Аксиология философиясы және этика


Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі:фатализм,гедонизм,валюнтаризм, функционализм



бет12/30
Дата16.10.2023
өлшемі355,26 Kb.
#116371
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
Аксиология философиясы және этика-emirsaba.org

8.3 Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі:фатализм,гедонизм,валюнтаризм, функционализм.
Антикалық кезеңнен бастап философияда тарихи түрде өмірдің мәнін түсінудің бірнеше ұстанымдары қалыптасты. Соларды атап өтсек:
Фатализм, бастапқыда адам өмірінің барлық барысын және оның іс-әрекетін алдын ала анықталады деп есептейді. Фатализмді мифология мен наным-сенім тұрғысында-тағдырға сену деуге болады. Христиан діні мен ислам діні тұрғысында- Құдайдың еркі, қалауы деп түсіндіріледі, немесе Жаңа дәуір философиясының өкілдері: Гоббс, Спиноза, Лаплас көзқарастары бойынша, әрбір келесі оқиға алдыңғы оқиғамен қатты байланысты деп санайтын жабық жүйенің детерминизімі деп қабылдауға болады. Мұнда шын мәнінде, еркін таңдау болмайды, тек сену қажет болып табылабылады.
Гедонизм. Бұл бағыт бойынша, адам болмысының жоғары мәні рахаттану болып саналады. Гедонизм формуласы: «өмір сүру-рахаттану». Үнді гедонизмінде Рахаттың 500-ден астам түрі бар және олардың басым көпшілігі жоғары руханилықпен байланысты -музыка, поэзия, философиямен айналысу болып табылады.
Сократ гедонизмдегі рахаттың маңыздылығын мойындай отырып, оны жақсылық жасаумен байланыстырады. Софистермен полемикада Сократ рахаттануды — жаман және жақсы, шынайы және жалған деп бөліп қарастыруды талап етті. Платон өз шығармаларында: өмір рахатқа толы болғаны үшін жақсы болмайды. Өмірде жақсылықтар көп болса, жақсы болатындығын дәлелдегісі келді. Ал, Аристотель рахаттану игілік емес, әрі оған ұмтылудың қажеті жоқ деп есептеді.
Гедонизм идеясы Эпикурдың эвдемонизмында дамыды, ол дененің емес, жанның шынайы рахаты маңызды деп ойлады. Яғни, атараксия күйіне жету, «тәндік қайғы-қасіретінен және жан үрейлерінен азат болу».
Орта ғасырлардағы христиан дәстүрінде гедонизм идеялары қарастырылмады. Тек Қайта өрлеу дәуірінде бұл идеясының жаңа жақтастары (Л. Валла, К. Раймонди) болды. Гедонизм идеясының жаңа еуропалық түсінігі сол кездегі философиялық-этикалық ілімдердің көпшілігінде толық және жартылай түрде жүзеге асырылды (Б. Спиноза, Дж. Локк), этикалық сентиментализм өкілдері (т. а Хатчесон, Д. Юм). Т. Гоббс, Б. Мандевиль, К. Гельвеции адамдардың мінез-құлқын рахаттанумен тікелей байланыстырды. Алайда, бұл индивидтің қоғамдық белгілі бір мүдделерімен байланысты болады. Бұл көзқарас Гоббстан Гельвецияға дейін жаңа еуропалық моральдық философияда классикалық утилитаризмде тікелей жалғасын табады, онда рахаттану пайда ұғымымен теңестіріледі. Тек де Сад шығармаларында рахаттану қағидасы — әлеуметтік ұстанымдарға қарсы және қоғамдық келісім теориясымен жанама түрде бекітіледі. Басқа жағынан қарағанда, Жаңа заман философиясында гедонизм идеясы рационалистік перфекционистік және әлеуметтік, кейде аморальдылық контексттерінде түсіндірілді. Нәтижесінде, гедонизм философиялық дүниетаным ретінде дағдарысқа ұшырады. К. Маркс, З. Фрейд және Дж. Мур осы дағдарысты концептуалды түрде құрастырылған ережелер мен ұстанымдар арқылы тұжырымдады. Психоанализ бағытында рахаттануды басқа қырынан зерттеді: психологиялық тұрғыдан рахаттану қоғамдық индивидтің мінез-құлқының әмбебап бастамасы ретінде қарастырылмайды. Мур гедонизмнің жалғыз жақсылық ретінде рахаттануды көретіндігі натуралистік қателік болып табылады деп тұжырымдады. Мұндай сынаудан кейін гедонизм теориялық тұрғыдан елеулі және сенімді этикалық ұстаным ретінде қабылдана алмады. Яғни, гедонистік көзқарас арқылы өмірдің мәнін түсіну әрі іздеу мүмкін емес немесе уақытты босқа жоғалту болып табылады.
Волюнтаризм-адамның рухани өмірінің басқа категорияларына қарағанда, ерік-жігердің басымдығын, және ойлау қабілетінің маңыздылығын мойындау болып табылады. Волюнтаризмнің бастапқы негізі христиан догматикасында көрініс табады. Әрі Канттың, Фихтенің, Шопенгауэрдың, Ницшенің еңбектерінен табуға болады. Ерік- ақылға қонымсыз, адамға қоятын өз талаптары бар, әлемнің алғаш бастамаларының бірі болып саналады. Волюнтаризм ұстанымы бойынша әрекет ету -болмыстың объективті жағдайларымен, табиғат және қоғам заңдарымен санаспау, өзінің ақылы мен еркіне ғана бағынуды білдіреді.
Функционализм-заманауи американдық сана философиясындағы басты бағыттардың бірі болып табылады .
Функционализмнің дамуы когнитивтік ғылымдар мен жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің қалыптасуымен байланысты. Сананың натуралистік немесе элиминативтік теорияларына қарама-қарсы, ментальдық жағдайдың белгілі бір түрлерін нейрофизиологиялық оқиғалармен теңестіру мүмкіндігін болжайтын, оның әртүрлі нұсқаларындағы функционализм «сана» ұғымын нейрофизиология ұсынатын құрылымдық деңгейден қорғайды. «Функционализм» термині менталдық жай-күйді феноменалдық қасиеттер мен физикалық оқиғалар ретінде емес, функциялар ретінде қарастырылады. Яғни, ақпаратты өңдеудің негізгі тізбегінде анықталатын рөлдердің түсіндірілетіндігін көрсетеді. Мұндай тізбек: ақпаратты туындату, қорытып шығару және бірқатар аралық қызметтерден тұрады. Яғни, қазіргі заман талабына сай, ақпаратқа тәуелді кезеңінде адам өмірінің мәні тың ақпарат пен жаңашылдық технологиялық дамудан тыс қалмау деуге болады.
Функционализм қазіргі когнитивтік зерттеулердің барлық жүйесімен тығыз байланысты сонымен қатар, онтологиялық сипаттағы жалпы философиялық мәселелерді қарастырады. Функционализмнің кейбір зерттеушілері картезиандық дуализмінің ресурстарына қарсы келсе, кейбір зерттеушілер функционалдық интерпретация сананың онтологиясы туралы мәселені ашық қалдырып қана қоймай, «сананың» және «материяның» онтологиялық қарама-қарсы ұстанымдарының жүйесін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді деп санайды. Субстанциялардың немесе табиғаттың бастапқы айырмашылықтарында бөліп қарастырылатын функционалистік онтология іс жүзінде «психикалық» және кез келген өзге де онтологиялық бағыттарда қолданылуы мүмкін болып табылады.
Утилитаризм бағытының өкілдері: өмірдің мәні-адамды қоса алғанда, бәрінен пайда табуда болып табылады деп ойлады. Ең бастысы-дұрыс есеп. Прагматизм бағытының өкілдері кез келген жолмен ең жоғары табысқа жете білуді өмірдің мәні деп есептеді. Кез келген тәжірибелік әрекеттердің өлшемі- пайда болып табылады.
Борыш этикасы өмірдің мәні «игіліктердің. идеалдың жолында өз қалауларын құрбан ету» деп түсіндірілді. Демек,адам өз қалауларынан, шынайы адамгершілікті жоғары қоюы керек. Адам жалпыға ортақ игілікке борыш сезімін күшейту арқылы жетеді.
Л.Н. Толстой соңғы, өлер алдындағы хатында үлкен балаларына, өмірдің мәнін іздемей әрі түсінбей, өмір заңдылықтарына бағына білмей өмір сүру, бос тіршілік ету ғана ,-деп жазған. Демек, өмірдің мәнін түсіну үшін адамға өз жан -дүниесімен әлемнің, табиғаттың үйлесімділігін таба білу маңызды деп есептеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет