42
1.26.2.
Оқу ақысын төлеу тәртібі білім алушы, білім беру қызметіне тапсырыс беруші
және университет арасында жасалатын ақылы білім беру қызметін көрсету шартына сәйкес
реттеледі.
1.26.3.
Білім беру қызметіне тапсырыс берушілер келісім-шарттарына сәйкес төлем
мерзімін қатаң сақтауға міндетті. Олай болмаған жағдайда Университет білім алушыға
білім беру қызметін тоқтатып, білім беру бағдарламасынан шығаруға дейін құқылы.
1.26.4.
Бір академиялық кредиттің бағасы келісім-шартқа сәйкес белгіленеді және
білім беру бағдарламасын игерудің бар кезеңінде өзгеріссіз қалады.
1.26.5.
ҚазҰУ жатақханасында тұру үшін төлем бойынша қарызы бар білім алушы
факультет деканының өкімімен емтихан сессиясын тапсыруға жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: