Академиялық саясат


  КУРСТАН  КУРСҚА  АУЫСТЫРУ,  ҚАЙТА  ЖӘНЕ  ҚОСЫМША



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата10.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#25130
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
Академиялық саясат

1.22. 

КУРСТАН  КУРСҚА  АУЫСТЫРУ,  ҚАЙТА  ЖӘНЕ  ҚОСЫМША 

ОҚЫТУ 

 

1.22.1. 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушыларының курстан курсқа ауыстыру 

оқу  жоспарының  талаптарын  толық  орындаған,  қажетті  кредит  көлемін  меңгерген  және 

белгіленген  GPA  өту  балын  жинаған  жағдайда  Басқарма  төрағасы  –  ректорының 

бұйрығымен жүзеге асырылады. 

1.22.2. 

Жұмыс  оқу  жоспарының  талаптарын  орындамаған  және  белгіленген  GPA  

балды жинай алмаған білім алушылар ақылы негізде қайтадан курсында қалады. 

1.22.3. 


Академиялық  қарызы  болса  келесі  оқу  жылына  ауыстырылмайды.  Барлық 

академиялық  қарыздар  25  тамызға  дейін  жойылып  сәйкесінше  құжаттар  факультет 

деканатына көрсетілуі тиіс.  

1.22.4. 


Факультет деканаты білім алушыға күнтізбелік жылдың 3 қаңтарына дейін 

күзгі  семестрдің  және  30  мамырға  дейін  көктемгі  семестрдің  қорытындысы  бойынша  

академиялық қарызды жою туралы хабарландыру хат жолдайды.  

1.22.5. 


Ағымдағы  академиялық  қарызды  күнтізбелік  жылдың  25  тамызына  дейін 

жоймаған  білім  алушылар  екінші  оқу  жылына  ақылы  негізде  қалады  және  төмендегі 

курспен оқу бағдарламасының оқу жоспарына ауысады. 

1.22.6.   

әл-Фараби атындағы  

ҚазҰУ  білім  алушылары  қайтадан  немесе 

қосымша оқуға тіркеледі: 

– 

академиялық  қарыз  пәндері  болған  жағдайда-аралық  аттестаттау  қорытындысы 



бойынша (емтихан сессиялары) «қанағаттанарлықсыз» бағасы бар пәндер; 

басқа жоғары оқу орындарынан немесе басқа білім беру бағдарламаларынан ауысу 



кезінде  академиялық  айырмашылық  пәндері  болған  жағдайда,  оқудан  шығарылғаннан 


38 

 

кейін білім алушылар контингентіне қайта қабылданғанда, ұзақ шетелдік іссапардан немесе 



академиялық демалыстан кейін; 

GPA үлгерімінің орташа балын арттыру үшін; 



оқу жоспарынан тыс пәндер бойынша қосымша білім мен дағдыларды алу үшін. 

1.22.7. 

Қайта  немесе  қосымша  оқыту  мемлекеттік  бюджет  қаражаты  есебінен 

қаржыландырылатын  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  академиялық 

демалыстан немесе ұзақ шетелдік іссапардан қайтып оралуына байланысты пайда болған 

академиялық айырмашылық пәндерін жоюды қоспағанда, білім беру қызметтерін ақылы 

көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.  

1.22.8. 

Академиялық берешекті жою мақсатында қайта оқытуды факультет деканаты 

және оқу үдерісін жоспарлау және қолдау көрсету Басқармасы тиісті бұйрық негізінде және 

"УНИВЕР" жүйесі арқылы электронды түрде білім алушыларға берілетін қайта оқуға өтінім 

бекітілгеннен кейін ақылы білім беру қызметін көрсету шартына сәйкес оқу ақысын төлеу 

фактісі бойынша ұйымдастырады. 

1.22.9. 

Білім  алушылар  1.22.2,  1.22.5  пп.  көрсетілген,  ақылы  білім  беру  қызметін 

көрсету шартын белгіленген мерзімде (ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін) жасамаған, 

академиялық саясатты бұзғаны үшін оқудан шығарылады. 

1.22.10. 

Білім алушылар негізгі және жазғы семестрлерде қайта немесе қосымша оқуға 

тіркеледі,  бұл  ретте  білім  алушыларға  бір  семестрде  ағымдағы  оқу  семестрінің  негізгі 

кредиттік жүктемесін есепке ала отырып, қайта немесе қосымша оқытудың 2-3 оқу пәніне 

тіркелуге рұқсат етіледі.  

1.22.11. 

Жазғы  семестрде  2-3  оқу  пәнінен  артық  тіркеуге  рұқсат  етілмейді  (15 

кредитке дейін). 

1.22.12. 

Ағымдағы  оқу  жылы  ішінде  жойылмаған,  жазғы  семестрді  қоса  алғанда, 

жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық одан әрі академиялық қарыз 

ретінде ескеріледі және білім алушының ақылы негізде қайта оқу курсына ауыстыру үшін 

негіз болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет