Акциздер акциздерді қолдану


Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салықтық базасы



бет8/9
Дата06.04.2022
өлшемі1,95 Mb.
#30080
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Акциздер БФК

Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салықтық базасы
  •       Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салықтық база импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі, саны ретінде айқындалады.
  • Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төлеу мерзiмдерi
  •       1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерді төлеу үшін айқындалған күні уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен төленеді.
  •       2. Осы Кодекстің 172-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.
  •       Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарлар импортын жүзеге асырған кезде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарларды импорттау күні қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.
  •       3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
  •       Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төлеу осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
  •       4. Қазақстан Республикасының аумағына импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцизді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге тәртібі берілген мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарлар осы Кодекстің 463 және 479-баптарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіппен және акциздер мөлшерлемелері бойынша акциз салынуға жатады.
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет