Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ. д., профессор Қ.Ө. Есенова


Лексикологияның түрлері мен салалары



бет9/30
Дата18.04.2022
өлшемі123,4 Kb.
#31398
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Лекция материалы

4Лексикологияның түрлері мен салалары.

1. Тарихи лексикология.

2. Сипаттамлы лексикология.

3. Салыстырмалы лексикология.


Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестері түрінде қалыптасқан баламаларымен де түсіндіріледі. Осыған орай лексикология ғылымы сөз ұғымымен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологияны да (гр. рһraгis — сөйлемше+logos —ілім) төл объекті ретінде қарастырады. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен ғана емес, мәнімен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология (гр. sетаsіа — мән, мағына +Іоgоs — ілім сөздерінен) ғылымымен тікелей байланысты. Семасиологияның мәні әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағанда айқын байқалады. Мұнда сөздің негізгі, туынды және ауыс мағыналары даму тұрғысынан сараланып талданады. Тіл білімінің лексикология саласында сөздердің мағынасы, оның зерттелуі, фразеология, семасиология, этимология сөздік құрамның тарихи арналары, лексикография сөз болады. Лексикология ғылымы тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологияны да өзінің объектісі ретінде қарастырады. Өйткені шындық болмыстан, заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдар тек жеке сөздермен ғана түсіндірілмей, тұрақты тіркестер түрінде де түсіндіріледі. Мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология ғылымы да лексикологияның нысаны ретінде қарастырылады. Кез келген тілдік бірліктердің екі жағы болатыны белгілі. Бірі – тұлғалық, яғни дыбыстық жағы болса, екіншісі – ішкі мазмұны, мағыналық жағы. Сөз бен оның мағынасы бір-бірімен тығыз байланысты. Мағынасыз сөз, сөзсіз мағына жоқ. Сөздің мағыналық жағын тіл білімінде семасиология деп атайды. Ол сөздің мағынасын, оның түрлерін, құрылымын, даму заңдылықтарын, себептерін сондай-ақ сөз мағынасына анықтама беру тәсілдерін зерттейді. Сондықтан да лексикология семасиология ғылымымен тікелей байланысты. Қазақ лексикологиясының синхрониялық жайы диахрониялық күйімен ұштастыра қарастырылады. Тіл бірліктерінің мағынасын ашуда оның түп төркініне, туыстас тілдер тарихына үңілуге тура келеді. Сондықтан сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты тарихи заңдылықтары қарастырылатын тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу төркінін зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет