Академиялық саясат


  БІЛІМ  АЛУШЫЛАРДЫҢ  КОНТИНГЕНТІНЕ  АУЫСТЫРУ  ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет36/45
Дата10.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#25130
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
Академиялық саясат

1.23. 

БІЛІМ  АЛУШЫЛАРДЫҢ  КОНТИНГЕНТІНЕ  АУЫСТЫРУ  ЖӘНЕ 

ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ 

 

1.23.1. 



Білім  алушыларды  бір  оқу  бағдарламасынан  екіншісіне,  бір  оқу  тобынан 

екіншісіне, бір тілдік бөлімнен екіншісіне, бір университеттен екіншісіне ауыстыру және 

қайта қабылдау жазғы демалыс кезінде - күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін, қысқы 

демалыс кезінде - күнтізбелік жылдың 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.  

1.23.2. 

Білім алушы қайта қабылдау кезінде оқудан шығару мерзіміне қарамастан кез 

келген жоғары оқу орнына ауыстырылады немесе қайта қабылданады 

1.23.3. 


Білім  алушының  жеке  оқу  жоспарына  сәйкес  игерілетін  бағдарламаның 

бірінші  академиялық  кезеңін  аяқтауы  ауыстырудың  міндетті  шарты  болып  табылады. 

Бірінші семестрдің пәндері бойынша бір немесе одан да көп "қанағаттанарлықсыз" бағасы 

бар адамдар ауыстыруға және қайта қабылдауға жатпайды. 

1.23.4. 

Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  негізінде  оқитын  студенттер, 

магистранттар  мен  докторанттарды  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  университет 

мәртебесі  жоқ  жоғары  оқу  орындарынан  әл-Фараби    атындағы  ҚазҰУ-ға  ауысу  кезінде 

білім  алушылар  білім  гранты  құнындағы  айырмашылық  үшін  қосымша  ақы  төлейді.  Ол 

үшін  басқа  университеттен  ауысқан  білім  алушы  университеттің  Қаржы-экономикалық 

бөлімімен тиісті келісімге отырады 

1.23.5. 


ҚазҰУ-ға  ауысу  үшін  студенттің  65  балдан  кем  емес  ҰБТ  немесе  КТ 

сертификаты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгіленген  ауыстыру  балынан төмен 

болмайтын GPA үлгерімінің орташа балы болуы тиіс.  

1.23.6. 


Білім алушыны шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білім беру 

бағдарламалары  топтарынан  білім  беру  бағдарламаларының  басқа  топтарына  ауыстыру 




39 

 

білім  беру  мекемелеріне  оқуға  қабылдаудың  үлгі  ережесіне  сәйкес  белгіленген  шекті 



балдан төмен емес балмен ҰБТ сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылады. 

1.23.7. 


Шығармашылық дайындықты талап ететін, түсу шығармашылық емтиханы 

қарастырылған  жоғары  білім  беру  бағдарламаларының  топтары  үшін  ҰБТ  немесе  КТ 

сертификаты 65 балдан төмен болмауы тиіс, оның ішінде: Қазақстан тарихы бойынша – 

кемінде 5 балл, оқу сауаттылығы бойынша-Оқу тілі – кемінде 5 балл, әрбір шығармашылық 

емтихан бойынша – кемінде 5 балл. 

1.23.8. 


Білім  алушыны  шетелдік  білім  беру  ұйымынан  ауыстыру  немесе  қайта 

қабылдау  кезінде  игерілген  оқу  бағдарламалары  туралы  (академиялық  анықтама, 

транскрипт), 

сондай-ақ 

Қазақстан 

Республикасында 

белгіленген 

тәртіппен 

нострификациялау  рәсімінен  өтуі  тиіс  алдыңғы  білім  деңгейін  аяқтау  туралы  құжат 

ұсынылады. 

1.23.9. 

Қазақстан  Республикасында  жалпы  орта  (жалпы  орта)  немесе  техникалық 

және кәсіптік білім алған тұлғалар шетелдік жоғары оқу орнынан ауысқан немесе қайта 

қабылданған кезде шетелдік ЖОО-ға түсу сынақтарының нәтижелерін ұсынады. 

1.23.10. 

Білім  алушыларды  университет  ішінде  бір  білім  беру  бағдарламасынан 

басқасына,  бір  оқу  нысанынан  басқасына  ауыстыру  оқу  курсын  және  академиялық 

айырмашылық пәндерін анықтай отырып, тек ақылы негізде жүзеге асырылады. 

1.23.11. 

Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  бойынша  оқу  кезінде  грантты  сақтай 

отырып, білім беру бағдарламаларының бір тобының аясында білім алушыларды бір білім 

беру  бағдарламасынан  екіншісіне  ауыстыруға  рұқсат  етіледі,  алайда  академиялық 

айырмашылық пәндерін оқу ақылы негізде білім алушының есебінен жүзеге асырылады. 

1.23.12. 4-

семестрден  кейін  бір  білім  беру  бағдарламасынан  екіншісіне  білім  беру 

бағдарламалары  тобына  ауысуға  рұқсат  етілмейді.  Сонымен  қатар  академиялық 

айырмашылық 15 академиялық кредиттен аспауы керек. 

1.23.13. 

Білім  алушыларды  бір  тілдік  бөлімнен  екіншісіне  ауыстыруға  мемлекеттік 

білім беру тапсырысы бойынша білім алушыға арналған грантты жоғалта отырып ақылы 

негізде рұқсат етіледі. Тіл бөлімі гранттық сертификатпен анықталады. 

1.23.14. 

Бұрын оқудан шыққан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушыларының 

қатарына  қайта  қабылдау  барлық  оқу  түріне  демалыс  кезінде  Басқарма  төрағасы  – 

ректордың бұйрығымен оқудан шығару мерзіміне қарамастан жүргізіледі. 

1.23.15. 

Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың оқуы 

пререквизиттерін ескере отырып анықталады. 

1.23.16. 

Білім  алушыларды  ауыстыру  немесе  қалпына  келтіру  кезінде  алдыңғы  оқу 

кезеңдерінде  олар  оқыған  жұмыс  оқу  жоспарларының  пәндеріндегі  академиялық 

айырмашылық анықталады. 

1.23.17. 

Оқу  жұмыс  жоспарларының  пәндеріндегі  академиялық  айырмашылық 

оқыған  пәндер  тізбесі,  олардың  бағдарламалары  мен  транскриптте  немесе  білім  алуды 

аяқтамаған адамдарға берілетін анықтамада көрсетілген академиялық сағаттардағы немесе 

кредиттердегі көлемі негізінде айқындалады. 

1.23.18. 

Бакалавриат  білім  алушыларын  оқудың  2-курсына  ауыстыру  кезінде 

академиялық  айырмашылық  пәндерінің  мөлшері  25  академиялық  кредиттен,  3-курсқа 

ауысу кезінде - 15 кредиттен аспауы керек. 

1.23.19. 

Магистратурада  білім  алушыларды  ауыстыру  кезінде  академиялық 

айырмашылық 15 кредиттен аспауы керек 

1.23.20. 

Білім алушылар тек тиісті академиялық топ болған жағдайда ауыстырылады.  

1.23.21. 

Басқа университеттерден білім алушыларды  ҚазҰУ-ға бакалавриаттың 6-ші 

және  келесі  семестрлерінде  немесе    магистратураның  3-ші  және  келесі    семестрлерінде 

ауыстыруға рұқсат етілмейді. 

1.23.22. 

ҚазҰУ студенттерін басқа ЖОО-ға ауыстыру студенттердің қалауы бойынша 

кез-келген демалыс кезеңінде жүзеге асырылады 



40 

 

1.23.23. 



Академиялық  айырмашылықтарды  жою  мемлекеттік  білім  беру  грантын 

сақтай отырып басқа университеттен ауысу жағдайларын қоспағанда, ақылы негізде жүзеге 

асырылады.  Бұл  жағдайда  білім  алушыларға  академиялық  айырмашылықтар  пәндерін 

ауысқаннан  кейінгі  алғашқы  оқу  жылында  тегін  оқып-үйренуге  бір  реттік  мүмкіндік 

беріледі. 

1.23.24. 

Білім  алушыға  мемлекеттік  стипендия  академиялық  айырмашылықтар 

толығымен жойылғаннан кейін ғана тағайындалады. ҚазҰУ-ға ауысқаннан кейінгі алғашқы 

оқу  жылында  жойылмаған  академиялық  айырмашылық  ақылы  негізде    академиялық 

қарызға ауыстырылады. 

1.23.25. 

Оқу  жоспары  пәндеріндегі  академиялық  айырмашылықты  жою  үшін  білім 

алушы  осы  пәндерге  жазылады,  академиялық  кезең  ішінде  барлық  оқу  сабақтарына 

қатысады,  ағымдағы  бақылаудың  барлық  түрлерін  тапсырады,  қорытынды  бақылауға 

рұқсат алады. 

1.23.26. 

Магистранттар мен докторанттарды ауыстыру кезінде басқа ЖОО-да оқыған 

элективті пәндерді қайта есепке алу үшін олардың дайындық мазмұны әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың оқу бағдарламаларына сәйкес болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда белгіленген 

тәртіппен жойылуға жататын оқу жоспарларындағы айырмашылық рәсімделеді.   

1.23.27. 

Білім  беру  гранты  бойынша  оқитын  Студент  қалауы  бойынша  білім  беру 

грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыстырылады. Жекелеген жоғары оқу орындары 

үшін  бекітілген  Білім  беру  гранты  бойынша,  сондай-ақ  бөлінген  квота  шегінде 

педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа жоғары оқу орнына ақылы негізде 

ғана ауыстырылады. 

1.23.28. 

Білім  алушыны  ауыстыру  кезінде  қабылдаушы  ЖОО  білім  беру 

бағдарламасының  дайындық  бағыты  мен  бейінін,  сондай-ақ  білім  алушының  оқу 

жетістіктерін ескереді 

1.23.29. 

ҚазҰУ-дан  басқа  университетке  немесе  басқа  университеттен  ҚазҰУ-ге 

ауысу  үшін  білім  алушы  «Керемет»  Студенттерге  қызмет  көрсету  орталығындағы 

студенттік  кеңсеге  өтініш  береді.  Білім  алушылар  күзгі  семестрден  кейін  -  күнтізбелік 

жылдың 10 қаңтарына дейін, оқу жылынан кейін - күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін 

ауыстырылады. 

        



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет