Академиялық жазылым дегеніміз



бет30/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
дәріс тезистері 1

Тақырыптық конспект. Ақпаратты бұлайша жазу тәсілінің басқа конспект түрлерінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Оның мәнісі қандай да бір мәселені жазғанда бір ғана дереккөз емес, бірнеше дереккөз қолданылатындығында болып отыр. Конспект тақырыпты ашатын болғандықтан, бірнеше дереккөз негізінде құрылады. Мұндай конспектіні жасау біраз еңбектенуді талап етеді. Тақырыптық конспект берілген
тақырыпты талдауға, қойылған мәселені ашуға және сол мәселені жанжақты оқуға басқаларынан гөрі жақсы көмектеседі. Дегенмен толыққанды конспект жазу үшін қаншама әдебиет қарауға тура келетініне дайын болыңыз, тек сонда ғана сіздің баяндауыңыз тыңдаушының құлағына жетеді.
Еркін конспект. Мұнда конспектінің бірнеше түрі аралас болады. Еркін конспект материалдармен жұмыс істеудің бірден бірнеше тәсілін пайдаланатындарға арналған. Онда үзінділер, дәйексөздер, жоспар, көптеген тезис түрлері жазылуы мүмкін. Сіздің өз ойыңызды қысқа әрі нұсқа бере білу, жоспармен, автордың дәйексөздерімен жұмыс істеу
дағдыларыңыз қажет болады. Ақпараттарды осылайша жазу жан-жақты әрі толық қамтылған мәлімет беру деп есептеледі.
Конспектілеу техникасы
Материалды аяғына дейін оқып шығу қажет, мәтіннің ерекшеліктерін, оның сипатын, таныс емес терминдерді беліп көрсету керек. Мәтінді тағы бір рет оқып шығып, мұқиятталдау жасау қажет. Материалмен осылайша жұмыс істеу басты мәселеден қосымша ақпаратты ажырата білуге, оларды рет-ретімен жазуға үйретеді.
Мәтіннің негізгі ойын бөліп көрсету тезис деп аталады. Оны дәйексөздермен (егер автордың ойын беру қажет болған жағдайда) немесе өзіңіздің жеке тәсіліңізбен жазуға болады.
Тез конспектілеуге (осылайша оқытушының айтқанына үлгеруге
болады) мына тәсілдер көмектеседі:
• қарастырылатын басты мәселені беле білу;
• ақпаратты сызба, кесте, тезис түрінде бере білу;
• қысқартулар жүйесі;
• «өрнектеп» жазудан бастарту (мысалы, «каллиграфиялық» жазудан).
Конспектілеу алгоритмі
• Материалға көз жүгірте қарап, онда не жазылғандығын түсіну. Мысалы, кейбір оқулықтарда материалдың жоспары мен негізгі терминдері бар глоссарий, сызба т.б. болады. Бұл сіздің міндетіңізді айтарлықтай жеңілдетеді.
• Негізгі мәселеден қосымша мәселені ажырата отырып, мәтінді оқу және оған талдау жасай алу керек. Ақпарат белгіл і бір тәртіпте орналасқан бөліктерге бөлінеді.
• Мәтінде (тезисте) жазылған негізгі ойды бөле білу.
• Конспектілеу техникасын ескере отырып, конспектілеуді бастау.
Материалды конспектілеу кезінде темендегідей негізгі ережелерді есте ұстаған
жөн:
Конспектіде міндетті түрде жекелеген беліктері бөлініп көрсетіледі.
Тақырыптарды, тақырыпшаларды, тұжырымдарды бөлу қажет, бір тақырыптан екінші тақырыпты жеке қою қажет. Бөлуді басқа түспен сызу арқыльі көрсетуге болады (тек мәтінді алабажақ суретке айналдыруға болмайды). Абзацтар мен жоспардыңтармақтарын, бір ойдан екінші ойды бөлу үшін бос орын қалдыру, нөмірлеуді белгілеу үшін шегіністер (отступ) жасау ұсынылады. Егер мәтіндегі анықтамаларды, формулаларды,
ережелер мен заңдарды ерекшелеп керсету үшін оларды қоршап қоюға
болады.
Жазбаларды қабылданған шартты таңбаларды қолдану арқылы жүргізуге болады. Материалды конспектілеп отырып, әртүрлі таңбаларды, қысқартуларды қолдану міндетті түрде қажет. Мұндай таңбалар көрсетуші немесе бағыттаушы белгілер, сұрақ белгісі мен леп белгісі, PS (постскриптум, кейін жазылатын сөздер немесе мәтін) белгісі және NB
(назар аударыңыз) белгісі болуы мүмкін. Мысалы, «демек, сондықтан» сездерін => математикалық таңбасымен белгілей аласыз. Өзіңіздің жеке таңбалық қорыңыз қалыптасқан кезде материалды конспектілеу тіпті оңайға түседі, кейін оны оқу тез әрі жеңіл болады. Сөздерді жазғанда қысқарта беру кейін оны оқыған кезде сізге қиындық келтірмеуі тиіс екенін есіңізден шығармаңыз. Не жазғаныңызды түсінбей, таңбалардың
мағынасын ашуға уақыт жоғалтпас үшін қалыптасқан қысқартуларды қолданыңыз. Дұрысы, жеке өзіңіздің қысқартулар жүйесін әзірлеңіз және ол қысқартуларды барлықжазбаларыңызда сол сөздерге қатысты бірдей қолданыңыз. Мысалы, үлкен әріппен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет