Балл
|
Сипаттамасы
|
1 балл
|
оқу тапсырмаларының 10% - на дейін орындады, қателер жіберілді, сабақта енжар, мұғаліммен кері байланыс нәтижесі бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік көрсетпейді, өткен материалды білмейді
|
2 балл
|
оқу тапсырмаларының 20% - на дейін орындады, қателер жіберілді, сабақта енжар, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік
|
98
|
көрсетпейді
|
3 балл
|
оқу тапсырмаларының 30%-на дейін орындады, қателер жіберілді, жіберген қателерін түзетуге тырысады, кейде сабақта белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің / ата-ананың / құрдастарының қолдауына мұқтаж
|
4 балл
|
оқу тапсырмаларының 40%-на дейін орындады, қателер жіберді, қателерді түзету кезінде көмекке мұқтаж, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады
|
5 балл
|
оқу тапсырмаларының 50%-на дейін орындады, 5-ке дейін қате жіберді, мұғалімнің көмегін қажет етеді, сабақта үнемі белсенді бола бермейді, кейде орындалатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады
|
6 балл
|
оқу тапсырмаларының 60%-на дейін орындады, 4-ке дейін қателер жіберді, мұғалімнің көмегіне мұқтаж, сабақта ұқыптылық танытады, қиындығы орташа тапсырмаларды өз бетінше орындай алады
|
7 балл
|
оқу тапсырмаларының 70%-на дейін орындады, 3-ке дейін қате жіберді, қателерді уақытылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады
|
8 балл
|
оқу тапсырмаларының 80%-на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателерін өз бетінше түзетеді, белсенді, тәуелсіз
|
9 балл
|
оқу тапсырмаларының 90%-на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы нақтылық болмады, қателермен жұмыс істейді, белсенді, тәуелсіз
|
10 балл
|
100% оқу тапсырмаларын орындады, қатесіз орындады, белсенді, тәуелсіз, түсіндіре алады, жауаптарын негіздей алады
|
БЖБ үшін ең жоғары балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15 балдан көп емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20 балдан аспайды.
ФБ, БЖБ және ТЖБ балдары электрондық журналдарға қойылады. ФБ нәтижелері қағаз форматта басып шығаруды және сақтауды талап етпейді, ал ағымдағы оқу жылындағы білім алушылардың жазбаша жиынтық жұмыстары мектепте осы оқу жылының соңына дейін сақталады.
✓Қазақ тілі бойынша емтихан қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні және орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша білім алушылардың оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеруін бағалаумақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жыл аяқталған кезде МЖМБС-қа (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі.
✓Емтиханды өткізу уақытын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі айқындайды, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып педагогтер әзірлейді және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.
✓Қорытынды баға «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша емтихан (бес балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (бес балдық шкала бойынша) нәтижелері негізінде 30/70 пайыздық қатынаста қойылады. Қорытынды баға ең жақын бүтінге қарай дөңгелектеледі.
(Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 жылғы №96 бұйрығына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және
99
қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларының 35-тармағы 01.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300032306#z13
Қорытынды аттестаттау
9(10) және 11(12) сыныптарды аяқтағаннан кейін қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы).
Сыртқы бағалау
2022 жылдан бастап республика мектептерінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жүргізілуде.
ББЖБ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
ББЖМ – білім беру ұйымдарынан тәуелсіз 4 және 9-сынып білім алушылары арасында МЖМБС сәйкес білім сапасын жүйелі бақылау.
Мониторинг компьютерлік форматта жүргізіледі және сауаттылықтың үш бағыты бойынша тест тапсырмаларын қамтиды: оқу, математика және жаратылыстану.
Тест тапсырмаларының жалпы саны 4-сыныпта – 30, 9-сыныпта – 75. ББЖМ-2022 қорытындысы бойынша төртінші сынып білім
алушыларының орташа балы 30-дан 20,9 балды немесе тапсырмаларды орындау нәтижесі 70%-ды құрады. Тоғызыншы сынып білім алушыларының нәтижесі 75-тен 47,32 балды немесе 63%-ды құрады. Тестілеудің әрбір бағыты бойынша тапсырмалардың деңгейі неғұрлым күрделі болса, білім алушылардың орындау деңгейінің көрсеткіші соғұрлым төмен болды.
Оқу сауаттылығы. 2022 жылы тестілеудің үш бағытының ішінде оқу сауаттылығы бойынша 4 және 9-сынып білім алушылары 70-72% көрсеткішпен ең табысты нәтиже көрсетті. Тестке қатысушылар мәтінде анық берілген ақпаратты (түйін сөздер, кеңестер) анықтауға арналған тапсырмаларды орындауда жоғары пайызды көрсетті. Сонымен бірге білім алушылар мәтін мазмұны мен оның элементтерін терең түсінуді және түсіндіруді талап ететін тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болды.
Математикалық сауаттылық. Математикалық сауаттылық бойынша қиындық тудыратын тапсырмалар мыналар: математикалық модельдеу, жиындар, геометрия, статистика тапсырмалары. Бастауыш сыныптарда қиындық тудырған тақырыптар орта мектеп деңгейінде де қиындық туғызды. Көрсеткіштері төмен бөлімдер PISA халықаралық зерттеуінде кеңінен ұсынылған. Бұл бөлімдер бойынша білім алушылардың білім сапасындағы сабақтастық олардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді және ББЖМ нәтижелеріне де, халықаралық зерттеулерге де оң әсерін тигізеді.
100
Жаратылыстану сауатылығы. Төртінші сынып оқушылары «Заттың түрлері. Ауа. Су» тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындауда қиналады, бұл биология, химия, физика, география пәндерін меңгерудің негізі болып табылады. Тоғызыншы сынып оқушылары арасында да «Жылу физикасы. Термодинамика негіздері», «Электр және магнетизм. Электростатика негіздері», «Механика. Тербелістер және толқындар» (Физика), «Химиялық тепе-теңдік» (Химия), «Тамақтану» (Биология), «Физикалық география. Атмосфера» және «Картография және географиялық мәліметтер базасы» (география) тақырыптары бойынша төменгі нәтиже көрсеткен.
Аталған пәндер бойынша мұғалімдерге ББЖМ нәтижелерін ескере отырып, аталған бөлімдерді зерттеуге назар аудару ұсынылады.
101
АТАУЛЫ КҮНДЕР
Сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2023-2024 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
Суфизм поэзиясының негізін қалаушы, барлық Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама
1223-1277 жылдары билік құрған, Египетте мамлюк мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының әйгілі ұлы
Ұлы жүздің биі
XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Қазақ жырауы, мемлекет қайраткері
Қазақтың батыры, көрнекті ақыны
Ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор
Алаш жұртының әйгілі перзенті, көрнекті қазақ ақындарының бірі, фольклоршы, ғұлама ғалым
Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы
Қазақ халқының XX ғасыр басындағы аса
102
Достарыңызбен бөлісу: |