Пәннің негізгі міндеті «6В01701 - Тіл мен әдебиеті мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады: ОН - 8. Ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымдап жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім әрекетін меңгереді және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі дамытуда білімін жетілдіруге орынды қолданады. ОН - 10. Тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады. 4. Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері: Студент сабаққа қатысуға міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа қатыспаған жағдайда 0 балл қойылады. Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, жобалық жұмыстар мен тапсырмаларды және т.б.) орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау қажет. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады. Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
Академиялық құндылықтар:Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау. Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар: Оқу әдебиеті: Есембеков Т.У. Көркем мәтінді талдау негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017.
Қадыров Ж.Т., Есембеков Т.О. «Көркем шығарманы талдау мен талқылау жолдары». Оқу-әдістемелік құралы.– Петропавл. – 2016. 147 бет.
Сманов Б. Көркем шығарманы талдау негіздері. – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2016. – 366б.
Рүстемова Ж.А. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ. - Қарағанды: Ақнұр, 2019. - 164 б.
Мұхтарова Ә., Бораш Р. Студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.Оқу құралы. –Алматы; «Үш қиян» баспасы, 2020. -168 бет.
Таңжарыкова А. Көркем мәтінді талдау негіздері» (инфографика, тірек-талдау үлгілері, мақалалар) Оқу құралы. Алматы: «Servise Press», 2016. - 260 б.