Аксиология философиясы және этика


Еркіндік-қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі



бет26/30
Дата06.12.2022
өлшемі137,46 Kb.
#55463
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Аксиология философиясы ж не этика

Еркіндік-қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының біріДемократия (грек тілінен аударғанда «халықтық билік» дегенді білдіреді) -саяси режим, оның негізінде процестің нәтижесіне немесе оның маңызды кезеңдеріне қатысушылардың тең әсер ететін ұжымдық шешім қабылдау әдісі жатыр. Мұндай әдісті кез келген қоғамдық құрылымдарға қолданса да болады. Бүгінгі күні оның маңызды бөлігі мемлекет болып табылады, өйткені ол үлкен билікке ие. Мынадай шарттардың бірі орындалған мемлекет демократиялық болып есептеледі:
-ел басқаратын лидерлерді таңдау адал және әділ сайлау арқылы өтеді.
-халық биліктің жалғыз заңды тұлғасы болып табылады.
-қоғам жалпы игілік және ортақ мүдделерді қанағаттандыру үшін өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады.
Халықтық басқару қоғамның әрбір мүшесі үшін бірқатар құқықтарды қамтамасыз етуді талап етеді. Демократиямен бірқатар құндылықтар: заң, саяси және әлеуметтік теңдік, еркіндік, таңдау құқығы, адам құқығы және т. б. түсініктер байланыстырылады.
Демократия-бұл индивидтің толық дамуы үшін экономикалық, саяси және мәдени жағдайлар жасайтын жүйе болып табылады. Шынайы демократия жағдайларын ұйымдастыруға билік пен әрбір индивидтің белсенді ынтымақтастығы арасындағы қайшылықтары кедергі келтіреді.
Егер мемлекетті басқару билігі мен халықтың билікке белсенді араласуы үйлеспесе, егер қоғамдық өмір ағыны төменнен жоғары қарай тұрақты көтерілмейтін болса, билік халықты алдауға алып келеді.
Мемлекетті басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыру үйлесімі мәселесін шешу-қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Барлық түрдегі авторитарлы жүйелердегі демократия арқылы жеңу, соңғы жүзжылдықтар ішінде еркіндік үшін күресу мақсаттарын жүзеге асырған жағдайда ғана мүмкін болады.
Демократия нигилизм күшін ,тек адамдарға еркіндікке деген сенімді ұялатқанда, өз қабілетіне, таңдау құқықтарының бар екендігіне сендіргенде ғана жеңеді .Яғни демократиялық мемлекетте тұратын адамдар өзінің өмір сүру, ойлау, таңдау, даму еркіндігі бар екенін сезінеді. Бірақ бұл еркінсуді білдірмейді. Мемдекеттік заңдармен, қабылданған нормаларға бағына отырып, жеке бас еркіндіктерін сақтайды.
Қазіргі демократиялық мемлекетте өмір сүретін адам енді билікке толыққанды бағынбай, өз еркіммен өмір сүремін деп ойлайды. Бірақ қоғамдық пікір және «ортақ мәдени нормалар» сияқты жасырын еркіндіктің рөлін байқамаймыз, олар бізді қоғамнан алшақтап немесе жаттанудан сақтайды. Еркіндік түсінігі әртүрлі қабылданады.Адамдар еркіндікке ұмтылғанмен толық еркін бола алмайды. Егер адам өмірінде еркіндік түсінігі мен құқық нормаларын үйлестіре білсе, онда сөз еркіндігін, ойлау еркіндігін сезіне алады.
Құқық бостандықты сақтау (қорғау, кепілдік беру) үшін адам бостандығын шектейді. Егер заңдар жоқ деп елестетсек, барлығы толықтай еркін болады. Бұл анархияға, хаосқа, «Джунгли заңдарының» қалыптасуына және ақыр соңында қоғамның ыдырауына, опат болуына алып келеді. Адам бостандығының жеке шарасы, оның мүдделері, қажеттіліктері, құқықтары мен бостандықтары басқа тұлғалардың құқықтарымен, мүдделерімен, қоғам алдында белгілі бір міндеттерді орындаумен шектелуге тиіс. Осылайша, заң бір мезгілде адамды шектейді және жеке бас бостандығын қорғайды. Заң мемлекетті қоса алғанда, кез келген үшінші тұлғалардың қол сұғушылығынан адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. «Құқық-ортақ бостандықты қорғайтын өзара мәжбүрлеу болып табылады»,-деді И. Кант.
Сонымен, мемлекет жеке адамның да, қоғамның да мүддесін, еркіндігін құқық арқылы шектейді. Еркіндік қандай шамада шектеле алады? Мұндай шектеулер негізді және заң арқылы рұқсат етілген болуы тиіс. Тұтастай алғанда, шектеулердің шектері адам және азамат құқықтарының Француз декларациясымен бекітілген формуламен (1978 ж.) көрсетілген: еркіндік басқаларға зиян келтірмейтіннің бәрін жасау мүмкіндігінен тұрады. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның жеке бостандығы, конституциялық құрылым негіздерін, адамгершілік, денсаулық, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін деп көрсетілген. Бұл халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес келеді. Демократиялық мемлекеттерде адам құқықтарының жалпыға бірдей өз құқықтары мен еркіндіктерін білу мен жүзеге асыру кезінде әрбір адам басқалардың құқықтары мен еркіндіктерін мойындауды және құрметтеуді қамтамасыз ету және демократиялық қоғамдағы моральдың, қоғамдық тәртіптің және жалпы әл-ауқаттың әділ талаптарын қанағаттандыру мақсатында ғана заңмен белгіленген шектеулерге ұшырауы тиіс деп есептеледі. Құқықтық нормалар адамға еркіндікті неғұрлым берсе, мемлекет соғұрлым демократиялық және әділ болып саналады. Осылайша, құқық қоғамның әділдік туралы белгілі бір түсінігін білдіреді. Сондықтан құқық-еркіндік пен әділеттіліктің ресми шегі болып табылады. Осыдан демократиялық мемлекеттің басты идеясы –еркіндік екендігін түсінеміз.
Бүгінгі таңда көптеген елдерде халық билігін либералды демократиямен теңестіреді, ол жоғары билік берген тұлғалардың адал, мерзімді және жалпыға бірдей сайлануларымен қатар, үміткерлер сайлаушылардың дауыстары үшін еркін бәсекеге түседі.

Француз революциясы заманынан бастап еркіндік мәдениеттің ең ұлы құндылығы ретінде қарастырылады. Бүгінгі күні біз қазіргі қоғамда жеке бас еркіндігінің құндылығын қалпына келтіруге тырысамыз, оны адам және қоғам құқықтарының бірі ретінде ресми түрде қабылдаймыз. «Жеке бас еркіндігі» ұғымы бұқаралық ақпарат құралдарында, саяси көшбасшылардың сөздерінде жиі қолданылады, біздің мемлекетіміздің Конституциясымен жарияланады. Алайда, бұл ұғымға адамдардың берген анықтамасы әртүрлі,көбінесе адам тұлғасының еркіндігі мәселесін шешудің ең қарама-қайшы жолдары ұсынылады. Бұл ретте еркіндік категориясы елеулі талдауға ұшырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет