инфекцияларға тән емес, егерде олардың биологиялық қасиеттері басқа, бөгде
кеткен сияқты болады да белгілі бір уақыт өткеннен соң аурудың белгілері
орталардың факторы организмге теріс әсер етсе оның төзімділігі төмендегенде,
төмендейді, осы кезде денедегі (тыныс алу жолындағы, ас қорыту жүйесіндегі)
20
комменсалдар-сапрофиттер (организмнің серіктері) белсенділігі артып ауруды
асқындырып жіберуі мүмкін (мысалы, тұмаумен, қызылшадан кейін балалардың
өкпесінің қабынуы мүмкін). Латенттік инфекциялар – бұл инфекциялар
жасырын, клиникалық белгілері көрінбей өтеді. Белгілі бір жағдайда аурудың
клиникалық белгілері айқын түрде көрінеді. Бұл жағдай алапес, мерез,
туберкулез, безгек ауруларында байқалады, бұлардың қоздырушысы қағанақ
арқылы ұрыққа беріледі.
Инфекциялар шығу тегіне байланысты экзо- және эндогендік деп бөлінеді:
экзогендік инфекциялар – бұл инфекцияларды сыртқы ортадан келіп түсетін
қоздырушылар шақырады; эндогендік-бұл инфекцияны организмдегі зардапты
және жартылай зардапты микроорганизмдер шақырады, егерде оның төзімділігі
төмендеген жағдайда. Бұлар диплококктер, стрептококктер (сақаудың),
пастереллалар, шошқаның тілмесінің қоздырушысы, сальмонеллалар және
басқалары.
Инфекцияларды созылуына байланысты да бөлуге болады: 1) аса жіті
(найзағай түскен сияқты) түрі (инфекция әсері бірнеше сағатқа созылады, көп
жағдайда өліммен аяқталады). Бұл сібір жарасында байқалады; 2) Жіті түрі (1-3
күнге созылады); 3) Жітіден төмен түрі (инфекция, ауру 5-7 күнге созылады;) 4)
созылмалы түрі (айлап, жылдап созылады).
Инфекцияларды белгілері мен байқалуына қарай бөледі:
1) айқын көрінетін түрі (типтік түрі);
2) айқынсыз түрі (атиптік түрі).
Достарыңызбен бөлісу: