Атам  сол  күндері  толарсақтан  саз  кешіп 

жүріп,  бүкіл  Украина,  Польша  жерлерін 

жаудан  азат  етеді.  Жау  жеріне  Висла 

өзенінен түн жамылып өтіп, жау әскерімен 

шайқасып,  өзен  жағалауын  азат  еткені 

үшін  атам  «Қызыл  Жұлдыз»  орденімен, 

Польша  жеріндегі  үлкен  бекіністі  шабу­

ылдау  кезіндегі  көзсіз  батырлығы  үшін 

«Жауынгерлік  ерлігі  үшін»  медалін  екінші 

рет  көнетоз  гимнастеркасының  омырауы­

на қадайды.

1945  жылдың  мамыр  айы.  Одақтастар 

әскері  жан­жақтан  қоршап,  авиация 

күшімен  күні­түні  бомбаланған  Берлин 

қаласының  сау  тамтығы  қалмаған  кез  еді. 

Ақыры,  жау  жеңілгенін  мойындап,  бітімге 

қол  қояды.  №370  атқыштар  дивизия­

сы Берлин түбінде екі айдай болып, шілде 

айында  елге  оралады.  Қылшылдаған 

қылыштай  жас  солдат  —  атам  Сақбаев 

Тыныштық 1948 жылдың жазына дейін Бе­

ларуссия  астанасы  Минск  қаласы  түбінде 

әскери қызметін атқарады. 

Денесіне  бір  де  бір  жарақат  түсірмеген 

атам  елге  келісімен  «Алматы»  колхозы­

на  жұмысқа  тұрып,  сол  жерде  ұзақ  жыл­

дар  бойы  еңбек  етеді.  Бар  ауыртпалықты 

көтереді.  1947  жылы  атам  апам  Алтынға 

үйленеді.  Үш  ұл  мен  төрт  қызды  аза­

мат  етіп  өсіріп,  олардан  18  немере  мен 

3  шөбере  сүйеді.  Атам  «КСРО  халық 

шаруашылығындағы  жетістіктері  үшін», 

«В.И.  Лениннің  100­жылдық  мерейтойы» 

медалі мен «Еңбек ардагері» белгілерімен 

марапатталған.  1985  жылы  атам  зейнет 

демалысына  шығады.  Ол  әрдайым:  «Біз 

көрген соғысты кейінгі жас ұрпақ, немере­

шөберлерім  көрмесе  екен.  Тәуелсіз  ел 

болған  Қазақстаным  аман  болсын!»—  деп 

тілеп  отыратын.  Өкіншке  орай,  Ұлы  Отан 

соғысының  куәгері  болып,  ерлігімен  елге 

танылған  атам  Ұлы  Жеңістің  65  жылдық 

мерекесін  көре  алмай  кетті.  Тірі  болғанда 

86  жасқа  толып,  қос  қуаныштың  үстінде 

отырған болар едік... 



«казкоммерцбанк» АҚ-ның 

American Express несие  

карталарын сату бөлімінің  

маманы әйгерім БекіБАевА өз 

нағашы атасы туралы әңгімелейді

Менің атаМ

Біздің  ауыл  Нұра  бойында  орналасқан, 

отыздан  аса  үйі  бар  шағын  қазақ  ауылы. 

Өткен ғасырдың 30­60 жылдарының орта­

сына  дейін  «Өркендеу»  колхозы  гүрілдеп, 

өркендеп тұрған еді. 

Ауылдың алдыңғы жағынан алыстағы биік 

қыраттарға  дейін,  көз­көрім  жерін  түгел 

егістік  алқап  алып  жататын.  Алыстағы 

қыраттарды  ауыл  адамдары  «тау»  дейтін, 

арасында «Айна бұлақ», «Тас бұлақ» секілді 

көптеген  суы  мөлдір  бұлақтар  ағатын. 

Бұлақтардың  айналасы,  жаз  бойы  көк­

орай шалғын майса шөптің арасы жидекке 

толатын. Ол жаз ортасынан аса қып­қызыл, 

тәп­тәтті ауызда еритіндей болып пісетін. 

Ауылдың  екінші  жағы  Нұра  өзенінің 

аңғарына  жақын  орналасқан.  Өзен 

аңғарының  енінің  үш­төрт  шақырымдай 

арасына  қалың  тал  өскен,  ойдым­ойдым, 

үлкенді­кішілі  қара  сулары  бар,  шөбі 

шүйгін, ауыл адамдары жеке меншік мал­

дарына қысқа жететіндей шөп шауып дай­

ындайтын алқап болатын. 

Ауыл  облыс  орталығы  —  Қарағанды 

қаласынан небәрі жүз шақырымдай жерде, 

ал  аудан  орталығы  Киевка  поселкасынан 

тоқсан шақырымдай жерде, Нұра өзенінің 

бойында  орналасқан.  «Өркендеу»  колхо­

зы, әсіресе, соғыс жеңіспен аяқталғаннан 

кейінгі  жылдары  дәурендеп,  егіннен 

рекордтық астық жинап, ауыл диқандары 

көктем шыға жаз бойы төк­кен терлерінің 

зейнетін көріп, жоғарғы үкімет наградала­

рына да ие болған адамдар болды. Оның 

ішінде  1948  жылы  ауылдың  еңбеккер 

адамдарының  бірі 

төкенов  қасым 

Социалистік «Еңбек Ері» атағын алды. 

Ал  ауылымыздың  бұған  дейін  даңқын 

шығарған  адам  менің  туған  атам  бола­

тын. 

Атам  —  Дәукіш  Тұрапбекұлы.  Шын  есімі 



Дәуренбек  екен,  бала  кезінде  болар, 

жалқаулау  қазақпыз  ғой,  шұбырытып 

жүрмей­ақ Дәукіш деп атап кеткен, дейтін 

апам.


Менің есімімді атамның өзі қойған, бірінші 

ұл немересі дүниеге келгеніне қуанған ғой. 

Атамның  өзі  ауқатты,  бай  болыпты.  Ата­

бабалары да — би, бай бүтін Нұра бойына 

танымал адамдар болған екен. 

Қазақ  елінде  Совет  үкіметі  орнап, 

байлардың  мал­мүлкін  талан­таражға  са­

лып,  күштеп  тартып  ала  бастаған  кезде, 

атам  өз  малдарын  ауылдағы  көпшілік  ке­

дейлерге  таратып  беріп,  конфискациядан 

аман  қалған.  Бір  жағынан,  біздің  ауыл­

да  жағымпаз  жексұрындар,  көре  алмай­

тындар  болмаған.  Әлде  атам  мал­мүлкін 

таратып  бергеннен  кейін  бірен­саран 

жазғыш,  сол  кезде  үкімет  басына  келген 

большевиктердің жандай­шаптарының ау­

ыздары жабылған ғой. Негізі, біздің ел бір 

қалыпты сабырлы, еңбекқор ел.

Біздің  руымыз  —  Тоқа,  әлде,  қара  Тоқа 

дейді. Қай рудан шыққаныңды, жеті атаңа 

дейін білу — бүтін қазақтың ру­руға бірігіп 

алып,  елдің  берекесін  кетіріп,  топ­топ  бо­

лып,  бір­бірімен  айтысып­тартысуы  емес. 

Қазақтың  жеті  атасына  дейін  білуі  —  одан 

беріде  қыз  алысып,  берісуге  қатал  тиым 

салынуы  кейінгі  ұрпақтың  неше  түрлі  ме­

шел,  кінәратты,  ауру  болуынан  ада  тууы­

на кепілдік болатыны бүгінгі күні медицина 

ғылымымен дәлелденіп отыр.

Ауылда  орыс  Андрей  деген  кісінің  отба­




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет