Византияда шаруалар қауымдарының кең тараған түрі көршілес қауым еді.
Деревняда, әсіресе императорлық домендер мен шіркеулік жерлерді-ұзақ мерзімге жалға алушылық эмфитевзис кең өрістеді. Құлдарға жер бөліктерін бөліп беру түрі пекулия болды. Византияда колонаттар да дамыды. Колондар 2 топқа бөлінді.
Бірінші топқа- еріктілер, георгтар жатты, бұлар заң жүзінде бас бостандығы бар ерікті адамдар еді. Олардың жеке меншігінде үйлері, қора, құралдары, малы, шағын жерлері болған.
Екінші топқа «жанамалылар – энапографтар» деп аталғандар жатқызылды. Олардың ешқандай иелік құқы болған жоқ.
ҮІІ-ХІ ғғ. Византиядағы саяси-әлеуметтік өзгерістер
ҮІІ ғасырдың басында славян тайпалары – Фракияға, Македонияға, Грекияға, Далмацияға еніп ҮІІ ғасыр ортасында бүкіл Балқан түбегіне славяндар орналасты. 681 жылы ірі славян мемлекеті Болгария қалыптасты. 636-642 жылдары арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті тартып алды. ҮІІ ғасырда Византия үлкен дағдарысқа ұшырады.
ҮІІІ ғ.басында Византия жері Балкан түбегінің оңтүс-тігін, оңтүстік Италияны, Қырымның оңтүстік жағалауын, Кіші Азияны қамтыған еді.
717-867 жылдары билік басына Исаврлар әулеті келді. Бұл әулет кезінде әскери ақсүйектер күшейіп, император соларға арқа сүйеген еді. Император ІІІ Лев (717-741) кезінде Византияны иконға табынушыларға қарсы күрес шарпыды. Бұл күрестің мәнісі шіркеу мен оның иелік жерлеріне қарсы ба-ғытталған болатын. Ү Константин (741-775) 754 жылы иконға табынушыларды айыптаған арнайы жиын шақырды. Иконға табынуға тиым салынды. Бұл шаралар елдің екі топ болып өз ара қырқысуына әкелді. Бұл күрес 843 жылға дейін созылып, император Феофилдің жесірі Феодора иконға табынуды қалпына келтірді.
Х ғ. екінші жартысында билік басына Македонскийлер әулеті келіп, ХІ ғ. екінші жартысына дейін биледі. Олардың тұсында Византия жерлері қайта кеңейді. Шығысында араб-тардан Кипр, Крит аралдарын, Антиохия қаласымен бірге Сирияның біраз бөлігін, Балқан түбегінің Дунайға дейінгі бөлігін қайтарып алды.
феодализмнің қалыптасу ерекшелігі
Феодализм құл иеленумен салыстырғанда прогрессивті әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылады, өйткені шаруалардың жеке, тіпті одан да көп соттық және жерге тәуелділік формалары құлдыққа қарағанда әлдеқайда жеңіл болды және еңбек нәтижелеріне ішінара қызығушылықпен дамуды ынталандырды. өндіріс, мәдениет және жеке тұлға. Қарапайым қауымдық жүйеден феодализмге көшу де прогрессивті болды, өйткені қалыптасқан жеке өндіріс көбіне өндірістік күштердің даму деңгейіне сәйкес келді, демек, тиімдірек болды. Бұл артықшылықтар бірден әсер етпеді және тек орта ғасырдың гүлдену кезеңінде ғана экономикалық және мәдени өрлеуге әкелді (мысалы, 10-11 ғасырларда Еуропада). Феодализмнің прогрессивті ерекшеліктері оның батыс еуропалық нұсқасында барынша дәйекті түрде көрінді.