Аксолотльдің бауыр жасушалары: Боялуы: гематоксилин және эозин


Қ аңқа бұлшықет талшықтары



бет6/13
Дата17.09.2023
өлшемі9,66 Mb.
#108286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Àêñîëîòëüä³? áàóûð æàñóøàëàðû Áîÿëóû ãåìàòîêñèëèí æ?íå ýîçèí

Қ
аңқа бұлшықет талшықтары


Бұлшықет талшығы (myofibra; грек, mys — бұлшық ет және fibra — талшық) - бұлшықеттің паренхимасын құрайтын көпядролы бейжасушалық құрылым — симпласт. Бұлшықет талшығы — сыртынан қабықшамен (сарколеммамен) қапталған. Оның саркоплазмасының (цитоплазма) шеткі жағында, сарколеммаға жақын орналасқан ұзынша келген көптеген ядролар болады. Бұлшықет талшығы саркоплазмасында адам мен барлық жануарлар жасушаларына тән органеллалармен қатар, жиырылу қызметін атқаратын арнайы органеллалар — миофибриллалар (протеин миожіпшелері) болады. Олар бұлшықет талшығы цитоплазмасының орта түсында орналасады. Миофибриллалар кезегімен орналасқан актин (жіңішке протеин жігішесі) және миозин (жуан протеин жіпшесі) миофиламенттерінен құралған. Актин миофиламенттері кезегімен орналасқан ақшыл түсті (изотропты), миозин күңгірт түсті (анизотропты) дискілер түзетіндіктен, бұлшықет талшығында көлденең жолақтар байқалады. Бұлшықет талшығының ұзын дығы қаңқа бұлшық еттерінің ұзын дығына сәйкес: бірнеше мм-ден ондаган см-ге дейін, ал оның диаметрі 10 мкм-ден 80 мкм-ге дейін жетуі мүмкін. Бұлшықет талшықтары эмбриондық даму кезінде ортаңғы ұрықтық жапырақша — мезодерманың миотомы миобласттарынан дамиды.
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus sceletalis) — қаңқаның, тілдің, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, көкеттің бұлшықеттерін құрайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ет талшықтары миосимпласттардан тұрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен қапталған. Сарколемма өз кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік жарғақтан және ішкі плазмолеммадан тұрады

  1. Жасушааралық зат. Гиалинді шеміршек


Гиалинді шеміршек ұлпасы (гиалиновая хрящевая ткань); (textus cartilagineus hyaUnus; лат. textus — ұлпа; лат. cartilago — шеміршек, гр. hyalinos — мөлдір, шыны тәрізді) — жасушааралық заты біртекті мөлдір шеміршек ұлпасы.
Гиалинді шеміршек ұлпасы жануарлар организмдеріндегі басқа тірек-трофикалық ұлпалар сияқты шеміршек жасушаларынан (хондроциттерден) және жасушааралық заттан тұрады.
Гиалинді шеміршек ұлпасы — адам мен жануарлар организмдерінде қабырға шеміршегін, төс бөліктері (стернебралар) аралықтарындағы шеміршектерді, сүйектердің буындық беттерін қаптайтын шеміршекті, мұрындағы, көмекейдегі, кеңірдектегі, ауатамырлардағы (бронхтардағы) шеміршектерді түзеді. Гиалинді шеміршек ұлпасы тіректік қызмет атқарады.


  1. Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің жасушааралық заты.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет