Академиялық жазылым дегеніміз



бет28/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
дәріс тезистері 1

КОНСПЕКТ
Конспект (латын тілінен «conspectus», мағынасы - «шолу жасау») - дереккөзден алынған ақпарат қысқаша мазмұндалған// тақырыбы ашылған жазбаша мәтін.
Конспектілеу дегеніміз - түпнұсқадан алынған мәліметтерді рет-ретімен беру. Конспектілеудің негізінде оқығанды немесе естігенді жүйелеу жатыр. Конспектжазу мәнері алғашқы дереккөздің стиліне ұқсас жазылады.
Егер конспект дұрыс құрылса, ол жазылған ақпараттың логикапық және
мағыналық байланысын жоғалтпайды. Оны арада біршама уақыт өтсе де, пайдалануға болады, сонымен қатар сауатты құрылған мәліметтерді оқу қиындық тудырмайтындықтан, жазылған конспектіні басқа біреудің қолдануына да болады.
«Ақылды» конспект кез келген қиын ақпаратты қабылдауға көмектеседі.
Жақсы жасалған жазбалардан әртүрлі сөздің мағыналарын есте сақтау үшін анық бөлінген әрі оларға түсінік берген арнайы терминологияны оңай табуға болады. Конспектіленген мәліметтерді пайдалана отырып, маңызды шығармашылық немесе ғылыми жұмыстарды, әртүрлі рефераттар мен мақалаларды жеңіл жазуға болады.
Конспектінің маңызы
Конспект адамның ақпаратты қысқа мерзімді жадынан өте ұзақ уақыт сақталатын ұзақ мерзімді жадына ауыстыру үшін керек. Біз білім алу үшін оқимыз ғой... Алған білімнің жадымызда ұзақ уақыт сақталуы үшін оны пайымдап қорыта білуіміз қажет. Міне, конспект осыған көмектеседі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, конспект - тақырыпты қысқаша мазмұндау. Тақырыпты қысқаша берудің жолын конспектіден көре аламыз, себебі конспектіде тек негізгі ақпарат қана беріледі. Конспект көлемі жағынан түпнұсқа мәтіннен екі есе аз болуы керек деп есептеледі.
Конспектілеу көмегімен емтиханға дайындалу жеңіл болады. Егер сіздің езіңізге конспект жазуға тура келсе, сіз материалдармен мұқият
жұмыс істейсіз, яғни ақпаратты қорыта отырып, басты ақпараттан қосымша
ақпаратты бөлуді үйренесіз. Сонда конспектілеу дегеніміз қандай да бір
бақылау жұмыстарына немесе емтиханға дайындалу болып табылады
екен, Материалды конспектілегеннен кейін ол сіздің есіңізде ұзақ уақыт
сақталады.
Конспект бойынша материалды қайталау - өте оңай. Тақырыпты есімізге түсірудің ең оңтайлы жолы - ол конспектіні оқу, себебі онда тақырып бойынша негізгі терминдер, тірек сөздер, ең басты қағидалар, ережелер мен нормалар жазылады. Егер сіз конспектіні езіңіз жазсаңыз (дәрісте ұйықтап отырғандықтан немесе сабаққа келмегендіктен,
топтағы студенттен көшіріп алмай), қайталау жеңіл, конспектіні оқи отырып, осы тақырыпқа байланысты оқытушының дәрісін еске түсіресіз. Егер сіз семинарға немесе емтиханға өзіңіз жазған конспект бойынша дайындалсаңыз, ақпарат оңай қорытылады. Мұндай жағдайда сіз өзіңіз жұмыс істеген материалдарды да еске түсіресіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет