Академиялық жазу



бет37/39
Дата26.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#144266
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Академиялы жазу

Қорытынды
Мамандығым мен болашағым.


Мұғалім туралы өз ойымды: «мектептің жақсы болмағы, шәкірттің білімді болмағы, болашақта сол алған білімін өмірде өзіне және қоғам игілігіне жұмсай алатын азамат болып шығуы тікелей ұстазына байланысты,- деп бастағанды жөн көрдімӘр адам бала шағында «өскенде кім боласың» дегенді сұрақты естіп өскені анық. Сол сияқты менің де бұл сұраққа жауабым анық еді. «Мен өскенде мұғалім боламын». Неге мұғалім? Мен мұғалімдікті ұнатқандықтан, кез келген адамға айтар жауабым осы болды. Мұғалім болу аса жауапкершілікті, ізденімпаздықты қажет ететін мамандық. Мұғалімнің әр оқушының алдында атқаратын маңызды міндеттері көп. Оқушының алдында тұрған жаннан оқушылар тәрбие алады. Тәрбие беру, баларды жақсы болуға үйрету мұғалімнің басты міндеті болып саналады. Мұғалім мамандығына қызығушылығымды менің сынып жетекшім ашқан болатын. Сол кісіге қарап, мен де өзімді сол кісідей елестетінмін. Мектеп бітірген уақытымда мен үшін мамандық таңдау қиын болмады. Себебі менде бір ғана «физика пәнінің мұғалімі» деген нұсқа тұрды. Бұл мамандықты біреудің ырқымен емес, өз қызығушылығыммен таңдағаныма қуанамын. Халқымызда «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Жар таңдаудан және мамандық таңдаудан» деген сөз бар. Мен мамандық таңдаудан қателеспегенмі сенімдімін. Себебі, маған өз мамандығым ұнайды. Мен ұстазбын. Мен мұны мақтанышпен айта аламын. Мұғалім мамандығы ең көне және киелі мамандық. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ұстаздың алдынан өтеді. Осы саналы ғұмырында адам баласы өмірге керекті адами асыл қасиеттерді ұстаздың бойынан іздейді. Менің мамандығым – менің болашағым, менің елімнің болашағы. Мұғалімдік -ол жай ғана мамандық иесі емес, ол –адал, әділетті , өз бойына бар жақсылықты жиған, өз білгенін басқаға сарқып беретін мейірімді жан. Ұстаздың алдында үлкен де, кіші де шәкірт болып қала бермек.



24. Мәтін ішіндегі сілтеменің рәсімделуіне мысал келтіріңіз.


Сілтемелер тұтастай құжатқа немесе олардың тарауларына және қосымшаларына жасалады.

Стандарттар мен техникалық жағдайларға сілтемелерді жасау барысында тек қана олардың белгіленуі көрсетіледі, егер пайдаланған әдебиеттің тізімінде стандарттың толық сипаттамасы болса, оларды бекіту жылын көрсету қажет емес.


Пайдаланған әдебиеттерге мәтіндегі сілтемелер квадрат жақшаға алынады. Мысалы, [2, 17 б.].


Газеттерден ақпаратты пайдалану барысында квадрат жақшаларда тек қана әдебиеттің нөмірін көрсетуге болады, мысалы, [7].






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет