6-тарау. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары
64-бап. Қоғамның аффилиирленген тұлғасы
1. Мыналар:
1) iрi акционер;
2) қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, осы тармақтың 1), 3) және 8) тармақшаларында
аталған жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
3) қоғамның немесе, тәуелсіз директорды қоспағанда, осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7
), 8), 9) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның лауазымды адамы;
4) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды
тұлға;
5) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлға оған қатысты iрi
акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
6) оған қатысты алғанда қоғам iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске
құқығы бар болатын заңды тұлға;
6-1) оған қатысты осы тармақтың 6) тармақшасында аталған заңды тұлға iрi акционері болып
табылатын немесе мүлкіндегі тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға;
7) қоғаммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
8) қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешiмдердi сол шартқа сәйкес
айқындауға құқылы тұлға;
9) дербес немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесiп қоғамның не осы тармақтың 1)
, 4), 5), 6), 6-1), 7), 8) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретiн
акцияларының (ұйымның қатысу үлесінің) он және одан да көп процентiн иеленетiн, пайдаланатын
және оларға билiк ететiн тұлға;
10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып
табылатын өзге де тұлға қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылады.
1-1. Мыналар:
1) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
2) осы жеке тұлға және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ірі
акционері (ірі қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамы болып табылатын заңды тұлға;
3) жеке тұлғаның және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың
бақылауында болатын заңды тұлға;
4) оған қатысты осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ірі
акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар заңды
тұлға;
5) осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды
адамдары жеке тұлғаның үлестес тұлғасы болып табылады.
2. Тиісті қоғам немесе өзге заңды тұлға қабылдайтын шешімді анықтау мүмкіндігі қоғамға
немесе өзге заңды тұлғаға бақылау жасау деп танылады.
3. Осы баптың ережелері
болып табылатын қоғамдарға және
коммерциялық емес ұйым
кредиттік
қолданылмайды.
бюроларға
Мыналар:
1) коммерциялық емес ұйымның немесе кредиттік бюроның ірі акционерлері (қатысушылары)
болып табылатын тұлғалар;
2) іс-әрекетке қабілетсіз және іс-әрекетке қабілеті шектеулі тұлғалар аффилиирленген
тұлғалар болып табылмайды.
Ескерту. 64-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.
N 72
(
қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19.
N 230
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2008.10.23
N 72-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз),
2011.12.28
№ 524
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
65-бап.
Ескерту. 65-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.
N 72
(қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
66-бап. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен
мәмілелер жасасу ерекшеліктері
1. Аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен қоғамның мәмілелер жасасу ерекшеліктері осы
Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленеді.
2. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен мәмiле жасасу тәртiбiне осы Заңда және
белгiленген талаптардың сақталмауы кез
Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде
келген мүдделi тұлғаның талап қоюы бойынша соттың мәмiленi
деп тануына негiз болып
жарамсыз
табылады.
3. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу тәртібіне осы Заңда белгіленген
талаптарды бұза отырып қасақана мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе
жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.
N 72
(
қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
67-бап. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы
мәліметтерді ашу
1. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе
заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды.
2. Қоғам аффилиирленген тұлғаларының есебiн осы тұлғалар немесе қоғамның тiркеушiсi
беретiн мәлiметтер негiзiнде (уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен iрi акционер болып табылатын
тұлғаларға қатысты ғана) жүргiзуге мiндеттi.
Қоғамның акционерлерi мен лауазымды адамдарының өз аффилиирленген тұлғалары туралы
ақпаратты табыс ету тәртiбi жарғымен белгiленедi.
3. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар
аффилиирлену туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өзінің аффилиирленген тұлғалары туралы
мәліметті қоғамға табыс етуге міндетті.
4. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін уәкілетті органға ол белгiлеген
тәртіппен табыс етуге міндетті.
Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.
N 72
(
қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
7-тарау. Жасалуына қатысты ерекше талаптар
белгіленген қоғамның мәмілелері
68-бап. Ірі мәміле
1.
:
Мыналар
1) нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және
одан да көп пайызын құрайтын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы
немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
2) нәтижесінде қоғам өзінің орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алуы немесе
орналастырылған бiр түрдегi бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма бес және одан да көп
проценті мөлшерінде олардың сатылып алынған бағалы қағаздары сатылуы ықтимал мәміле немесе
өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
3) қоғамның жарғысында ірі мәміле деп танылатын өзге де мәміле
деп танылады.
ірі мәміле
2. Мыналар:
1) белгілі бір мүлікті сатып алуға немесе иеліктен айыруға қатысты белгілі бір тұлғамен
не өзара аффилиирленген тұлғалар тобымен жасалатын бірнеше мәміле;
2) бір шартпен немесе өзара байланысты бірнеше шартпен ресімделетін мәмілелер;
3) жарғымен немесе акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен өзара байланысты мәмілелер
деп танылатын өзге де мәмілелер өзара байланысты мәмілелер деп танылады.
Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08.
N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз), 2012.07.05
N 30-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
69-бап. Мәміленің нысанасы болып табылатын
мүліктің құны
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.02.10
(алғашқы ресми
N 406-IV
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып
алынатын не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы шешім Қазақстан Республикасының бағалау
қызметі туралы
сәйкес бағалаушы айқындаған осы мүліктің нарықтық құны
заңнамалық актісіне
ескеріле отырып қабылдануға тиіс.
Егер осындай мәміле нысанасы ақша және (немесе) бастапқы нарықта шығарылатын (
орналастырылатын) бағалы қағаздар болса, бағалау жүргізілмейді.
2. Егер нарықтық құнын белгілеу қажет болатын мүлік ұйымдастырылған бағалы қағаздар
рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар болса, олардың нарықтық құнын белгілеу кезінде
осындай бағалы қағаздармен мәмілелердің осындай рынокта қалыптасқан бағасы немесе осындай
бағалы қағаздарға сұраным мен ұсынымның бағасы есепке алынады. Егер нарықтық құнын анықтау
қажет болатын мүлік қоғамның өз акциялары болса, олардың нарықтық құнын белгілеу кезінде
қоғамның өзіндік капиталының мөлшері де, қоғамның даму жоспарларына сәйкес оның өзгеру
перспективасы мен нарықтық құнды белгілейтін адам маңызды деп санайтын өзге факторлар да есепке
алынады.
3. Жария компанияларға айналымдағы акциялардың он пайызынан астамын өзара иеленуге тыйым
салынады.
Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.02.10
N 406-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015
№ 308-V
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
70-бап. Қоғамның ірі мәміле жасасуы
1. Қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.
Кредиторларға, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында, қоғам директорлар
кеңесi қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде
мәмiле туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялауға мiндеттi.
2. Қоғамның жарғысында iрi мәмiлелердiң тiзбесi, сондай-ақ оларды жасасу тәртiбi
белгiленуi мүмкiн, оларды жасасу туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдайды.
3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған қоғамның iрi
мәмiле жасасу туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда, акционер өзiне тиесiлi акцияларды қоғамның
осы Заңда белгiленген тәртiппен сатып алуын талап етуге құқылы.
Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08
N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
71-бап. Қоғамның мәміле жасасуға мүдделілігі
1. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары, егер олар:
1) мәміле жасаушы тарап болса немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысса;
2) мәміле жасаушы тарап болып табылатын немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысатын
заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғалары болса, қоғамның мәміле жасасуына мүдделі тұлғалары (
бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) деп танылады.
2. Мынадай мәмiлелер:
1) акционердiң қоғам акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын сатып алуы, сондай-ақ
қоғамның орналастырылған өз акцияларын сатып алуы жөнiндегi мәмiле;
2) банктiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәлiметтердi жария
етпеу туралы мiндеттеме қабылдау жөнiндегi мәмiле;
3) қоғамды осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру;
4) қоғамның өз аффилиирленген тұлғасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу
туралы
сәйкес жасайтын мәмілесі;
заңдарына
5) үлгі нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, қоғамның өзінің
үлестес тұлғасымен шарт жасасу жасалуына қоғам мүдделi болатын мәмiле болып табылмайды.
Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.
N 72
(
қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28
№ 524
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
72-бап. Қоғамның мәміле жасасуына мүдделілік туралы
ақпарат
Осы Заңның 71-бабының 1-тармағында аталған тұлғалар:
1) үш жұмыс күні ішінде, олардың мәмiле тараптары болып табылатындығы немесе оған өкiл
немесе делдал ретiнде қатысатындығы туралы;
2) өздерімен аффилиирленген заңды тұлғалар туралы, оның ішінде дербес немесе өздерінің
аффилиирленген тұлғаларымен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың (үлестердің, пайлардың) он және
одан да көп процентін иеленетін заңды тұлғалар туралы және органдарында өздері қызмет атқаратын
заңды тұлғалар туралы;
3) өздері мүдделі тұлғалар болып танылуы мүмкін, өздеріне белгілі жасалған немесе ықтимал
мәмілелер туралы ақпаратты директорлар кеңесінің назарына қоғамның жарғысында белгіленген
тәртіппен жеткізуге міндетті.
Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08
N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз), 2011.12.28
№ 524
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз); 29.12.2014
№
269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
73-бап. Мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілені
жасасу тәртібіне қойылатын талаптар
1. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм оның жасалуына мүдделi
емес директорлар кеңесi мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
2. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәміленi жасасуы туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы
жиналысы:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi тұлғалар болып табылған;
2) шешiм қабылдауға қажеттi дауыстар саны болмауына орай, директорлар кеңесiнiң мұндай
мәмiленi жасасу туралы шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi болмаған жағдайларда оның жасалуына мүдделi
емес акционерлердiң көпшiлiк даусымен қабылдайды.
3. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм, директорлар кеңесiнiң
барлық мүшелерi мен жай акцияларды иеленетiн барлық акционерлер мүдделi адамдар болып табылған
жағдайда, акционерлердiң жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретiн акциялары жалпы санының жай
көпшiлiк даусымен қабылданады.
Бұл орайда акционерлердiң жалпы жиналысына негiзделген шешiм қабылдауға қажеттi ақпарат (
құжаттармен қоса) берiледi.
4. Қоғамның жарғысында мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiлелердiң жекелеген түрлерiн
жасасудың өзге де тәртiбi белгiленуi мүмкiн.
Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.
N 72
(қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
74-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар
белгіленген мәмілелер жасасуының салдары
1. Iрi мәмiленi және мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiленi жасау кезiнде осы Заңда
көзделген талаптарды сақтамау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза
отырып, өзге де мәмілелер жасау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және
негіздерде, мүдделi тұлғалардың талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен осы мәмiлелердi жарамсыз деп
тануға әкеп соғуы мүмкін.
2. Мәміле жасасудың осы Заңда көзделген тәртібіне қойылатын талаптарын, сондай-ақ
лауазымды адамдар қызметінің қағидаттарын бұза отырып қоғаммен мәміле жасалуына мүдделі тұлға
қоғам алдында өзінің қоғамға келтірген залалы мөлшерінде жауапты болады. Мәмілені бірнеше тұлға
жасаған жағдайда олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі ортақ болады.
3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана ірі
мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару
ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
4. Осы тараудың талаптары осы Заңда жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген, ұлттық
басқарушы холдингтің тобына кіретін ұйымдардың арасында "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан
Республикасының
сәйкес жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.
Заңына
Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.13
N 135-IV
(қолданысқа енгізілу
тәртібін
3-баптан
қараңыз), 2011.02.10
N 406-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті
75-бап. Қоғамның қаржылық есептілігі
1.
.
алып тасталды
2. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен және қаржылық
есептіліктің халықаралық стандарттарымен белгіленеді.
Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы
N
235
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2012.07.05
N 30-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі
1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекiту үшiн
аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөнiндегi
сәйкес жасалған өткен
заңдарына
жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы
жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi.
2.
.
алып тасталды
3. Жылдық қаржылық есептілікті директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы
өтетін күнге дейін отыз күннен кешіктірмей алдын ала бекітуге тиіс.
Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық жалпы
жиналысында жүргізіледі.
4. Қоғам шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiктi, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары)
болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi
уәкiлеттi орган
тәртіппен және мерзiмдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын
белгiлеген
жариялауға мiндеттi.
Iрi мәмiле және (немесе) мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiле туралы ақпарат қаржылық
есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбада
жария етiледi, сондай-ақ осы Заңның 79-бабының талаптарына сәйкес акционерлер мен
инвесторлардың назарына жеткізіледі. Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп
пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәміле туралы ақпаратта мәміленің
тараптары, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлесінің сипаты мен
көлемі туралы, сондай-ақ мәміле туралы өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08
N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз), 2007.02.28
N 235
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2009.07.11
N
185-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.02.10
N 406-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05
N 30-V
(
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
77-бап.
Ескерту. 77-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.
N 72
(қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
78-бап. Қоғамның аудиті
1. Қоғам жылдық қаржылық есептіліктің аудит жүргізуге міндетті.
2. Қоғамға аудит директорлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша қоғам
есебінен не ірі акционердің талап етуі бойынша оның есебінен жүргізіледі, бұл ретте iрi
акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы. Iрi акционердiң талап етуi бойынша аудит
жүргiзiлген жағдайда, қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажеттi құжаттаманы (материалдарды)
беруге мiндеттi.
3. Егер қоғамның атқарушы органы қоғамға аудит жүргізуден жалтарса, аудит кез келген
мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.
Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.
N 72
(
қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
9-тарау. Қоғамның ақпаратты жария етуі.
Қоғамның құжаттары
79-бап. Қоғамның ақпаратты жария етуі
1. Қоғам өзінің акционерлері мен инвесторларының назарына қоғамның мынадай корпоративтік
оқиғалары:
1) бұл мәселелер туралы ақпаратты қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және
инвесторлардың назарына жеткізуге тиіс, акционерлердің жалпы жиналысы және директорлар кеңесі
олардың тізбесі бойынша қабылдаған шешімдер;
2) қоғамның акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды шығаруы және уәкілетті органның
қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептерін, қоғамның бағалы
қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есептерін бекітуі, уәкілетті органның қоғамның бағалы
қағаздарының күшін жоюы;
3) қоғамның ірі мәмілелерді және жасалуына қоғам мүдделі мәмілелерді жасасуы;
3-1) осы қоғам активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға қоғамның мүлкін
кепілге (қайта кепілге) беруі;
4) қоғамның өз капиталының жиырма бес және одан да көп проценті болатын мөлшерде қоғамның
қарыз алуы;
5) қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға қоғамның рұқсаттар алуы, қызметтің
қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға қоғамның бұрын алған рұқсаттары қолданысының тоқтатыла
тұруы немесе тоқтатылуы;
6) қоғамның заңды тұлға құруға қатысуы;
7) қоғам мүлкіне тыйым салынуы;
8) нәтижесінде баланстық құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан да көп
проценті болатын қоғам мүлкі жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың туындауы;
9) қоғамның және оның лауазымды адамдарының әкімшілік жауапқа тартылуы;
9-1) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалуы;
10) қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешімдер;
11) қоғамның жарғысына, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздар шығару проспектiсiне сәйкес
қоғам акционерлерiнiң және инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын өзге де оқиғалар туралы
ақпаратты жеткізуге міндетті.
2.
(алып тасталды)
2-1. Жария компания осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9) және 9-1)
тармақшаларында көрсетілген корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты корпоративтік веб-сайтқа
орналастыруға міндетті.
2-2. Қоғам депозитарийдiң интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп
пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептiлiкті,
корпоративтiк оқиғалар туралы ақпаратты, қоғамның жылдық қаржылық есептiлiгiн және аудиторлық
есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық
мөлшері туралы ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген
тәртiппен және мерзiмдерде
қамтамасыз етедi.
орналастыруды
Бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген қоғам осы тармақтың бірінші бөлігінде
көрсетілген ақпаратқа толықтыру ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен
қаржылық есептiлiк туралы
сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің
заңнамасына
интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті орналастыруды қамтамасыз етеді және қор
биржасының интернет-ресурсында жариялау үшін барлық корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты
және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті қор биржасына оның ішкі құжаттарында белгіленген
тәртіппен ұсынады.
Қоғам қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалатын тәртіппен корпоративтік веб-сайтта ірі
акционерлер туралы ақпаратты, сондай-ақ қоғамның басқару органының басқа заңды тұлғада басшы
лауазымды немесе өзге де негізгі қызметті қоса атқаратын мүшелерінің басқа заңды тұлғадағы
өкілеттіктері мен міндеттері туралы ақпаратты көрсете отырып, олар туралы мәліметтерді
орналастыруға міндетті.
3. Корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат беру осы Заңға және қоғамның жарғысына сәйкес
жүзеге асырылады.
Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында ақпаратты жариялау (
акционерлердің назарына жеткізу) мерзімдері көзделмесе, осы ақпарат пайда болған күнінен бастап
үш жұмыс күні ішінде жарияланады (акционерлердің назарына жеткізіледі).
Акционерлерге сотта корпоративтiк дау бойынша iс қозғалғаны туралы ақпарат соттың
корпоративтiк дау жөнiндегi азаматтық iс бойынша тиiстi хабарламасын (шақыруын) қоғам алған
күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде берiлуге тиiс.
Қоғам қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты иеленуші қоғам
қызметкерлерiнiң тiзiмiн мiндеттi түрде жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08
N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан қараңыз), 2007.02.19
N 230
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2008.07.05
N 58-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.02.10
N 406-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28
№ 524
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз); 16.05.2014
№ 203-V
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015
№ 308-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
80-бап. Қоғамның құжаттары
1. Қоғамның өз қызметіне қатысты құжаттарды қоғам өзі қызмет еткен бүкіл мерзім ішінде
қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында белгіленген өзге де жерде
сақтауға тиіс.
Мына құжаттар:
1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2) құрылтай жиналысының хаттамалары;
3) құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі), құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының
шешіміне) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
4)
алынып тасталды - ҚР 2012.12.24
N 60-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
5)
алынып тасталды - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
Заңымен;
6) қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір әрекеттер
(операциялар) жасауына рұқсаттар;
7) қоғамның өз балансында тұратын (тұрған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар;
8) қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері;
9) қоғамның бағалы қағаздар шығаруын мемлекеттік тіркеуді, бағалы қағаздардың күшін жоюды
растайтын құжаттар, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру мен өтеу қорытындылары
туралы уәкілетті органға табыс еткен есептерін бекіту;
10) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
11) акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамалары, дауыс беру қорытындылары туралы
хаттамалар мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), акционерлердің
жалпы жиналыстарының күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар;
12) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін табыс етілген акционерлер тізімі;
13) директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің)
хаттамалары мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), директорлар
кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар;
14) атқарушы орган отырыстарының (шешімдерінің) хаттамалары;
15) бар болған жағдайда, корпоративтік басқару кодексі сақталуға тиіс.
2. Өзге құжаттар, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының
сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
заңдарына
3. Акционердің талап етуі бойынша қоғам оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшірмесін
қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен
бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл орайда қызметтік, коммерциялық
немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол
беріледі.
Құжаттардың көшірмелерін беру үшін төленетін ақы мөлшерін қоғам белгілейді және ол
құжаттардың көшірмелерін дайындауға жұмсалған шығыстар құны мен құжаттарды акционерге жеткізіп
беруге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы керек.
Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
ақпарат қамтылған бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және айырбастаудың
жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар оның талабы бойынша танысу үшін акционерге
берілуге тиіс.
Z030000461
Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19
N 230
(қолданысқа енгізілу
тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2010.03.19
№ 258-IV
, 2011.02.10
N 406-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24
N 60-V
(
алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16.05.2014
№ 203-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |