14-бап. Қоғам акционерлерінің құқықтары 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоғам акционерi: 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген кезде, осы Заңға сәйкес директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге; 2) дивидендтер алуға; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) мыналарды:
талап қою күніне қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған;
соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған (акционер бұрын сұратқан ақпарат толық көлемде ұсынылған жағдайда);
орындалуы акционер өтініш жасаған күні жүзеге асырылатын мәмілелер туралы ақпаратты қоспағанда, қоғам қызметінің (акционер өтініш жасаған күнге дейінгі үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне қатысты ақпаратты қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы айқындаған немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын үзiндi көшiрмелер алуға; 5) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесiне сайлау үшiн кандидатуралар ұсынуға; 6) қоғамның органдары қабылдаған шешiмге сот тәртібімен дау айтуға; 7) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, осы Заңның 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, өз атынан сот органдарына қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтірілген залалдарды қоғамға өтеуі және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешім қабылдау нәтижесінде алған пайданы (табысты) қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгінуге; 8) қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сұрау салуға және қоғамға сұрау салу келiп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға; 9) қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгiленген тәртiппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды 11) акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңда көзделген тәртіппен қоғам акцияларының санын өзгерту туралы немесе олардың түрін өзгерту туралы шешім қабылдауына қатысуға құқылы. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының жекелеген мүшесінің жыл қорытындысы бойынша сыйақысының мөлшері туралы ақпаратты бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде: қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің өзі (өздері) не оның үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алу мақсатында қоғам акционерлерін қасақана жаңылыстыруға әкелу фактісін сот анықтаған кезде; егер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің жосықсыз әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі қоғамда залал туындауына алып келгені дәлелденсе, алуға құқылы. 2. Ірі акционердің, сондай-ақ:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;
2) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
4) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 11) тармақшаларында көрсетілген құқықтарды қоспағанда, акционерлердің осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген құқықтарын шектеуге жол берілмейді. Акционерлердің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарынан басқа, қоғамның жарғысында акционерлердің қосымша құқықтары көзделуі мүмкін. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Осы баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген талаптарды жалпы жиналысты шақыратын орган немесе тұлға орындауға міндетті.