Академиялық жазылым дегеніміз


дәріс Эссенің негізгі бөлімі



бет22/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
дәріс тезистері 1

6 дәріс
Эссенің негізгі бөлімі
Эссенің стильдік ерекшелігі, прагматикалық сипаты

Негізгі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектер болуы керек, себебі идеяны дәлелдемелер мен мысалдар арқылы нақтылайды. Түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып, тақырып ашылуы қажет. Көтерілген мәселе айқындалып, оның туу себептері көрсетлуі керек.
Кіріспе бөлімнен кейін эссенің тақырыбын талқылайтын, оның зерттеу сұрағына жауап беретін, негізігі тұжырымдар жазылатын, ол əрине - негізгі бөлім. Негізігі бөлім эссенің негізі болғандықтан көлемі жағынан барлық эссенің 80% қамтуы мүмкін. Негізгі бөлімді жазу үшін талқыланып, талданатын тұжырымдарды жоспарлап жəне оны жүйелеп алу қажет. Ол үшін мынадай қарапайым жайттарды жүзеге асыруға тура келеді:

  1. Зерттеу тақырыбына байланысты материалдарды жинақтау;

2. Материалдар ішінен тақырыпқа байланысты мағлұматтарды жазып алу немесе белгілеп қою;
3.Табылған материалдарды тақырыпша бойынша топтастыру;
4.Топтастырылған тақырыпшаларыңызға қарай шағын жоспар құру.
Негізгі бөлім жоспарын құрап алмас бұрын жалпы жазылатын жұмыстың жоспарын құрып алған дұрыс. Ол жазба жұмысының тақырыпқа жəне көлеміне сай жазылуына үлкен əсерін тиігізеді. Негізінен шағын эссенің жоспарының құрылымын былай беруге болады:
І. Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім
А.Бірінші параграфта қозғалатын тұжырым
В. Екінші параграфта қозғалатын тұжырым
ІІІ.Қорытынды
Кейде эссе шағын болатын болса, екі түрлі мəселе немесе тұжырым бір параграфтың құрамында талқылануы мүмкін. Дегенмен, эссе көлеміне қарай əрбір мəселені жеке-жеке кеңінен талқылауға да болады.
Негізгі бөлім параграфтардан тұрады жəне əрбір параграф тақырыпқа байланысты жекелеген ойларды қамтиды. Əдетте, негізгі бөлімді жазу үдерісі мынадай болуы мүмкін:
Негізгі бөлімде қарастырылатын мəселені жоспарлап алғаннан кейін параграфтар жазуға кірісу. Параграфты алдыңғы параграфпен байланыстыруды ұмытпау.

  1. Сөйлемдеріңіздің қандай мазмұнда болатынын ойланып отыру. Идея келесі сөйлемдерде дамытылып, отыруы тиіс.

  2. Аяқталған сөйлемді оқып отыру. Ол граммтикалық стильдік қателердің болмауына үлкен əсерін тигізеді.

  3. Негізігі бөлімді оқып, жоспарымен сəйкес келуін тексеру. Бұл тақырыптан ауытқымай жоспарға сай жұмыс жасалып жатқандығын тексеруге мүмкіндік береді.

  4. Басқа адамға оқытып, талқылату. Ол жұмыстың қателіктері жəне қаншалықты түсінікті, қызықты екені туралы айтып бере алады.

Негізгі бөлімнің құрылымы жазба жұмысының зерттеу сұрағына байланысты. Мəселен, сипаттамалық эссе нысанды, орынды, оқиғаны, үдерісті сипаттау жəне түсіндіру мақсатында құрылады. Аргумент эссе таразыланған көзқарас немесе белгілі бір тұжырымға оқырманды сендіруге бағытталады. Ал, салыстыру жəне қарсы қою эссесі қандайда бір мəселені қарсы қою, салыстыру бағытында жазылады. Жазба жұмысының құрылымына қарай зерттеу сұрағына жауап беріліп, тұжырымдар талқыланады.
Негізгі бөлімнің негізгі мақсаты - зерттеу сұрағына жауап беру үшін талданатын мəселеге, тұжырымға жан-жақты талқылау жасау. Əдетте, академиялық жазылымда талқылаудың маңызы ерекше. Талқылауда екі немесе одан да көп тұжырымды тиімді немесе тиімсіз тұрғыдан талқылай аласыз. Талқылаудың негізі ретінде бір тұжырымды алынып, оқырманға сол тұжырымның тиімді жəне дұрыс екені дəлелденуі мүмкін. Бұл автордың не оқып, не үйренгеніне сүйене отырып пікірін білдіруі. Сондықтан, автор өз аргументін дамытып, мысалдар мен нақты жайттар арқылы дəлелдей отырып, қорытынды жасауы қажет.
Академиялық жазылымда берілген барлық пікірлер дəлелденуі қажет. Тұжырымды немесе пікірді дəлеледеудің құрылымын мынадай қарапайым мысал ретінде көрсетуге болады.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет