Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет144/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162
Нұрлан Мұсаев – 1984 жылы маңғыстау облысы, маңғыстау ауданы, Қызан 
ауылында туған. Ш.есенов атындағы Аму-ін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 
бойынша бітірген (2005). еңбек жолын аталған университетте ұйымдастырушылық 
жұмыстан бастап, бүгінде маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік орталықта 
бөлім бастығы қызметін атқарады. 
м.өтемісұлы атындағы республикалық студенттер айтысында (2003), «елбасы 
жолдауы – елдіктің арқауы» тақырыбында Қызылордада өткен республикалық айты-
ста (2005), Қ.Күржіманұлы атындағы облыстық айтыста (2005) бас жүлдені иеленген.
Аалы Тұтқышев – қырғыздың белгілі төкпе ақыны. 1983 жылы талас облы-
сы, манас ауданы, Арал ауылында туған. Бүбісара Бейшеналиева атындағы Қырғыз 
мемлекеттік өнер институтын бітірген (2005). 
Қырғыз елінің белгілі ақындары Әшірәлі Айталиев пен туғанбай Әбдиевтен 
тәлім алған. Амантай Құтманәлиев, Жеңішбек тоқтабеков, елмірбек иманәлиев, 
Азамат Болғанбаев секілді ақындармен айтысқан. 
Аманжол Әлтаев – 1971 жылы Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек 
ауылында туған. Айтысқа 1988 жылдан бері қатысып келеді.
1993 жылы е. Бөкетов атындағы Қму-нің филология факультетін бітірген. 
1993-2000 жылдары осы университетте аға оқытушы, 2000 жылдан бастап 
л.н. гумилев атындағы еұу-нің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында еңбек етіп келеді. 
Филология ғылымдарының докторы, профессор. 70-ке тарта ғылыми мақаланың, 
2 монографияның, 1 оқу құралының авторы. 
«Арқа арулары мен сал серілері» сайысының (Қарағанды, 1990), и. Байзақовтың 
90 жылдығына (Павлодар, 1990), с. сейфуллиннің 100 жылдығына арналған 
(Жезқазған, 1990) республикалық айтыстардың жүлдегері. н. Бекежановтың 100 
жылдығына (Қызылорда, 1990), Қ. мұңайтпасұлының 120 жылдығына (Шымкент, 
1991), Қ. Аманжоловтың 80 жылдығына (Қарағанды, 1992) арналған және ташкент 
қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының (1993) жеңімпазы. 2010 жылы 
Астанада ел тәуелсіздігінің 19 жылдығына арналған айтыстың бас жүлдегері.
Айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосқан өнерпаздардың бірі. Франция, түркия, 
Қытай, моңғолия мемлекеттерінде өнер көрсеткен. «дарын» мемлекеттік жастар 
сыйлығының иегері (1998). «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2005). Жаз-
ба өлеңдері мен айтыстары кітап болып жарық көрген.


381
Айтыс VI том


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет