7. Практикалық (семинарлық) сабақтар / Содержание практических (семинарских) занятий Тақырып 1. Академиялық жазу туралы түсінік. Академиялық жазу мен академиялық емес жазу арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер.
Тапсырма:Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Академиялық жазу туралы не білесіз?
2.Академиялық емес жазу дегеніміз не?
3.Академиялық жазу мен академиялық емес жазу арасындағы айырмашылық қандай?
4.Академиялық жаздың қандай ерекшеліктерін білесіз?
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): Ұсынылған әдебиеттерді қарастырыңыз; өзіңізге қажеттісін сұрыптап алып, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап беріп, конспект жазыңыз, талдау жасаңыз.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].
Тақырып 2. Ғылыми стиль. Академиялық мәтіннің тілі.
Тапсырма:Мәтіндердің қандай стильде жазылғанын анықтаңыз. Басты белгілерін ажыратыңыз.
Қазіргі күнгі экологиялық проблемалардың бірі - қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза су болуы керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары - күкірт диоксиді мен азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын қар мен жаңбыр қышқылданады. Қышқыл жаңбыр деген түсінік осыдан 120 жылдан аса уақыт бұрын қолданыла бастаған, бұл сөзді ең алғаш рет Британ зерттеушісі Роберт Смит 1872 жылы ендіріпті.
Өкінішке орай, біздің республикамызда жаңбыр құрамын зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстар жоқ. ХХ ғасырдың бас кезінен бастап көптеген елдерде ( Скандинавия, АҚШ, Солтүстік Европа, Жапония) жауған жаңбырладың құрамында көп мөлшерде қышқылдар бар екендігі байқалған. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауада түзеді. Мәселен, 1 млн. тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп оттегімен тотығып, әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп, жер бетіндегі тіршілікке қауіпті зиян келтіре бастайды. Зиянды заттарға азот оксиді де жатады. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар жинақталады. Атмосфераға азот қышқылының 95 пайызы көмір пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40 пайызы - автокөлік, 30 пайызы - электростанциялар, 20 пайызы өндіріс орындарындағы қазба отындардың үлесіне тиеді. Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, жауын құрамында жер бетіне түседі.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): Ұсынылған әдебиеттерді қарастырыңыз; өзіңізге қажеттісін сұрыптап алып, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап беріп, конспект жазыңыз.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].