Лексикалық ая – адамның тіл арқылы жанама қызметіне қатыспайтын
сөз мазмұнының құрамдас бөліктері.
Лингвокогнитивтік деңгей – тұлғаның интеллектуалдық аясын қамтып
зерттеушіге тіл арқылы, сөйлеу және түсінілім процестері арқылы адамның
біліміне, санасына, таным процестеріне шығуға мүмкіндік береді. Мәтін – автордың ойын объективтеу, оның шығармашылық түпниетін
жарыққа шығару, Адам мен оның әлемі жөніндегі білімдерін жеткізу үшін,
аталмыш ұғым-түсініктерін автор санасынан сыртқа шығарып, өзге адамдардың
да игілігіне айналдыру мақсатымен жасалады. Метафора мен метонимия – семантикалық деривацияның арнайы
тәсілдері; поэтикалық мәтіннің лингвосемиотикалық қырын танытатын
лингвокогнитивтік құралдар.
Нарратор –көркем туындыда тарихты мазмұндау, оқиғаны баяндау
қызметтері бөлінген тұлға. Оқырман – әдеби шығарманы қабылдайтын орта. Жазушы шығарманы
тудырушы болса, оның қаншама ұзақ өмір сүретіні, әдебиетте қандай орын
алатыны оқырманға байланысты.
Парадигма – англ. paradigm, фр. paradigme, нем. Paradigma, йог.
paradigma. 1. Белгілі бір сөз табындағы сөз жасауға үлгі болып табылатын
флективтік өзгерістер жиынтығы. 2. Белгілі бір лексикалық бірліктердің сөзді
түрлендіру формаларының жиынтығы, белгілі бір лексеманы құрайтын сөз
формаларының жиынтығы.
Парадигматика – таңбаны басқа таңбалардың көптігіне жатқызуға негіз
болатын байланыстар, кейін таңба сөзжұмсамда қолданылу үшін осы көптіктен
шығарылып, іріктеліп алынады;
Прагматика – семиотиканың негізгі құрамдас бөлігі; хабарлама
адресатына әсер ету.
Прагматикалық деңгей – тұлғаның мақсаттарын, уәждерін, мүдделерін,
өмірлік ұстанымдары мен мұраттарын (интенционалдылық) (мұраттарын)
қамтиды. Тілдік тұлғаны талдауда бұл деңгей оның сөйлеу әрекетін бағалаудан
болмыстың қызметін түсінуге заңды және шартты түрде өтуді қамтамасыз
етеді.