Академ и ясы



бет41/45
Дата14.09.2023
өлшемі6,15 Mb.
#107544
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (pdf.io)

Сабақта өзін-өзі бағалауды қалай жүргізуге болады?
1. Тапсырманы, жаттығуды орындау барысын немесе дұрыс жауабын анықтау кезінде.
2. Тапсырманың орындалуын анықтау кезінде: тапсырманы немесе жаттығуды орындауда сыныптасының немесе педагогтың көмегін басшылыққа алды ма?
3. Оқытылатын тақырып бойынша меңгерілген білік пен дағдыларды анықтау кезінде.
4. Орындалған тапсырманың, жаттығудың деңгейін анықтау кезінде. 5. Орындалған тапсырмаға өзінің қанағаттануын анықтау кезінде.
Өзара бағалау процесі жұпта немесе шағын топта, яғни үштікте жұмыс істеуді білдіреді. Берілген критерийлер бойынша диалогтық талқылау міндетті шарт болып табылады. Өзара бағалауда көшбасшы және жай қатысушы болады. Бұл процесте үлкен топтық немесе жеке жұмыстарға қарағанда белсендендіру, рефлексия және дағдыларды меңгеру әлдеқайда көп болады, өйткені жетекші топтағы жолдасын оқыту немесе бағалау әрқашан кері реакцияны талап етеді. Осы мақсатта педагог өзара бағалау дағдыларын қалыптастыру кезеңдері туралы ойлануы қажет.
Өзара бағалау оқытуға ынталандыруға, жұптың және топтың әрбір мүшесінің іс-әрекетінің нақтылығы мен әділдігін бағалауға, талқылауға, ойлауға және өзара әрекеттесуді ынталандыруға, пайымдауда тәуелсіз болуға, ойлауды дамытуға, нақты әрекеттерге назар аударуға, коммуникацияны қалыптастыруға, өмір сүруге қажетті іскерліктерге ие болуға мүмкіндік береді.
Сабақта өзара бағалауды қалай жүргізуге болады?
1. Тапсырмаларға дайын бағалау критерийлері мен дескрипторларды қолдану.
2. Қойылған сұраққа берілген жауаптың толықтығын бағалау.
3. Жауап дайындау немесе тапсырманы, жаттығуды орындау кезінде жеке немесе қосымша дереккөздерден жаңа идеяларды анықтау және табу.
4. Жауаптың деңгейін анықтау: нақты сұрақтар бойынша тұжырымдалған ба немесе монологтық сөйлеу түрінде дәлелдемемен және өз пікірімен ұсынылған ба?
5. Бағалауда сөйлеу әрекеті мен сұраққа, тапсырмаға қатынасы көріне ме? Сонымен өзін-өзі және өзара бағалау білім алушыда сабақтың тақырыбына
немесе талқылау мәселесіне деген өзіндік ойлауы мен көзқарасын қалыптастырады, себебі бұл тақырып немесе сұрақ күнделікті өмірде және одан әрі кәсіби өмірде көрініс табуы керек. Өз ұстанымын білдіру және командада жұмыс істеу қабілеті бағалаудың осы түрі арқылы қалыптасады, сондықтан әр сабақта осы әдісті қолдану кең ауқымды дағдыларды немесе өмірлік құндылықтарды қалыптастыру үшін маңызды.
- бағалау критерийлерін, бағалау критерийлерінің дескрипторларын және

96
рубрикаторларды пайдалану кезінде білім алушылардың өзіндік оқу процесіне белсенді қатысуынбайқауға болады. Критерий -қойылатын талаптарға сәйкестік белгісі және мінсіз орындалған тапсырманың көрсеткіштерімен (дескрипторлармен) талданады. Дескриптор білім алушының бағалау критерийіне жету деңгейін кезең-кезеңімен егжей-тегжейлі сипаттайды. Дескрипторларды сауатты құрастыру кезінде білім алушы өз жұмысының сапасын дербес бағалайды, оқуда үздік нәтижеге қол жеткізеді, сондай-ақ өз жетістіктерін бағалау бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады. Мысалы, «Натурал сандар және нөл» тақырыбы бойынша «сандық өрнектердің мәндерін табады» бағалау критерийіне екі дескриптор болуы мүмкін: білім алушы амалдардың орындалу тәртібін анықтайды; сандық өрнектің мәнін есептейді.
Осы дескрипторды пайдалана отырып, білім алушы бағалау критерийлеріне жету үшін екі параметрді білу керектігін түсінеді.
Бағалау критерийлері тек сабақ мақсатында берілгенді ғана бағалау керек екенін ұмытуға болмайды, сондықтан білім алушыларға бағалау критерийін сабақ мақсаты сияқты таныстыру қажет. Егер олар өзара байланысты және дұрыс құрастырылған болса, білім алушы сабақтың мазмұнын оңай және өз бетінше түсініп, тақырыпты бекітуге арналған тапсырмаларды орындай алады.
ФБ білім алушылардың нақты міндеттерді немесе сабақтағы әрекеттерді орындаған кезде осы бағалау әдістерін жүйелі түрде қолдануға бағытталған. Әрбір сабақ оқу мақсаттары мен оларға жету критерийлерін білім алушылардың өздері түсіну деңгейінде айту және көрсетуден басталады. Білім алушы формативті бағалау әдістерін пайдалана отырып, оқытудың алға қойған мақсатын түсінеді және оған қол жеткізуге ұмтылады.
3) педагогтің білім алушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуі. Кері байланыс арқылы білім алушы өзінің оқудағы олқылықтарын және алға жылжу үшін нақты ұсынымдарды түсінуге көмектесетін ақпаратты, ал педагог -оқудағы олқылықтарды түсінуге және өз қызметіне өзгерістер енгізуге көмектесетін ақпаратты (жаңа әдістерді таңдау, оқыту техникасы, сабақ уақытын бөлуге өзгерістер енгізу және т.б.) алады. Білім алушыларға жиі және маңызды кері байланыс берілген жағдайда оқу неғұрлым тиімді болады.
Кері байланыс сабақтарда «мұғалім - оқушылар», «оқушы - оқушылар», «мұғалім - оқушы», «оқушы - оқушы» бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Ол ауызша, жазбаша түрде де жүзеге асырылуы мүмкін. Әрбір сабақта формативті бағалаудың осы әдістерін тиімді және дұрыс пайдалану оқытуды да, оқуды да жеңілдетеді. Формативті бағалау әдістерін жүйелі пайдалану кезінде білім алушы оқуына жауапкершілікпен қарайды.

3.3 ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасының бөлімдерін зерделеу аяқталғаннан кейін және оқу тоқсанының соңында білім алушылардың білімді меңгеру деңгейін және дағдыларының қалыптасуын айқындайтын бағалау. Үлгерімді ағымдағы бақылау педагогтерге, білім алушыларға және ата-аналарға



97
белгілі бір кезеңдегі білім алушылардың үлгерімі туралы баллдар мен бағалар қою арқылы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Егер ФБ оқу процесінде білім алушылардың үлгерімін тексерсе, онда ЖБ бөлімді / ортақ тақырыпты (БЖБ) және тоқсанды (ТЖБ) зерделеуді аяқтағаннан кейін білім алушылардың құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған. Бағалаудың екі түрі де сараланған тәсілді ескере отырып, педагогтердің көп деңгейлі тапсырмаларды әзірлеуін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет