Акционерлік қоғамдар туралы


-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата03.03.2017
өлшемі217,71 Kb.
#6346
1   2   3   4   5   6   7   8   9

10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату

      81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру

      1. Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, біріктіру, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) 

Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан 

Республикасының Азаматтық 

сәйкес жүзеге асырылады. 

кодексіне

 

      2. Қоғам бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қайта 



ұйымдастырылатын қоғамның кредиторлары осы қоғам борышкер болып табылатын міндеттеменің 

мерзімінен бұрын тоқтатылуын және залалдардың өтелуін талап етуге құқылы. 

      3. Егер қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өз қызметін тоқтатса, оның акциялары 

шығарылымының Қазақстан Республикасының 

белгіленген тәртіппен күші жойылуға тиіс. 

заңдарында

 

      Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. 



N 72

(

қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.



      82-бап. Қоғамдардың бірігуі

      1. Екi немесе бiрнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бiрiгу туралы шарттың негiзiнде және

өткiзу актiлерiне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа 

қоғамның пайда болуы қоғамдардың бiрiгуi деп танылады.

      2. Қоғамдарды бiрiктіру жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта 

ұйымдастырылатын бір қоғамның инвестициялары қайта ұйымдастырылатын басқа қоғамға шегеріле 

отырып, қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады.

      3. Құрылған қоғамның акциялары қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерi арасында 

мынадай тәртiппен орналастырылады:

      1) құрылған қоғамның әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерi арасында 

орналастырылатын жарияланған акцияларының саны сол қоғамдардың өз капиталдарының арақатынасына 

сүйене отырып айқындалады;

      2) әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында бөлiнетiн, осы тармақтың 1

) тармақшасына сәйкес айқындалатын акциялар саны әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның 



акционерлерi арасында олардың қолында болған қайта ұйымдастырылатын қоғам акциялары санының осы

қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына 

барабар мөлшерде орналастырылады.

      3-1. Негізгі ұйым мен орналастырылған акцияларының жүз пайызын негізгі ұйым иеленетін 

еншілес ұйым біріккен жағдайда, құрылған қоғамның акциялары негізгі ұйым акционерлері арасында 

орналастырылады.

      4. Қайта ұйымдастырылатын әрбiр қоғамның директорлар кеңесi бiрiгу нысанында қайта 

ұйымдастыру туралы, бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк 

тiркеу және оларды орналастыру тәртiбi туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының 

қарауына ұсынады.

      5. Бiрiгу туралы шешiм қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерiнiң бiрлескен жалпы 

жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады. 

Акционерлердiң жалпы жиналысының осы шешiмiнде:

      1) қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, акцияларды 

орналастыру тәртiбi туралы мәлiметтер және бiрiгудiң өзге де талаптары көрсетiлетiн бiрiгу 

туралы шартты бекiту туралы ереже;

      2) бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы 

ереже болуға тиiс.

      6. Бiрiгу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың барлық акционерлерi қол қоюға 

тиiс. 


      Өткiзу актiсiне атқарушы органдардың басшылары мен қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың бас

бухгалтерлерi қол қояды және қоғамдардың мөрлерiмен (олар болған кезде) куәландырылады.

      7. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерiнiң барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру 

туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру 

беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi қоса тiркеледi. 

      Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 

N 72

 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-



баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 

№ 524


 (қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-баптан


 

 қараңыз); 29.12.2014 

№ 269-V

(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



      83-бап. Қоғамның біріктірілуі

      1. Біріктірілетін қоғамның біріктіру туралы шарттың негізiнде және өткiзу актiсiне сәйкес

бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы 

қоғамның басқа қоғамға біріктірілуі деп танылады. 

      Қосылу жүзеге асырылатын қоғам қосылатын қоғам акциялары сату бағасының қосылу жүзеге 

асырылатын қоғам акцияларының осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын орналастыру (өткiзу) 

бағасына арақатынасына барабар өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлерiне орналастыру (

өткiзу) арқылы оның акцияларын сатып алады. 

      Біріктірілетін қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн аталған акциялар жойылады

, ал біріктірілетін қоғамның мүлкi, құқықтары мен мiндеттерi атқарушы орган басшылары мен қайта

ұйымдастырылатын қоғамдардың бас бухгалтерлерi қол қойған және қоғамдардың мөрлерiмен (олар 


болған кезде) куәландырылған өткiзу актiсiне сәйкес біріктірілу жүзеге асырылатын қоғамға 

берiледi.

      2. Біріктірілетін қоғам акцияларын сату бағасы біріктірілетін қоғамның өз капиталының 

оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларға арақатынасына қарай 

айқындалады. 

      Біріктіру жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы біріктіру жүзеге

асырылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) 

акцияларының санына арақатынасына сүйене отырып айқындалады.

      3. Біріктірілетін қоғамның директорлар кеңесi біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру 

туралы, біріктірілетін қоғамның акцияларын сату тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi 

акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына шығарады. 

      Біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесi өзiне басқа қоғамды біріктіру 

нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акцияларды орналастыру (өткiзу) тәртiбi, мерзiмi 

және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының шешуiне енгiзедi.

      4. Біріктіру туралы шешім өзіне біріктіру жүзеге асырылатын қоғам мен біріктірілетін 

қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғамның дауыс беретін акцияларының

жалпы санының айқын басым көпшілігімен қабылданады.

      Акционерлердің бірлескен жалпы жиналысының біріктіру туралы шешімінде біріктіруге 

қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жері, біріктірілетін қоғамның акцияларын 

сату бағасы, өзіне біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы 

туралы мәліметтер, біріктірудің өзге де шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.

      Біріктіру туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары

қол қоюға тиіс.

      5. Біріктірілетін қоғам, сондай-ақ біріктіру жүзеге асырылатын қоғам өзiнiң барлық 

кредиторларына біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және 

бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi, 

сондай-ақ біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiмет қоса 

тiркеледi.

      Кредиторларға тапсыру актісін қоса бере отырып, жазбаша хабарламалар жіберу туралы талап 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына

сәйкес олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді біріктіру нысанындағы 

қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды. Олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау 

жүргізілген банктерді біріктіру нысанындағы қайта ұйымдастыру туралы ақпарат тапсыру актісімен 

кредиторларды таныстыру уақытын, орнын және тәртібін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат 

құралдарында және қайта ұйымдастырылатын банктердің корпоративтік веб-сайтында жариялануға тиіс.

      6. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі өзіне қатысты «Қазақстан 

Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 

 сәйкес 


Заңына

қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, банктерді біріктіру нысанында ерікті 

түрде қайта ұйымдастыру кезінде осы баптың біріктірілетін қоғамның акцияларын сату бағасына 

және оған біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына қатысты

ережелері (оның ішінде қоғам органдарының осы бағаларды айқындауы, қарауы және бекітуі 

жөніндегі ережелер) қолданылмайды.

      Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08. 

N 72


 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-

баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.03.2014 

N 179-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 



 

бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 

№ 269-V

(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) 



Заңдарымен.

      84-бап. Қоғамның бөлінуі

      1. Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен 

мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда 

бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын 

қоғамдарға ауысады. 

      Қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталдарының

сомасы қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерiне тең болады.

      2. Қайта ұйымдастырылған акционерлiк қоғамның барлық акционерлерi қоғамның бөлiнуi 

нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың әрқайсысының акционерлерi болып табылады. 

      Қоғамдардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акциялар осы қоғамдардың акционерлерi 

арасында қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерге тиесiлi акциялары санының қайта 

ұйымдастырылатын қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына 

арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.

      3. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында 

қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары және бөлiну балансын бекiту туралы 

мәселелердi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізедi.

      4. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiну нысанында қайта 

ұйымдастыру, бөлiну тәртiбi мен талаптары туралы, бөлiну балансын бекiту туралы шешiм 

қабылдайды.

      5. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай 

мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiну туралы жазбаша хабарлама жiберуге және 

бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы 

қоса тіркеледi. 

      Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. 

N 72

 (қолданысқа 



енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      85-бап. Қоғамның бөлініп шығуы

      1. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның қызметiн тоқтатпай, мүлкiнiң, құқықтары мен 

мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бiр немесе бiрнеше қоғамға бере отырып, 

оларды құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады. 

      Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiмеуге тиiс. 

      Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әдiлет органдарында тiркеу 

жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.

      2. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып 

табылады. 

      Бөлiнiп шыққан қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiну 

балансына сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және 

ол осы Заңның 11-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.



      3. 

алып тасталды - ҚР 2011.12.28 

№ 524

 (қолданысқа енгізілу тәртібін 



2-баптан

 қараңыз) 

Заңдарымен.

      4. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiніп шығуы нысанында 

қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы, бөлiнiп 

шығу тәртiбi мен талаптары туралы мәселелердi, сондай-ақ бөліну балансының жобасын 

акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізеді.

      5. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлiнiп шығу нысанында 

қайта ұйымдастыру, бөлініп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлініп шығу

тәртібі мен талаптары туралы және бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.

      6. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi 

ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы 

жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге 

мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы, сондай-ақ бөлiнiп шыққан әрбiр қоғамның атауы, орналасқан

жерi туралы мәлiметтер қоса тiркеледі. 

      Ескерту. 85-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. 

N 72

 (қолданысқа 



енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 

№ 524


 (қолданысқа 

енгізілу тәртібін 

2-баптан

 қараңыз) Заңдарымен.



      86-бап. Қоғамды қайта құру

      


1. Қоғам (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған 

коммерциялық емес 

 қоспағанда) 

 немесе 


 болып қайта құрылуға 

ұйымды


шаруашылық серiктестiгi

өндiрiстiк кооператив

құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары 

мен мiндеттерi өткiзу актiсiне сәйкес оған 

ауысады.

      Қоғам «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» 

мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 

 сәйкес дербес білім беру ұйымы болып, 

Заңына

сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан 



Республикасының 

 сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуға құқылы.

Заңына

      2. Қайта құрылатын қоғамның директорлар кеңесі қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды 



жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың қатысу 

үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы мәселені 

акционерлердің жалпы жиналысының қарауына енгізеді. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушының қатысу

үлесi немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайы осы қатысушының қайта құрылатын қоғамда ие 

болған қоғам акциялары санының қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарды қоспағанда) 

акцияларының жалпы санына арақатынасына барабар айқындалады.

      Шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің жарғылық капиталының мөлшері 

қайта ұйымдастырылатын қоғам өткізу актісіне сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң 

арасындағы айырмаға тең болады және Қазақстан Республикасының 

 

 белгiленген



заңнамалық актілерінде

талаптарға сәйкес келуге тиiс.

      3. Қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның қайта құрылуы, қайта 

құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу 

үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы шешім 

қабылдайды және өткізу актісін бекітеді.



      4. Қайта құру кезінде құрылатын жаңа заңды тұлғаның қатысушылары өздерінің бірлескен 

отырысында Қазақстан Республикасының  

 

 сәйкес оның құрылтай құжаттарын бекіту 



заң актілеріне

және органдарын сайлау туралы шешім қабылдайды.

      5. Акциялар шығарылымының күші жойылған күні қоғамның тіркеушісі жасаған акционерлер 

тізіміне енгізілген тұлғалар акционерлік қоғамнан қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның 

қатысушылары болады. 

      Ескерту. 86-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 

N 72

(қолданысқа енгізілу тәртібін 



2-баптан қараңыз), 2007.02.19 

N 230


(қолданысқа енгізілу тәртібін  

2-баптан


 қараңыз), 2011.01.19

N 395-IV


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 

енгiзiледi), 2011.12.28 

№ 524

 (қолданысқа енгізілу тәртібін 



2-баптан

 қараңыз); 10.06.2014 

№ 208

 

-V



(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Заңдарымен.



      87-бап. Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы 

              сот шешімін орындамаудың салдары

      1. Егер қоғамның сот шешімі бойынша бөліну немесе бөлініп шығу нысанында мәжбүрлеп қайта 

ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органдары қайта ұйымдастыруды осындай шешімде белгіленген 

мерзімде жүзеге асырмаса, сот біліктілік талаптарына сай келетін сенімгер басқарушы 

тағайындайды және оған бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды 

тапсырады. 

      2. Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап оған директорлар кеңесі мен 

акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңның 84 және 85-баптарында көзделген қайта ұйымдастыру 

талаптарын айқындау жөніндегі өкілеттіктері ауысады. 

      3. Қоғам атынан әрекет жасайтын сенімгер басқарушы бөліну балансын жасайды және оны 

бөліну немесе бөлініп шығу нәтижесінде құрылған қоғамдардың жалпы жиналысында бекітілген 

құрылтай құжаттарымен бірге соттың қарауына береді. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған 

қоғамдарды мемлекеттік тіркеу сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      88-бап. Қоғамды тарату

      1. Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім Қазақстан Республикасының заң актілеріне

 

сәйкес кредиторлармен келісімдер бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілейтін 



акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады.

      2. Қазақстан Республикасының 

көзделген жағдайларда қоғамды мәжбүрлеп 

заң актілерінде

 

таратуды сот жүзеге асырады. 



      Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қоғамды тарату туралы 

талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін.

      3. Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы 

тағайындалады. 

      Тарату комиссиясы қоғамның таратылуы кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан 

Республикасының 

белгіленген іс-әрекет жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады. 

заңдарында

 

      Ерiктi тарату кезiнде тарату комиссиясының құрамына қоғам кредиторларының өкілдері, ірі 



акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де 

адамдар енгізілуге тиіс.



      4. Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі 

Қазақстан Республикасының 

реттеледі.

заңдарымен 

      5. Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары 

Қазақстан Республикасының 

белгіленген тәртіппен жойылуға жатады. 

заңдарында 

      Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. 

N 72


 (

қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.



      89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер 

              арасында бөлу

      1. Таратылатын қоғамның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған 

мүлкін акционерлер арасында бөлуді тарату комиссиясы мынадай кезектілікпен жүзеге асырады:

      1) бірінші кезекте - осы Заңға сәйкес сатып алынуға тиіс болатын акциялар бойынша 

төлемдер;

      2) екінші кезекте - артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленбеген 

дивидендтерді төлеу;

      3) үшінші кезекте - жай акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу. 

      4) 

(алып тасталды) 

      5) 

(алып тасталды)

      2. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін 

қанағаттандырылады. 

      Егер таратылатын қоғамның мүлкі есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеуге және 

артықшылықты акциялардың құнын өтеуге жеткіліксіз болса, аталған мүлік, осы Заңның 13-бабы 2-

тармағының талаптары ескерiле отырып, түгелдей осы санаттағы акционерлер арасында оларға 

тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді. 

      Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. 

N 72


 (

қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.



11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

      90-бап. Өтпелі ережелер

      1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған қоғамдар осы Заң қолданысқа енгiзiлген 

күннен бастап үш жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзуге және 

қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiн осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге тиiстi қаржы жылына 

арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге

ала отырып, осы Заңның 10-бабына сәйкес келтiруге не қоғамды қайта ұйымдастыруға немесе оны 

таратуға мiндеттi.


      2. Қоғам осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi 

орган оны мәжбүрлеп тарату не оны қайта құру нысанында 

 туралы сотқа өтiнiш 

қайта ұйымдастыру

беруге құқылы.

      3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін акциялар ұстаушылардың тізілімін жасауды, 

жүргізуді және сақтауды дербес жүзеге асырған қоғам осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап

үш айдың ішінде қоғамның тіркеушісін сайлау туралы шешім қабылдап, оған қоғамның акцияларын 

ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесін құрайтын құжаттарды беруге міндетті. 

      Ескерту. 90-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. 

N 72

 (

қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.



      91-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      2. "Акционерлік қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы 

(

Заңының



 

Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 223-құжат; 1999 ж., N 20, 727-

құжат; N 24, 1072-құжат; 2001 ж., N 23, 321-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат) күші жойылды деп 

танылсын.



      Қазақстан Республикасының 

      Президенті

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет