Айтжанова А. Б. Инклюзивті білім берудегі өлшемдік бағалау пәнінен студенттердің Өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемелік нұсқау



бет2/17
Дата12.05.2023
өлшемі490,19 Kb.
#92702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
363283 (1)

К іріспе

Білім берудің қазіргі жағдайында қазақстандық жоғары мектеп жүйесінің алдында тұрған басты мақсат азаматтардың жоғары білім алуға деген сұраныстарын барынша қанағаттандыру, ұсынылатын білім беру қызметінің сапалық деңгейін арттыру, бәсекеге қабілетті әлемдік деңгейдегі мамандар даярлау болып отыр.


Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында білім алу негізінен өз бетінше ізденіске негізделгендіктен, оқыту үдерісі барған сайын шығармашылық сипат алып келеді. Сондықтан бүгінгі күні білім алушының қажетті білім жиынтығын игеріп қана қойуы жеткіліксіз, ол сонымен қоса, өзінің тұлға ретінде дамуының деңгейін көрсететін нақты дағдылар мен шеберліктерді меңгеруі қажет. Бұл жұмыс оқытушыдан ең алдымен өз ісіне деген үлкен жауапкершілікті, үздіксіз ізденісті талап етері сөзсіз. Оқу бағдарламасында қамтылған оқу материалдарын студенттердің өзіндік жұмыстарын сәтті ұйымдастыру арқылы меңгерту үшін, сондай-ақ оларды шығармашылдықпен ойлауға, өз қабілеттерін дамытуға, дүниетанымдарын кеңейту бағытында үнемі жұмыстануға баулу үшін оқытушының қолында білім алушыларға осы мақсатқа жету жолында көмектесетін әдістемелік материалдар мен құралдар барынша мол болуы қажет.
Жоғарыда кредиттік оқыту технологиясы студенттердің өзіндік жұмыстарына негізделетінін көрсеттік. Олай болса, осыдан дәстүрлі оқыту түрінен кредитік оқыту технологиясына көшуде білім алушылардың өздік жұмыстарына басымдылық беру және бұл жұмысты тиімді ұйымдастыру әдістемесін іздестіру қажеттігі туындайды.
Студенттердің өзіндік жұмысын біз білім алушылардың оқытушының берген тапсырмасы бойынша және оның әдістемелік басшылығымен орындайтын, алайда оқытушының тікелей қатысуынсыз жүзеге асыратын жоспарлы жұмысы деп түсінгеніміз жөн. Студенттердің танымдық іс-әрекетінде өздік жұмысының алатын орны айрықша. Өзіндік оқу жұмыстарына қызығушылықты және осындай жұмыстарды орындай білу дағдысын қалыптастыру білім беру ісінің маңызды міндеттерінің бірі болып қалып отыр. Студенттер үшін берген білімді алып қана қоймай, сол білімге өздері, өзіндік ізденістері арқылы қол жеткізу тәсілдеріне үйрену аса маңызды, яғни студенттерді білім алу тәсілдеріне баулу керек. Себебі, бүгінгі өзгермелі, қарқынды дамып келе жатқан заманда «өмір бойынша жетерлік» біліммен қарулану мүмкін емес. Сондықтан оқытушының өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыра отырып көздейтіні – болашақ маманды «өмір бойы оқып-үйренуге», заман талабынан артта қалмай, өз бетінше ізденіс арқылы кәсіби, адами, рухани жетілуге баулу.
Студенттердің өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыруға бағытталған оқу үдерісін ұйымдастырудың мынадай ерекшеліктерін атауға болады:
 оқытудың іс-әрекеттік сипаты;
 оқытудың проблемалық сипаты;
 рефлексия негізінде өз бетінше білім алу принципі;
 жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану.
Оқытушы мен студенттің өзара әрекетінде басты көзделетіні – студенттің оқыту мақсатын өзін-өзі дамыту мақсаты ретінде қабылдауы. Осының нәтижесінде студенттер өз танымдық белсенділіктерін репродуктивтік іс-әрекеттен шығармашылық іс-әрекетке қарай үдемелі дамыту үшін қажетті іс-әрекет тәсілдерін меңгеретін болады.
Оқытушы студенттердің өзіндік жұмыстарын жобалау кезінде студенттерге олардың өз қабілеттерін барынша көрсетуі үшін болашақ мамандығына қажет дағды-шеберліктерді қалыптастыруға ықпал ететін өздік оқу және шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін ұсынуы аса маңызды.
БӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. БӨЖ негізгі міндеті семинарлар мен дәрістерге дайындық. Семинар сабағына тақырыптың негізгі сұрақтары шығарылады. Семинар сабағының теориялық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтарының тақырыптарына арналған әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабақтарының тақырыптарына арналған әдістемелік кеңестерді мұқият зерделеп, семинар сабағының тақырыптық жоспарының сұрақтарына өз бетінше жауаптар дайындаңыз. Әр сұрақты дайындау барысында жауаптың негізгі ережелері мен тезистерін, тұжырымдарын қысқаша, схемалық түрде көрсетіңіз, БӨЖ дәптеріне негізгі ойды қысқа жазыңыз. Аяқталғаннан кейін өзін-өзі тексеру сұрақтары арқылы біліміңізді тексеріңіз. Өз бетінше жұмыс жасау кезінде қиындық тудыратын сұрақтар болса, оларды жазып, оқытушыға қойыңыз.
БӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалуы керек. Дәрістерде өздігінен алынған мәліметтер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.
Алайда, семинар сабағына қойылған сұрақтардың көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студенттің өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша ұзақ мерзімді жұмысы қажет, бұл ОБӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан ОБӨЖ-ге қосымша сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар және т.б. шығарылады, олардың көмегімен тақырыптың мазмұны толығымен ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет