Академиялық жазу


Кестелер мен суреттердің рәсімделуіне мысал келтіріңіз



бет35/39
Дата26.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#144266
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Академиялы жазу

Кестелер мен суреттердің рәсімделуіне мысал келтіріңіз.



Кестелер көрнекілік және көрсеткіштерді салыстырудың қолайлылығы үшін қолданылады. Кестелердің тақырыптары қысқа және кесте мазмұнын толық көрсететін болулары тиіс. Кестенің атауы кестенің үстінде «1-кесте» деген сөздерден кейін келесі жолда азат жол басындағы бос жерден бастап орналасуы тиіс. Кестенің реттік нөмірі № белгісінсіз көрсетіледі. Кестелер мен графикалық материалдарды рәсімдеу З қосымшада көрсетілген. Кестелерді дипломдық жұмыс бойынша оның басынан аяғына дейін нөмірлеуге болады. Жеке тарау шегінде нөмірлеуге де болады, бұл орайда шифр тарау, параграф нөмірлерінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады. Кестені ол туралы алғаш сөз болатын мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру қажет. Дипломдық жұмыста (жобада) барлық кестелерге сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме беру кезінде «кестені» оның нөмірін көрсете отырып жазу қажет.

Жолдарының саны көп кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кестенің бір бөлігін басқа параққа (бетке) көшіру кезінде «кесте» сөзі және оның нөмірі кестенің бірінші бөлімінің үстіңгі сол жақ бұрышында бір рет көрсетіледі, басқа бөліктерінің үстіне кестенің нөмірі көрсетіледі және «жалғасы» сөзі жазылады, мысалы: «1-кестенің жалғасы». Кестені екінші параққа (бетке) көшіру кезінде тақырып тек оның бірінші бөлімінің үстіңгі жағында ғана орналастырылады. Кестенің бір бөлігін көшіру кезінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызықты жүргізбейді. Бағаналарының саны көп кестені қосымшаға шығарған мақсатқа сай болады. Егер кестеде орналастырылған параметрлердің барлығы бір шамамен берілген болса, осы өлшем бірлігінің қысқартылған белгіленуі кестенің үстіңгі жағына орналастырылады.

Кестелерден басқа, барлық өзге суретті бейнелерді (сызбаларды, суреттерді, диаграммаларды) мәтінде суреттер деп атау қажет.
 Суретті бейнелерді (сызбаларды, карталарды, графиктерді, диаграммаларды, фотосуреттерді) дипломдық жұмыста (жобада) тікелей олар туралы алғаш сөз болатын 15 мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру қажет. Барлық суретті бейнелерге дипломдық жұмыста сілтемелер берілуі тиіс. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) сызбалар, графиктер, диаграммалар, суретті бейнелер Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай болулары тиіс. Қосымшалардың суретті бейнелерінен басқа суретті бейнелер араб сандарымен бүкіл мәтін бойынша өтетін нөмірлену арқылы нөмірленуі тиіс. Егер сурет біреу болса, ол «1-сурет» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі мен оның атауы жолдың ортасына орналастырылады. Суреттік бейнелерді бір бөлім шегінде нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда суретті бейненің нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен суреттік бейненің реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: 1.1-сурет. Қажет болған жағдайда, суретті бейнелердің атаулары және түсіндірмелік мәліметтері (сурет асты мәтіні) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсіндірмелік мәліметтерден кейін және былайша орналастырылады: 3-сурет. Ішкі аудит құрылымы. Суреттік бейнелердің рәсімделу үлгісін З қосымшадан қараңыз. Суреттік бейнелерге сілтемелер жасағанда, тұтас мәтін арқылы өтетін нөмірлену кезінде «2-суретке сәйкес» деп және бөлім шегінде нөмірленетін кезде «1.2-суретке сәйкес» деп жазу қажет. Диаграммалар көрнекі және анық болулары тиіс. Бет жиектеріне түсіндірмелік жазбалар жазуға тыйым салынады, оларды мәтінде немесе диаграмманың астына орналастыру қажет. Дипломдық жұмысты жазу кезінде диаграммалар мен графиктерді көрнекілік мақсатында түрлі-түсті етіп жасауға рұқсат беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет