Абай өзінің қарасөздерін қай жылдан бастап жаза бастады? 1890 жылдан бастап



Дата15.02.2022
өлшемі33,29 Kb.
#25575
Байланысты:
Абайтану тест 2


Абай өзінің қарасөздерін қай жылдан бастап жаза бастады?

1890 жылдан бастап

1891 жылдан бастап

1892 жылдан бастап

1889 жылдан бастап

1888 жылдан бастап
«Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан — шын асыл, тастай көрме». Абайдың қай өлеңінен үзінді?

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап»

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

«Қуаты оттай бұрқырап»

«Өлең—сөздің патшасы, сөз сарасы»
«Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады» дегендегі Абай айтып кеткен екі құмарлықты атаңыз.

жан мен тән құмарлығы

жан мен рух құрмалығы

рух пен тән құмарлығы

сезім мен тән құмарлығы

сезім мен жан құмарлығы
«Абай Құнанбайұлы ұлы ақын, ойшыл ретінде қазақтар үшін зор идеал болды және бола да береді. Ол – халқының шын ұлы...». Пікір иесін атаңыз.

Т.Айтқазин

С.Сейфуллин

М.Әуезов

Қ.Жұмалиев

Х.Сүйіншәлиев
«Пайда ойлама, ар ойла!

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге». Өлең жолдары арқылы Абай қандай басты мәселені қозғайды?



Жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырады

Жастардың мінезін дұрыстау керектігін айтады

Кітап оқу керектігін айтады

Еріншек пен жалқаулық туралы айтады

Мінездегі міндерді жөндеуді үндейді
Абай ұстаз тұтқан орыс ақындарын атаңыз.

А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов

А.С.Пушкин, С.А.Есенин

С.А.Есенин, М.Ю.Лермонтов

И.А.Крылов, С.Е.Есенин

И.А.Крылов, Гете
Қай жылы бүкіл еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады?

1995

1985

2005

1975

2015
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» Абайдың қай жылы жазылған өлеңі?

1882

1883

1986

1985

1984
«Ойында жоқ олардың

Салтыков пен Толстой

Я тілмаш, я адвокат.

Болсам деген бәрінде ой». Берілген өлең жолдары арқылы Абай не айтқысы келеді?



Оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланады

Жастардың тек Батыс әдебиетімен сусындап, Шығыс әдебиетін ұмытқандығын айтып, ызаланады

Жастардың елге адал қызмет жасайтындығын айтады

Жастардың тек билікте отырып, халықты ойламайтындығын айтады

Жастардың білімге құмарлығын сипаттайды
Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.

«Жалау»

«Шегіртке мен құмырсқа»

«Піл мен канден»

«Бақа мен өгіз»

«Евгений Онегин»
Абайдың қай өлеңінен алынған үзінді?

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге,

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге,

Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез

Қанша қызық болады өзіңізге?

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап»

«Қуаты оттай бұрқырап»

«Өлең—сөздің патшасы, сөз сарасы»
Пара беріп, билікке қолы жеткен екіжүзді жемқор болыстың бейнесін ащы да уытты сөздерімен сынай көрсеткен өлеңін белгілеңіз.

«Болыс болдым, мінеки»

«Ғылым таппай мақтанба»

«Түбінде баянды еңбек егін салған»

«Көлеңке басын ұзартып»

«Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Абайдың өзі шығарған ән-өлеңдерінің саны қанша?

20 шақты

30 шақты

35 шақты

40 шақты

25 шақты
М.Әуезов жазған «Абай жолы» роман-эпопеясы дүниежүзі халықтарының неше тіліне аударылды?

116 тілге

120 тілге

105 тілге

101 тілге

110 тілге
Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?

Көкпай

Барлас

Байкөкше

Шөже

Балта
Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар», - деп нешінші қарасөзінде жазды?

29

17

16

4

2
Құбылтудың (троптың) қай түрі?

Сен жаралы жолбарыс ең,

Мен киіктің лағы ем.

Метафора

Метонимия

Эпитет

Теңеу

Ассонанс
Абайдың неше күйі бар?

3

1

2

4

5
Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз?

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

«Атың шықпаса, жер өрте»

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»

«Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»

«Қалауын тапса, қар жанар»
«Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар». Үзінді қай өлеңнен алынған?



«Қуаты оттай бұрқырап»

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап»

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

«Өлең—сөздің патшасы, сөз сарасы»
Алғаш рет Қазан қаласында басылған «Князь бен Зағифа» атты жинақта 1897 жылы жарияланған өлеңі.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Қуаты оттай бұрқырап»



«Әсемпаз болма әрнеге»

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап»

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

«Өлең—сөздің патшасы, сөз сарасы»
Пушкиннің «Евгений Онегинін» Абай қай жылы аударылды?

1889

1886

1880

1883

1885
«Абайдың қарасөздері – ақыл, нақыл, үгіт сөздері, сындар. Абай сырлы әдебиеттің күйсіз түріне, драма түріне еңбек еткен болса, Абайдың қалам қызметі бұдан да мол болатын еді. Әйтсе де, Абайдың қарасөздерін, әлеумет пікірінің ортаға түсетін қара сөзінің де (публицистика) алғашқысы деп ұғынуымыз керек. Өйткені Абайдан бұрын қазақтың таза тілімен мақала, үгіттер жазған адам, сірә, бола қойды ма екен?». Пікір иесін атаңыз.

І.Жансүгіров

С.Сейфуллин

М.Әуезов

Қ.Жұмалиев

Х.Сүйіншәлиев
Қай өлеңнен?

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

«Әбдірахманның әйелі Мағышқа»

«Айттым сәлем, қаламқас»

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Ғұламаның ғақлияларында ең көп қозғалатын тақырып.

адам мәселесі

табиғат

өлең

ішкі сезім

билік
«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек». Нешінші қарасөзінен алынған үзінді?

31

42

18

17

26
«Өлең деген — әр сөздің ұнасымы,

Сөз қосарлық, орайлы жарасымы». Үзінді қай өлеңнен?



«Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол»

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап»

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

«Өлең—сөздің патшасы, сөз сарасы»
Абайдың неше поэмасы бар?

3

4

2

5

1
Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері қай жылдары жазылған?

1886 – 1890

1886 – 1889

1886 – 1888

1886 – 1891

1886 – 1892
Ақын Абай М.Ю.Лермонтовтан қанша шығарма аударған?

27

24

26

28

25
«...Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй» деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?

«Құлақтан кіріп, бойды алар»

«Көзімнің қарасы»

«Бойы бұлғаң»

«Сегіз аяқ»

«Желсіз түнде жарық ай»
«Абай - қазақтың бас ақыны» деген пікірді кім айтқан?

А.Байтұрсынов

М.Дулатов

Ж.Аймауытов

М.Жұмабаев

М.Әуезов
«Ескендір» поэмасындағы ақылшы болған, өзінің әмірші патшасынан сонағұрлым биікте, анық қасиет иесі боп суреттелетін кейіпкерді белгілеңіз.

Аристотель

Ескендір

Хосрау

Бахрамгур

Дарап
Жан-жақты дамыған, рухани жетілген, кемеліне келген адамды Абай өз тілінде қалай атады?

Толық адам

Кемел адам

Парасатты адам

Биік адам

Тұлға
«Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті» деп Абай қандай қасиеттерді ерекше атап көрсетеді?

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, кіршіксіз махаббат

Ыстық қайрат, жан сұлулығы, жылы жүрек

Ыстық махаббат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

Ыстық қайрат, нұрлы сезім, жылы жүрек
Абайдың ең жақсы көретін інісі, адал дос серігі Оспан қай жылы қайтыс болады?

1891

1892

1896

1893

1885
«Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күншуақты асқар биігі» деп Абайға зор баға берген тұлғаны белгілеңіз.

М.Әуезов

М.Дулатов

Ж.Аймауытов

М.Жұмабаев

А.Байтұрсынов
«Түн болғанда әмсе біреуге ертегі айтқызып, я өзі айтып отыратын әдеті бар еді. Біреуге айтқызғанда, бұрын естімеген кісіше, ынтасын сала тыңдап, әбден айтып болған соң, айтушының адасқан жері болса, өзі (түзетіп) айтып береді. Қазақ ертегісінде естімеген, білмеген ертегісі кем шығар. Қазақтың ертегісінен бұрын қай жерлерде жүргені, көршілесі, күндес елдері кім екені, харекеті не екені, елдің арманы, білімінің қандай кезінде шығарылғандығы көрінеді деуші еді». Кімнің естелігінен?

Тұрағұл

Уәсила

Күлбадан

Әкімбай

Райхан
Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?

1890 - 1898

1891 - 1899

1890 - 1899

1892 - 1898

1893 - 1899
Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?

«Әзім әңгімесі»

«Ескендір»

«Еңлік-Кебек»

«Ләйлі-Мәжнүн»

«Масғұт»
«Жайлаған туың жағылмай,

Жасқанып жаудын тығылмай.

Жалын жүрек суынбай,

Жан біткеннен түңілмей,

Жайдарлы жүзің жабылмай,

Жандақтап қашып сабылмай,

Жан біткенге жалынбай,

Жақсы өліпсің, япырмай»,- деген өлең жолдарын Абай кімнің өліміне қабырғасы қайыса отырып арнайды?



Оспан

Әбдірахман

Мағауия

Ақылбай

Күлбадан
Абай дәстүрінің кейінгі поэзияға әсері жөнінде арнайы монография жазып, «Абайдың ақындық дәстүрі» атты еңбек жинақтаған ғалымды белгілеңіз.

А.Нұрқатов

Қ.Мұхамедханұлы

Ы.Мұстамбаев

З.Ахметов

Ә.Жиреншин
Абайдың орыстың атақты ақыны Лермонтовтан аударған ең бірінші аудармасын белгілеңіз.

«Бородино»

«Шегіртке мен құмырсқа»

«Піл мен канден»

«Бақа мен өгіз»

«Евгений Онегин»
«Олар да тірі қалған жоқ,

Тірлік арты өлмек-ті.

Оны да алды бұл өлім,

Сабырлық қылсаң керек-ті»,- деген өлең жолдарын Абай кімнің өліміне қабырғасы қайыса отырып арнайды?



Әбдірахман

Ақылбай

Мағауия

Күлбадан

Оспан
«Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға», «Піл мен қанден» мысалдарды Абай кімнен аударған?

И.А.Крылов

А.С.Пушкин

С.А.Есенин

М.Ю.Лермонтов

Гете

Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз.

«Ескендір»

«Әзім әңгімесі»

«Еңлік-Кебек»

«Ләйлі-Мәжнүн»

«Масғұт»
Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.

«Жаз»

«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»

«Қыс»

«Жазғытұры»

«Күз»
Қай өлеңнен?

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

«Жазғытұры»

«Күз»

«Жаз»

«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»

«Қыс»
Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты?

шалыс ұйқас

қара өлең ұйқасы

аралас ұйқас

шұбыртпалы ұйқас

кезекті ұйқас
 Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды?

18

19

6

33

25


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет