Акционерлік қоғамы


инфекция  –  инфекциялық  процесті  екі  -  үш  зардапты  микробтар  шақырады



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата31.12.2021
өлшемі0,78 Mb.
#22561
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
2021 микроб тәжір.нұсқау оконч соңғы

инфекция  –  инфекциялық  процесті  екі  -  үш  зардапты  микробтар  шақырады

Параинфекция  –  бұл  инфекциялық  процесті  басқа  микробтар  шақырады,  сол 

инфекцияларға  тән  емес,  егерде  олардың  биологиялық  қасиеттері  басқа,  бөгде 

микроорганизмдердің 

арқасында 

өзгерген 

жағдайда 

(мысалы, 

кейде 


дезинтерияны,  паратифтерді  адамда  кәдімгі  ішек  таяқшасы  шақыруы  мүмкін). 

Реинфекция – организм белгілі бір аурудан толық жазылып кеткеннен кейін, сол 

аурудың  қоздырушыларымен  қайтадан  ауруы  мүмкін  (тұмау  –  грипп,  соз  –

гонорея,  мерез  –  сифилис).  Суперинфекция  –  организм  негізгі  аурудан 

жазылмай  тұрып  сол  аурудың  қоздырушысы  қайтадан  жұғатын  болса  мұндай 

инфекциялық  процесс  суперинфекция  деп  аталады.  Рецедив-организм  жазылып 

кеткен  сияқты  болады  да  белгілі  бір  уақыт  өткеннен  соң  аурудың  белгілері 

қайтадан  көріне  бастайды.  Кейбір  жағдайда  микроб  пен  макроорганизмнің 

арасында тепе-теңдік байқалады. Тепе-теңдік бұзылған жағдайда, егерде сыртқы 

орталардың  факторы  организмге  теріс  әсер  етсе  оның  төзімділігі  төмендегенде, 

қоздырушы  күшейеді,  соның  арқасында  аурудың  белгілері  қайтадан  көріне 

бастайды.  Рецедивтердің  арасындағы  кезең  ремиссия  деп  аталады.  Екінші 

(секундарлық)  инфекция  -  негізгі  аурудың  арқасында  организмнің  төзімділігі 

төмендейді,  осы  кезде  денедегі  (тыныс  алу  жолындағы,  ас  қорыту  жүйесіндегі) 




 

20 


комменсалдар-сапрофиттер  (организмнің  серіктері)  белсенділігі  артып  ауруды 

асқындырып жіберуі мүмкін (мысалы, тұмаумен, қызылшадан кейін балалардың 

өкпесінің  қабынуы  мүмкін).  Латенттік  инфекциялар  –  бұл  инфекциялар 

жасырын,  клиникалық  белгілері  көрінбей  өтеді.  Белгілі  бір  жағдайда  аурудың 

клиникалық  белгілері  айқын  түрде  көрінеді.  Бұл  жағдай  алапес,  мерез, 

туберкулез,  безгек  ауруларында  байқалады,  бұлардың  қоздырушысы  қағанақ 

арқылы ұрыққа беріледі. 

 

Инфекциялар шығу тегіне байланысты экзо- және эндогендік деп бөлінеді: 



экзогендік  инфекциялар  –  бұл  инфекцияларды  сыртқы  ортадан  келіп  түсетін 

қоздырушылар  шақырады;  эндогендік-бұл  инфекцияны  организмдегі  зардапты 

және  жартылай  зардапты  микроорганизмдер  шақырады,  егерде  оның  төзімділігі 

төмендеген  жағдайда.  Бұлар  диплококктер,  стрептококктер  (сақаудың), 

пастереллалар,  шошқаның  тілмесінің  қоздырушысы,  сальмонеллалар  және 

басқалары. 

 

Инфекцияларды    созылуына  байланысты  да  бөлуге  болады:  1)  аса  жіті 



(найзағай  түскен  сияқты)  түрі  (инфекция  әсері  бірнеше  сағатқа  созылады,  көп 

жағдайда өліммен аяқталады). Бұл сібір жарасында байқалады; 2) Жіті түрі (1-3 

күнге созылады); 3) Жітіден төмен түрі (инфекция, ауру 5-7 күнге созылады;) 4) 

созылмалы  түрі (айлап, жылдап созылады). 

 

Инфекцияларды белгілері мен байқалуына қарай бөледі:  



1) айқын көрінетін түрі (типтік түрі);  

2) айқынсыз түрі (атиптік түрі). 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет