Акимханова А. А. Материялық нүкте динамикасы



бет1/5
Дата22.09.2023
өлшемі1,85 Mb.
#109813
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 3 Материялық нүкте динамикасы


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТ «ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРА «АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ РОТБОТОТЕХНИКА»
Пән : «Теориялық және қолданбалы механика»
Дәріс тақырыбы: «Динамиканың негізгі ұғымдары мен заңдары. Материалық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері және олардың интегралдануы.»
Лектор, магистр
Раб.тел.:8 (727) 396-71-33 (вн. 156)
Эл.адрес: aigera__81@mail.ru
Масса. Күш. Ньютон заңдары
Материалдық нүкте (дене) өзінің тыныштық күйін сақтайды немесе сыртқы күштердің әсері болғанша бірқалыпты түзү сызықты қозғалыста болады. Бұл күй - инерттілік деп аталады. Сондықтан Ньютонның бірінші заңы инерция заңы деп аталады. Осы анықтамадағы сыртқы әсерді сипаттау үшін күш деген ұғым енгізіледі. Ал денелердің инерциалдық қасиеттерін сипаттау үшін масса деген ұғым енгізіледі.
Күш— денелерге сырттан әсер ететін векторлық шама, оның нәтижесінде денелер үдеу алады немесе формасы мен өлшемін өзгертеді. Күштің өлшем бірлігі— ньютон (Н).
.
Интерактивность
Щелкните кнопку Интерактивность для редактирования этой интерактивности
Дәріс мазмұны: негізгі түсініктер және анықтамалар; динамиканың негізгі заңдары; нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері; нүкте үшін динамиканың жалпы теоремалары.
Дәріс мақсаты: динамиканы негізгі түсініктерін, нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін оқып үйрену, нүкте қозғалысының сипаттамаларын анықтауға динамиканың жалпы теоремаларын пайдалануды үйрену.
Динамиканың негізгі заңдары. Динамиканың бірінші және екінші есептері. Негізгі түсініктер және анықтамалар
Динамикада материялық нүктелер мен материялық денелердің қозғалыстары оларды болдыратын физикалық себептермен (күштермен) тығыз байланысты қарастырылады. Денеге түсірілген күштер мен олардың әсерлерінен болатын қозғалыс арасындағы тәуелділікті зерттеу, сөйтіп қозғалыстың жалпы заңдылығын табу мәселелері қаралады.
Динамиканың өзі екі бөлімге бөлінеді: бірінші бөлімі материялық нүкте динамикасы болса, екінші материялық нүктелер жүйесінің динамикасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет