Академиялық жазу және ғылыми зерттеулер негіздері 2022-2023 оқу жылы Студенттерге арналған пән силлабусы



бет2/21
Дата17.09.2022
өлшемі350,73 Kb.
#39352
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
акад жазу силлабус 2022-2023

2. Пәннің қысқаша мазмұны: / Краткое описание дисциплины:
Мақсаты / Цель
Курстың мақсаты – ғылыми зерттеулерді дайындау бойынша әдіснамалық және теориялық білім жүйесін тереңдету және ұғыну, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру тәсілдері мен академиялық жазудың ерекшеліктері, өлшемдері, концепциялары туралы іргелі білім негізінде зерттеу құзыреттілігін дамыту.
Міндеттері: / Задачи:
1) зерттелетін мәселе шеңберінде негізгі теориялық мектептер мен тұжырымдамаларды, әдіснаманы, зерттеудің жалпы әдістерін, қазіргі ғылыми түсініктерді көрсету;
2) ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру үшін теориялық-әдіснамалық білімді түсіндіру;
3) өзінің ғылыми мүдделері саласында ғылыми зерттеулердің категориялық аппараты мен әдістерін пайдалану;
4) өзінің ғылыми мүдделері саласындағы неғұрлым маңызды проблемаларды бөлу;
5) диплом жұмысын сәтті жазу үшін әр түрлі көздерден (статистикалық деректер, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, тарихи құжаттар) ақпаратты синтездеу;
6) ғылыми зерттеулерді дайындау қызметінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
7) іргелі және қолданбалы пәндерді пайдалана отырып, білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
8) зерттеу қызметін ұйымдастыру және оның нәтижелерін ғылыми мақалалар мен дипломдық жұмыс түрінде ресімдеу кезінде логикалық заңдарды, халықаралық ережелер мен стандарттарды қолдану;
9) қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар негізінде әлемдік үрдістерге сәйкес ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.
Компетенции / Компетенции
Пәнді оқу барысында ақпараттық, ғылыми, коммуникативтік т.б. құзіреттіліктер қалыптасады.
Оқыту нәтижелері / Результаты обучения
Пәнді оқу нәтижесінде студент:
- ғылыми-кәсіби мәтіндердің, атап айтқанда, аңдатпаның, конспектінің, рефераттың, дербес ғылыми шығарманың (мақаланың), диплом жұмысының, оқулықтың, оқу-әдістемелік құралдың құрылымы мен пішімін
білуі керек;

  • зерттеу қызметін ұйымдастыру және оның нәтижелерін ғылыми мақалалар мен дипломдық жұмыс түрінде ресімдеу кезінде логикалық заңдарды, халықаралық ережелер мен стандарттарды қолдануды;

  • қазіргі замандағы ақпараттық кеңістікте мәтіндерді аналитикалық өңдеудің мақсаттары мен міндеттерін;

  • аннотацияның, рефераттың, талдамалық шолу, ғылыми хабарламаның жанрлық-стилистикалық сипаттамаларын;

  • реферат пен аннотацияны коммуникативтік ұйымдастыру қағидаларын;

  • пікір жазу ережелері;

меңгеруі тиіс:
- академиялық жазу теориясы мен практикасын;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуді;
- ғылыми және оқу әдебиетін кәсіби тұрғыда оқып-үйрену дағдыларын ;
- ауызша таныстырылым ережелерін, атап айтқанда, таңдалған тақырып бойынша
өзінің ғылыми жобасын таныстыра білуі тиіс;
- мәтінді коммуникативтік талдау әдістемесін;
- аннотация және реферат жанрларын.
ғылыми -танымал және ғылыми-техникалық мәтіндерге стилистикалық талдау жүргізуге ;
- кәсіби ақпарат саласындағы мәтіннің стилистикалық және жанрлық тиістілігін анықтауға;
- мәтіннің семантикалық талдауын жүргізу және оның кілт сөздерін анықтай білуге;
- сөйлеу мәнерлілігі құралдарын анықтауға;
- мәтін мазмұнын аннотация, реферат, шолу түрінде жеткізуге;
- қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар негізінде әлемдік үрдістерге сәйкес ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға дағдыланады.
Кәсіби және өзге қызметті жүзеге асыру үшін педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық, цифрлық технологияларды таңдау және қолдану
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес «Академиялық жазу және ғылыми зерттеу негіздері» пәнін оқытудағы оқу қызметін жоспарлау және құрастыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет