Академиялық хаттың негізгі жанрлары



Дата05.06.2023
өлшемі28,5 Kb.
#98949

Академиялық хаттың негізгі жанрлары
Хат жанры ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі. Хат мәтіні-мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Көптеген ғалымдар хатты «Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр.
Эпистолярия грекше (epistole) «хат» деген мағынадан шыққан.Қазақ Совет энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография( грекше жолдау, үндеу) –сан алуан хат түрінде жазылған шығарма.Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады…», деп түсінік береді. Ал, орыс ғалымы Е.М.Виноградова «Функцоналдық және құрылымдық белгілері бар кез-келген тексті эпистолярлық деп атайды.
Рабиға Сыздықова аталған стиль туралы: «Бұл стиль жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері. Әдетте бұл салада зерттелуге тиісті материал кез-келген адамның күнделікті тұрмысқа, үй ішіне, қара басына қатысты жайларды сөз еткен хаттары емес, белгілі қоғам қайраткерлерінің, қалам иелерінің, ғылым-білім өкілдерінің, көбінесе әлеуметтік не өзге де мәні бар мазмұндағы корреспонденциялары болуға тиіс»,-дейді.
Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.
Хaт жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант( хатты жазушы) пен адресаттың ( хат жолдаушы) болуы керек.
Хат жазудың үлгісі:
1.Адресант сәлемдесу түрін анықтауы қажет.(хат жолдаушының жасын, әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын есепке алуы керек.)
2.Жазу барысында:
а) хат жолдаушының өзіне, қызметіне қызығушылық тудыратын тәсілді анықтау.
б) Мазмұнды баяндауды анықтау.
в) Қорытынды жасау.
г) Авторға тілек айту.
д) керек болған жағдайда «P.S» белгілеу (посткритум-хатта үлгермеген хабарлаулар)
е) хаттың безендірілу мәдениетіне көңіл аудару (күні, қолы, сауаттылығы, тазалығы, қағаздың сапасы).Бұл деңгей хат авторын, оның адресатқа деген көзқарасын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет