Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы



Дата17.10.2023
өлшемі46,99 Kb.
#116928
Байланысты:
305 Әлден Гүлназ сөж


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы











СӨЖ 1
Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер
Орындаған: Әлден Гүлназ(ҚБ.305-топ)
Тексерген: Раева Г


Алматы, 2023
М.Томановтың “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” еңбегінде фузиялық өзгерістерге тоқталып өткен. “Фузиялық өзгешеліктер қазақ тіліне тән дыбыс өзгерістері түбір мен қосымшаның шегінде де байқалады. Дыбыстардың үндесу заңдылығы жалпы түркі тілдеріне тін болса да, оның осы позициядағы көріністері барлық түркі тілдерінде бірөңкей болып келе бермейді. Қазақ тілінде осы позицияда болатын дыбыс өзгерістері, жалпы түркі тілдерін былай қойғанда, қыпшақ тобындағы тілдерде де бірыңғай емес.
Н//д//т. Бұл өзгеріс түбір мен кейбір септік қосымшаларының арасында болады. Фактілерге қарағанда, ілік септіктің алғашқы формасы-н болған. Кейін, көне түркі тілінде және ұйғыр тілінде ол ң-ға айналған да, дауыссызға біткен түбірге жалғанғанда байланыстырушы дауысты – ы пайда болған: -ың. Сонан соң есімдікке негізделген септеудің нәтижесінде –н қосылған: -ның. Оңтүстік-батыс тілдерде дауыссыздарға біткен түбірлерге –ның түрінде, ал дауыстыға біткен түбірлерге ескі күйінде –ың болып жалғанады.
Табыс септіктің қосымшасы көне түркі және ұйғыр тілдерінде –ғ, -г, -ығ, -іг түрінде болса, кейін есімдікке негізделген септеу жүйесімен –ны, -ні болып қалыптасты.
М // б-п. Бұл өзгеріс тек қазақ тілінде ғана емес, башқұрт, түрікмен, тува тілдерінен басқа түркі тілдерінің бәріне дерлік жайылған. Қазақ тілінде түбір мен қосымшаның шегінде бұл өзгеріс, негізінен, мына түрде көрінеді: дауыстылардан соң –м, сонорлардан соң –б, қатаңдардан соң –п. Бірақ кейбір тілдерде бұл заңдылық әр түрлі қалыптасқан. Мысалы, азербайжан тілінде тұйық рай жасайтын қосымша б-дан басталса (оп-бек), болымсыздық аффиксі де б-дан басталады (оп-бе). Сөйтіп түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса да, қосымша ұяңнан басталғаны көрініп тұр. 
Л //д//т. Л дыбысының д, т-ға ауысуы көбінесе мынадай грамматикалық формаларда кездеседі: көптік жалғау –лар, зат есімдік қосымша –лық, сын есімдік –лық, етістік жасайтын қосымша –л. Кейде кейбір сырттан енген сөздер құрамында да осы ауысу байқалады. Барлық түркі тілдеріне ортақ заңдылық: дауыстыдан соң және й, р дыбыстарынан соң –л, сонор және ұяңдардан соң –д, қатаңдардан соң –т. Дегенмен, бірсыпыра түркі тілдерінде сонор дыбыстардан соң да л-дан басталатын қосымшалар жалғанады: азерб. Келинләр, л//д//т дыбыс өзгерісі қазақ тіліне жақын деп есептелетін қарақалпақ, ноғай тілдерінде де сақталмайды” деп жазған
М.Томанов 1988 жылғы «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» еңбегінде: «Түп төркіні тұрғысынан тіліміздегі бірқатар сөздер бірнеше түбірлерге және әр түрлі қосымшаларға бөлінуі мүмкін. Бұл сіңісу құбылысының нәтижесі» деп көрсетеді. Бұны анықтау үшін түбірдің бастапқы сипатын басқа сөздермен салыстырсақ, қосымшаның құрамы арқылы анықталады. Мысалы, ілгері, айт, кет, байла сөздері түбір мен қосымшаның өзара жымдасып, сіңісіп кетуінен пайда болған. М.Томанов, салыстыруы бойынша, айт сөзін қарастырайық. Айт сөзімен мағыналас айқай, айқын сөздерімен салыстырсақ, ортақ түбір ай екеніне көзіміз жетеді. Ал т-түбірмен кірігіп кеткен қосымша болып шығады. Кет сөзінің құранды екенін, кел, кері, кейін сөздерімен салыстыру арқылы анықтауға болады. Алғашқы сөздің соңындағы –т етіс қосымшасы. Байырғы түбір өз дербестігін жоғалтқаннан кейін барып, етіс қосымшалары жалғасып, жымдасып кеткен. Бұл құбылысты Кононов «фузия» десе, Рамстед «сращение» деп атайды.
М.Томанов тілімізде түбірге –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары сіңісіп кеткен сөздер бар деп көрсетеді, олар: алғы, ауызғы, батқы, соққы, ұйытқы, жонғы. 
Мысалы, алғы сөзінде –ғы жұрнағы түбірге сіңісіп кеткен. Өйткені, бұл сөзді ал-түбірі, -ғы жұрнағы деп бөлмейміз. Алғы күйінде айтамыз. Бұл сөздің түбірі – ал, яғни, етістік мағынасында жұмсалып тұр, ал алғы деген сөздің мағынасы қазіргі тілімізде түбірмен бірге айтылады.
Тілімізде –а, -е жұрнақтары әуел баста есім сөзді етістікке айналдыратын өнімді қосымша болғанымен, бірте-бірте самарқауланып, бұрынғы жалғанған сөздердің аясында қалып қойған: аса, деме, ота, өрте. 
Түбірге –а, -е жұрнақтары сіңісіп кеткен сөздердің бір тобы: жүлде, кежеге, топса. Бұл сөздердің құрамындағы бопс, жүлд, топс түбірлері өлі түбірлерге жатады. Сондықтан қазір түбір мен қосымшаға ажыратылмай, бір сөз ретінде қолданылып жүр.
Міне, тілімізде түбір мен қосымша жігінің арасында осындай фузиялық өзгерістер орын алған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет