Аксиология философиясы және этика


Әлеуметтік философияның пәні



бет14/30
Дата16.10.2023
өлшемі355,26 Kb.
#116371
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Аксиология философиясы және этика-emirsaba.org

Әлеуметтік философияның пәні
Адамның табиғаты мен мәнін, оның дамуының негізгі кезеңдерін, сонымен қатар, «индивид», «жеке тұлға» ұғымдарын тұтас және толыққанды талдауды қоғам ұғымынан тыс қарастыра алмаймыз. Адамның пайда болуының өзі көбінесе ұжымдық өмір сүру мен қарым-қатынастың өнімі болып табылады. Сондықтан , адамның әлеуметтік болмысын түсінбей, оның әр түрлі компоненттерін талдау мүмкін емес болып табылады. Бұл философиялық білімнің ерекше саласы – әлеуметтік философияның мәні болып табылады. Егер Философия пәні адам мен әлем сияқты құрамдастардың өзара байланысын қарастырса, әлеуметтік философияның пәні адам мен әлеуметтік әлемнің ,қоғамның арақатынасын қарастырады.
XIX ғасырдың төрт ойшылы – Гегель, О. Конт, К. Маркс және Г. Спенсердің ілімдері арқылы әлеуметтік философияның қалыптасуындағы шешуші қадам жасалынды. Бұған дейін ойшылдар әлеуметтік философияның жекелеген мәселелерін ғана атап өткен болатын. Мысалы. антикалық дәуірден бастап жаңа заманға дейін философиялық зерттеулерде ең алдымен екі тармақ жасалды: Платон, Аристотель, Т. Гоббс және Ж. Ж. Руссо. Бұл ретте мемлекет ұғымының қоғамнан айырмашылығы аз болды. Кейіннен теориялық қызығушылық орталығы саяси-мемлекеттік және рухани проблемалардан әлеуметтік-экономикалық проблемаларға қарай одан әрі жылжыды. Бұл К. А. Сен-Симон, А. Смит, К. Маркс және т.б. еңбектерінде айқын көрініс тапты
Қоғам көптеген ғылымдармен – философиямен, әлеуметтанумен, тарихпен, этнологиямен, мәдениеттанумен және т.б. байланысып зерттеледі. Әлеуметтік философияның негізгі мәселесі – «қоғам деген не?» деген сұрақ болып табылады. Әлеуметтік философия пәнін түсіну әлеуметтік философия құрылымын талдау барысында айқын болады. Профессор Л. П. Станкевич әлеуметтік философияның келесі компоненттерін бөліп қарастырады:
- әлеуметтік онтология-қоғамдық өмірдің әмбебап заңдылықтарын, қоғамдық дамудағы материалдық және рухани факторлардың арақатынасы мәселесін, қоғамдық динамикадағы табиғаттың рөлін зерттейді.
– әлеуметтік гносеология-адамға байланысты және оған байланысты емес әлеуметтік құбылыстарды танудың жалпы мәселелерін талдайды. Бұл әлеуметтік құбылыстарды қалай дұрыс тану туралы сұраққа жауап береді.
– әлеуметтік аксиология немесе құндылықтардың әлеуметтік теориясы - тарихтың әртүрлі кезеңдерінде құндылықтардың салыстырмалы жүйесінің болуын негіздеуге қызмет етеді, қоғамда құндылықтардың пайда болу заңдылықтарын, олардың абсолюттік құндылықтармен арақатынасын зерттейді.
- әлеуметтік праксиология-қоғамдық өмірді ұйымдастырудың практикалық мәселелерін, мақсаттардың, құралдардың және нәтижелердің арақатынасының мәселелерін зерттейді.
Осылайша, әлеуметтік философияны қоғамдық өмірдің жалпы проблемалары – оның даму факторлары, қоғамның жалпы құрылымы, әлеуметтік-тарихи даму заңдылықтары қызықтыратыны түсінікті болады. Бұл әлеуметтік философия әлеуметтану, тарих, әлеуметтік психология, этнология секілді эмпирикалық ғылымдардың деректеріне негізделген жалпылама теориялық білім ретінде көрінеді. Сонымен, егер әлеуметтану қоғамның ішкі құрылымын, оның әлеуметтік құрамының ерекшеліктерін, әлеуметтік топтар арасындағы қарым – қатынастардың динамикасын, қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы-саясаттағы, экономикадағы, құқықтағы жалпы заңдылықтарды талдап қарастырса, онда әлеуметтік философия қоғамды ондағы қоршаған табиғи және ғарыш әлемімен өзара байланыстағы әмбебап қоғамдық заңдылықтардың болуы тұрғысынан қарастырады. Егер тарих пен әлеуметтану қоғамды өзгерістердің белгілі бір ағыны ретінде түсіндірсе, онда әлеуметтік философия қоғамды өзгергіштік пен өзгермейтін бастамалардың синтезі ретінде қарастыруға ұмтылады. Ол адам тарихында әр түрлі халықтар мен мәдениеттерді біріктіре алуын және осының негізінде қоғамның адам өміріндегі нақты мәні қандай екендігін зерттеуге мүмкіндік береді.
Қоғамның ғылыми талдауы, егер әртүрлі әлеуметтік топтарды, жекелеген индивидтерді, ірі әлеуметтік қауымдастықтарды біртұтас тұтастыққа біріктіріп, оларды ортақ тарихи қозғалыс шеңберінде әрекет етуге итермелейтін нақты түсінік арқлы жүзеге асады. Басқаша айтқанда, қоғамның даму көзі не болып табылады және адамдарды бірыңғай әлеуметтік «организмге» не біріктіреді? Деген сұрақтар туындайды.
Әлеуметтік философия тарихында дәстүрлі түрде ең ірі 3 көзқарас қалыптасады:
- натуралистік көзқарас-адам қоғамы табиғат, жануарлар әлемі заңдылықтарының табиғи жалғасы ретінде қарастырылады. Осы ұстанымдар бойынша қоғамдық құрылыммен мен тарихи кезеңнің барысы күн белсенділігі және ғарыштық сәулелердің ырғағымен анықталады. Және Ш. Л. Монтескье, Л. И. Мечников еңбектерінде адам қоғамының қалыптасуын географиялық және табиғи-климаттық ортаның ерекшеліктері ретінде қарастырылады. Әрі Э. Уилсон, Р. Докинс көзқарастары бойынша адамның табиғи тіршілік ретіндегі ерекшелігі, оның генетикалық, нәсілдік және жыныстық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады деп есептейді.
- идеалистік тәсіл негізінде, адамдарды біртұтастыққа біріктірудің мәні қандай да бір идеялар, нанымдар, мифтер арқылы көрініс табады. Қоғамдық өмірдің негізі Құдайдың бастамасы, қоғамның діни түсінігі немесе ұлы тұлғалардың идеялары болып табылады. О. Конттың «бұқара психологиясы», Гегельдің «абсолютті ақыл» тұжырымдамалары мысал бола алады.
- материалистік тәсіл-К. Маркс пен Ф. Энгельс тұжырымдамасында барынша толық негізделген. Әлемдік тарих пен қоғамның негізін қызмет, іс-әрекет құрайды. Дәл осы қызмет яғни, еңбек және қарым-қатынас маймылдың адамға айналуына ықпал етті және қоғамның тарихи дамуына ықпал етуді жалғастыруда. Әрбір адамның белгілі бір қажеттіліктері бар, әрі олар қанағаттануы тиіс. Жалпы тарих бірқатар кезеңдерден тұрады, оның барысында осы қажеттіліктер техникалық өндірістің қандай да бір тәсілімен қанағаттандырылады. Мысалы, техникалық даму қоғамдық үдерістегі материалдық өндірістің даму деңгейі және әлеуметтік қатынастардың қандай да бір жүйесін, мәдениет деңгейін, саяси құрылымды, құқықтық ережелер мен әлем туралы философиялық түсініктерді қалыптастыру үшін айқындаушы құрал болып табылады. Осылайша, адамдармен олардың қажеттіліктерінен туындайтын нақты қоғамдық, саяси мүдделерді әлеуметтік философия зерттеу нысанында біріктіре қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет