1.28.
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.28.1.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу үрдісінің негізгі қағидасы академиялық
адалдық болып табылады.
1.28.2.
Академиялық адалдық – бұл университет қоғамдастығының әрбір мүшесінің
мінез-құлқын анықтайтын , алдау мен плагиаттан аулақ болу, академиялық стандарттарға
шынайы болу, ғылыми зерттеулер мен жарияланымдардағы адалдық пен қағидаттылық
сияқты принциптерді қамтитын моральдық-адамгершілік нормалардың, қағидаттар мен
құндылықтардың жиынтығы.
1.28.3.
Академиялық адалдық – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-білім
беру үрдісіндегі негізгі құндылық.
1.28.4.
Академиялық адалдықтың қағидалары мыналар:
1) адалдық – бұл білім алушылардың оқу жұмыстарының бағаланатын және
бағаланбайтын түрлерін адал, лайықты орындауы;
2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге
асыру – бөтен сөзді, ойды дұрыс беру және бағаланатын жұмыстарда ақпарат көздерін
көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын
тану және қорғау;
3) ашықтық – білім алушылар мен оқытушылар арасындағы айқындылық, өзара сенім,
ашық түрде ақпарат пен идея алмасу;
4) білім алушылардың құқықтары мен еркіндігін құрметтеу – пікірлер мен идеяларды
еркін білдіру құқығы;
43
5) теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды
бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
1.28.5.
Академиялық адалдық ережелерін жүзеге асырудың басты мақсаты – ҚазҰУ-
дың университеттік қауымдастығында академиялық адалдық мәдениетін нығайту, ҚазҰУ
оқытушылары, қызметкерлері және білім алушылары тарапынан академиялық адалдық
нормаларын кез келген бұзушылыққа
Достарыңызбен бөлісу: |