Түсіндіру – автор не себепті сенеді. Марат оқушылардыжақсыкөреді.
Автордыңдəлелі – көзқарасты дəлелдейтін фактілер, мəліметтер, мысалдар. Автор Мараттың мектепте сабақ бергенінкөрген.
Дəйегі (аргументі) – дəлелдер тұжырымды қаншалықты нақтылайды. Оқушының жетістігі мұғалімге тікелей байланысты.
Жалпы тұжырымды берудің мынадай екі жолы бар:
Таразыланғанкөзқарас:Мұндай жағдайда дəйектің екі жағында автор өз көзқарасын соңғы параграфқа дейін анық білдірмейді.
Сендіру: Бұл дəйектемелік жазылымда автор өз көзқарасын бірден білдіреді, содан кейін өзінің пікірінің дұрыс екеніне оқырманды сендіруге тырысады.
Бұл екі жолдың қайсысын таңдау берілген тапсырмаға, зерттеу сұрағының құрылымына жəне оған автордың жауап беруіне тікелей байланысты.
Негізгі бөлімді жазудың ең басты талабы сыни тұрғыда өзге авторлардың пікірлері мен осы жұмыстың зерттеу нəтижесін талқылау жəне дəйектеу. Автор өз пікірін дəлелдеу үшін өзге авторлардың пікірін жəне көзқарасын беруі керек. Талқылау барысында алдымен өзге автордың пікірін парафраз немесе қорытынды жасау арқылы беріп, оларды тиімді немесе тиімсіз тұрғыдан талдаудың маңызы зор. Бұл автордың өзге авторлардың көзқарасына сыни тұрғыдан қарай алатындығын дəлелдейді.
Негізгі бөлімде кем дегенде екі немесе оданда көп тұжырымдар тиімді жəне тиімсіз жақтан қарастырылып, талқыланады. Бұл тұжырымдардың барлығы материалдарды оқу барысында туындауы мүмкін. Талқылау барысында автор тиімді немесе тиімсіз деген тұжырымның бірін таңдау арқылы соның дұрыс екеніне оқырманын сендіруге тырысуы мүмкін. Бұл автордың көзқарасын (тиімді немесе тиімсіз) өзгелерге білдіру мен түсіндіру үшін беріледі.
Талқылау барысынындағы негізгі ұстаным:
Контексте берілген материалдардың мақсатының құндылықтарын талдау;
Негізгі бөлімді жазып болған соң, зерттеу сұрағына жауап беру үшін жасалған тұжырымдардың қаншалықты деңгейде талқыланғанын анықтау қажет. Жазылған негізгі бөлімді автордың өзі мынадай сауалдар қою арқылы тексере алады: