Академиялық саясат


АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ РЕСУРСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата22.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#51706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
1.3.
АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ РЕСУРСТАРЫ 
 
Академиялық саясат ережелер мен қағидалар жиынтығы ретінде университеттің білім 
беру қызметінің өзара байланысты және бір-бірімен ықпалдас үдерістерін сапалы түрде 
іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мамандарды жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім 
берудің
(бакалавриат, магистратура, PhD докторантура, екінші жоғары білім)
деңгейлік бағдарламалары мен кредиттік технологиясы бойынша даярлауды жүзеге 
асырады. Оның басты міндеті білім алушының – оқу үдерісі ережелері шеңберінде білім 
көлемін кредит түрінде есепке ала отырып, білім беру траекториясын таңдау және соның 
негізінде өзін-өзі ұйымдастыра алуы, өздігінен білім алу қабілеттерін дамытуы.
Білім беру бағдармаларын жүзеге асыру үдерістері мен тәртібі біліктілік 
талаптарының деңгейлеріне сәйкес жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік 



беретін сапалы орта қалыптастыратын, ішкі және сыртқы қорлар (ресурстардың) жүйесі 
арқылы қамтамасыз етіледі.
Ішкі және сыртқы қор білім беру қызметі субъектілерінің: білім алушы-оқытушы
бағдарламаның үйлестірушісі – жұмыс беруші, тапсырыс беруші, басқа да мүдделі 
тұлғалардың өзара байланысқа, өзара іс-қимыл сияқты белгілі бір қарым-қатынас жүйесіне 
негізделген орта қалыптастырады. 
Білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың ішкі қорына мыналар жатады:
ОПҚ-ның кадрлық қоры; инфрақұрылым, білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие 
қызметінің өзара байланыс және өзара іс-қимыл жүйесі; оқу үдерісінде білім беру 
бағдарламаларын жоспарлау тәртібі және оны жүзеге асыру; оқыту нәтижелерін бағалау 
саясаты; көрсеткіштерді өлшеу негізінде оқыту нәтижелерінің сапасын бағалау тәртібі; 
сапаны ішкі бақылау тәртібі; барлық процедураларды ақпараттық-технологиялық жолмен 
қолдау.
Ішкі қор университеттің білім беру қызметінің ережелерін жасап шығуға мүмкіндік 
береді: Дублин дескрипторлары негізінде жасалған күтілетін нәтижелер жүйесінің 
біліктілік талаптарын білім беру бағдарламаларының заманауи мазмұны қамтамасыз етеді, 
оларды жоспарлап жүзеге асыру білім беру үдерісін ұйымдастырудың әдіснамасымен 
қамтамасыз етіледі, заманның технологиялық және әдістемелік басымдықтарына 
негізделген, сонымен қатар қол жеткен нәтижелерді бақылау әдіснамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет