Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ. д., профессор Қ.Ө. Есенова


Сөз мағынасының түрлері мен ерекшеліктері



бет12/30
Дата18.04.2022
өлшемі123,4 Kb.
#31398
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
Лекция материалы

Сөз мағынасының түрлері мен ерекшеліктері

1. Лексикалық және грамматикалық мағына.

2. Сөздердің көп мағыналылығы. Полисемия.
Қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық мағыналарының типтік топтары төрт негізгі белгіге байланысты қалыптасады: 1. Сөздердің шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы. 2.Сөздердің тарихи шығу тегі. 3.Сөздердің өзара тіркесімділігі. 4. Сөздердің стилистикалық қызметі. Сөздің номинативтік мағынасы сөздің тура мағынасы болып табылады. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы атауыш мағына деп аталады. Сөздің атауыштық мағынасы басқа сөздермен емін-еркін қарым-қатынаста тұрған кезінде де туа береді. Академик В.В. Виноградов сөздің лексикалық мағынасының үш түрін көрсетеді: атауыштық (номинативті) мағына, фразеологиялық байлаулы мағына және синтаксистік шартты мағына. Атауыштық мағына сөздің жеке тұрғандағы немесе еркін тіркес құрамындағы мағынасы, фразеологиялық байлаулы мағына тек тіркес құрамында, ал синтаксистік шартты мағына тек сөйлем ішінде айқындалады.

Әр халықтың ұлттық ерекшелігі оған ғасырлар бойы қызмет етіп келе жатқан тілінен көрінеді. Ұлт тілінде оны өзге тілден оқшаулайтын, басқаша бағаланатын тілдік бірліктер мол. Әр ұлттың танымында ұқсастық пен алшақтық болары сөзсіз. Ұлт ерешелігімен жан-жақты танысу үшін оның тілін зерделеу керек. Таным нәтижелері таңба арқылы белгіленеді. Тілдің көмегімен адамдар өздерін қоршаған дүниеден өзге ерекше дүние қалыптастырады. Оның үстіне, әр түрлі тілде сөйлеуші адамдар дүниені де әр түрлі қабылдайды. Мысалы, қайыңды орыс ұлты бір басқа, ал қазақтар басқаша бір қырынан қабылдайды: «қайыңның безіндей» - қаттылықты білдіреді, ертеде есік алдына немесе терезенің көзіне қайың отырғызбайтын болған, «қайың еккеннің қайғысы көп» деген. Семасеологиялық лингвистиканың когнитивтік лингвистикамен байланысы мәдени константаларды екі немесе үш тілді өзара салыстыра отырып, ұлттық нышандарын айқындайтын, сол елдің болмыс-бітімін, халықтың мінез-құлқы мен тұрмыстық ерекшеліктерін ажыратып көрсететін тілдік ұғымдар мен белгілерді зерттеуде көрінеді. Сөздердің лексикалық мағынасының кеңеюі олардың қолданысы кезінде анық байқалады. Бұл сөздің семантикалық құрлысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, көпмағынаға ие сөздердің тілдегі атқаратын қызметі де соғұрлым күшейе беретінін көрсетеді.

Кейбір сөздердің бір ғана емес, бірнеше мағынасы, қолданыс аясы бар. Қазақ тілінде аға деп өзімен бірге туған жасы үлкен ағасын, әкесінің ағасын, әкесінің інісін, немере, шөбере ағасын, аталас адамды, жасы үлкен кез келген ер адамды атайды.

Кешіріңіз – қаратпа да, кешірім сұрау формасы да болады. Жолың болсын! этикеті тілек мағынасында да, қоштасу мағынасында да жұмсалады. Айналайын – 1) өзінен жасы кіші адаммен қарым-қатынас жасағанда қолданылатын қаратпа сөз қызметін атқарады; 2) коммуниканттардың бірінің аты белгісіз болған жағдайда адам атының орнына қолданылады; 3) риза болғанда айтылады.

Көпмағыналы сөздердің лексика-семантиклық құрылымының парадигмалық көрінісін жасау арқылы олардың семантикалық өрісі анықталады. Қазақ тілдеріндегі көпмағыналы сөздердің семантикалық парадигмасына талдау жасай отырып, олпрдың түрлі мағыналық реңктерін ғана емес, қызметтерін де саралауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет