Аксолотльдің бауыр жасушалары: Боялуы: гематоксилин және эозин


Адамның қан жағындысы. Кровь человека,мазок



бет2/13
Дата17.09.2023
өлшемі9,66 Mb.
#108286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Àêñîëîòëüä³? áàóûð æàñóøàëàðû Áîÿëóû ãåìàòîêñèëèí æ?íå ýîçèí

Адамның қан жағындысы. Кровь человека,мазок.
Бояу әдісі Рамоновский – Гимза бойынша. х900.
1- эритроциттер; 2- лимфоциттер (кіші және үлкен); 3 -моноцит; 4- нейтрофильді гранулоцит (лейкоциттер); 5- эозинофильді гранулоцит (лейкоциттер); 6- базофильді гранулоциттер (лейкоциттер); 7- қан пластинкалары (тромбоциттер).
Қан және лимфа - шығу тегі мезенхимді тіндер. Олар организмнің ішкі ортасын қалыптастырады (борпылдақ талшықты дәнекер тінмен бірге), плазмдан (сұйық жасушааралық зат) және пішіндік элементтерден тұрады. Қанныңкӛлемі – 5-5,5 л (денемассасының 5-9 %)
Эритроциттер, немесе қанның қызыл түйіршіктері, адамдарда және сүтқоректілерде қанның пішіндік элементтердің ішінде басым болып келеді. Олар фило- және онтогенез барысында ядродан және бірқатар органеллалардан айырылған (постжасушалық құрылымдар). Эритроциттер бӛлінуге қабілеттілігі жоқ, жоғары мамандандырылған құрылымдар болып табылады. Негізгі функциясы – тынысалу – О2 мен СО2 тасмалдау. Бұл тынысалу пигменті гемоглобин (күрделі ақуыз +Fe)- арқылы жүзеге асады. Оған қоса эритроциттер аминқышқылдарды, антиденелерді, дәрілік заттарды, токсиндерді плазмолемма беткейіне адсорбциялайды. Тіршілік мерзімі – 120 тәулік. Саны: Муж 4,0-5,1х1012/л Жен 3,7-4,7х1012/л
Лимфоцит. Жалпы лейкоциттер санының 19-37 % құрайды. Олардың арасында кіші лимфоциттер (d=4,5-6 мкм), орташа (d=7-10 мкм) және ірі (d≤10 мкм). Ірі лимфоциттер тек жана туған нәрестелерде ғана кездеседі. Цитоплазмасында жақсы боялған, пішіні домалақ немесе бұршақ тәрізді ядросы болады, оның құрамында тығыз гетерохроматині бар, және жіңішке жиек тәрізді базофильді цитоплазмасы айқындалады. Кейбір лимфоциттердің цитоплазмасында аз мӛлшерде азурофильді гранулдар (лизосомалар) бар.Барлық лимфоциттердің ішінде кіші лимфоциттер басым болып келеді (85-90 %) құрайды. Гетерохроматин ядра шетінде орналасады. Цитоплазмасында кӛпіршіктер, лизосомалар, бос рибосомалар, полисомалар, митохондриялар, Гольджи жиынтығы, центриольдер, түйіршікті ЭПТ ның аздаған элементтері кездеседі. Кіші лимфоциттер ашық және күңгірт болып жіктеледі. Кіші күңгірт лимфоциттер ашықтарға қарағанда ұсағырақ, ядросы тығыздау болып келеді. Лимфоциттер жіктеледі: В-лимфоциттер, Тлимфоциттер және нӛльдік лимфоциттер. В-лимфоциттер (30%) алғаш рет құстардың фабрициус дорбасынан (bursa Fabricius) анықталған, сәйкесінше атауға ие болды. Олар адам эибрионында бағаналы жасушалардан түзіледі – бауыр мен сүйек кемігінде, ал ересек адамдарда – сүйек кемігінде пайда болады. Олардың басты функциясы -антидене түзуге қатысу , яғни гуморальді иммунитет қалыптастыру. Т-лимфоциттер, немесе тимустәуелді лимфоциттер (70%), сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан пайда болады, ал пісіп жетілуі тимуста жүреді, сәйкесінше атауға ие болды. Т-жасушалардың В-лимфоциттерден ерекшелігі плазмолеммасында иммуноглобулин рецепторлары аздау болып келеді. Әйтседе Т-жасушаларда антигенді танитын және байланысатын спецификалық рецепторлары бар, сол себепті иммундық реакцияларға қатысады. Негізгі қызметі: жасушалық иммунитет қалыптастыру. Түрлері : Т-хелпер, Т-супрессор, Т-киллер.
Моноциттер . Жалпы лейкоциттердің 3-10 % құрайды. Жағындыда d=9-12 мкм, тамшыда d=18-20 мкм. Ядросы әртүрлі және ӛзгермелі : бұршақ, таға тәрізді болып келеді. Моноциттердің цитоплазмасы аз базофильді, лимфоциттермен салыстырғанда. РомановскийГимзе бойынша бояғанда цитоплазмасы ашық кӛгілдір түсті, бірақ ядро маңына қарағанда шеткі аймақтары күңғіртеу; құрамында әртүрлі ұсақ азурофильді түйіршіктер (лизосомалар) болады. Функциясы: фагоцитоз. Цитоплазмасында саусақ тәрізді шығыңқы аймақтары және фагоцитарлы вакуольдері, кӛптеген пиноцитозды кӛпіршіктері болады. Түйіршікті ЭПТ-дың аласа түтікшелері және кішірек митохондриялары болады. Моноциттер организмнің макрофагтық жүйесіне (мононуклеарлы фагоцитарлы жүйе) жатады. Яғни қан моноциттері мен әртүрлі ағзалардың макрофагтарының жиынтығы (ӛкпе альвеоласының макрофагтары, сүйек кемігі, лимфалық түйіндердің, кӛкбауырдың макрофагтары, дәнекер тінінің гистиоциттері, остеокласттар, ОЖЖ глиальді макрофагтары және т.б.).
Түйіршікті лейкоциттер (гранулоциттер) Олар сүйектің қызыл кемігінде түзіледі. Романовский-Гимзе бойынша қышқылды (эозин) және негіздік (азур II) бояумен бояғанда түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында спецификалық түйіршіктер және сегменттелген ядролар анықталады. 1. Нейтрофилдер (қышқылдық және негіздік бояулармен боялады); 2. Эозинофилдер (қышқылдық бояулармен боялады); 3. Базофилдер (негіздікбояуларменбоялады).
Нейтрофильді гранулоцит .Лейкоциттердің жалпы санының 47- 72 % құрайды. Қан жағындысында d=10-12 мкм, тамшыда d= 7-9 мкм. Сегментті ядролы нейтрофилдің ядросы бір бірімен байланысқан 3-5 сегменттен тұрады. Түрлері: жас, таяқша ядролы (жас0-0,5 %) және сегментті ядролы (жетілген). Цитоплазмасында органеллары бар (Гольджи жиынтығы, түйіршікті ЭПТ, митохондриялар). Функциясы: фагоцитоз (микрофагтар) Тіршілік ұзақтығы: 4-16 тәулік. Қантамыр саңылауындағы адамның нейтрофильді гранулоциті. Спецификалық гранулдар, олар ашық түсті, ұсақ және кӛп болып келеді, барлық гранулдардың 80-90 % құрайды. Олардың құрамында қышқылды фосфатаза, бактерицидті ферменттер (лизоцим, лактоферрин), В12 витаминің байланыстырушы ақуыз, коллагеназа болады. Азурофильді гранулдар (лизосома-тәрізді) ірілеу келген (~0,4 мкм), күлгін-қызыл түске боялады, ортаңғы бӛлігі электронды-тығыз болып келеді; олардын саны 10-20 % құрайды. Құрамын миелопероксидаза, гидролитикалық ферменттер, катионды ақуыздар, лизоцим, гликозаминогликандар болады.
Эозинофильді гранулоцит Жалпы лейкоциттер санының 0,5-5 % құрайды. Жағындыда d=12-14 мкм, ал тамшыда d= 9-10 мкм. Эозинофильдердің ядросы әдетте бір бірімен байланысқан 2 сегменттен тұрады. Цитоплазмасында органеллалары бар- Гольджи жиынтығы (ядро маңында), аздаған митохондриялар, актинді филаменттер және плазмолемма астында гранулдар (200) орналасады. Функциясы: аллергиялық және анафилактикалық реакцияларға қатысады, антипаразитарлық қызмет. Тіршілік ұзақтығы: 4-12 тәулік. Адамның қан жағындысы. Эозинофил. РомановскийГимза. х1000 1-эозинофил Гранулдар арасында азурофильді (біріншілік) және эозинофильді (екіншілік) түрлерін ажыратады, олар лизосомалардың модифицирленген түрі болып табылады. Олар электронды-тығыз болып келеді, құрамында гидролитикалық ферменттер болады. Спецификалық эозинофильді гранулдар цитоплазманың басым бӛлегін алып жатады, кӛлемі 0,6-1 мкм. Гранулдың ортасында кристаллоид болады, құрамында негізгі ақыуыз орналасады, ол антипаразиттік қызметті іске асыруға қатысады. Құрамында аргинині кӛп (сондықтан гранулдар оксифильді), лизосомды гидролититтік ферменттер, гистаминаза, эозинофильді катионды ақуыз, пероксидаза болады.
Базофильді гранулоцит Жалпы лейкоциттер санының 0-1 % құрайды. Жағындыда d=11-12 мкм, ал тамшыда d= 9 мкм. Базофилдердіңядроларысегменттелген, 2-3 бӛліктентұрады; цитоплазмасындаорганеллалары бар (ЭПТ, рибосомалар, Гольджижиынтығы, митохондриялар, актиндіфиламенттер. Құрамындаспецификалықіріметахроматикалықгранулдар бар (400), әдеттебұлгранулдарядроныжауыптұрады, олардыңкӛлемі 0,5-1,2 мкм. Тіршілікұзақтығы: 4-12 тәулік. Спецификалықгранулдардыңқұрамындапероксидаза, гистамин, гепарин, АТФ, нейтрофилдер мен эозинофилдердің хемотаксис факторы жәнет.б. бар. Гранулдардыңбіртобылизосомалардыңмодифицирленгентүріболыптабылады. Оданбӛлеказурофильдігранулдар (лизосомалар) да бар. Базофилдер, дәнекертінніңлаброциттерісияқты, гепарин мен гистаминдіӛңдіредіжәнеқанныңұюыпроцесстерінжәнеқантамырқабырғасыныңөткізгіштігінреттеугеқатысады. Базофилдерорганизмніңиммундықреакцияларға да қатысады.
Тромбоциттер, адам қанында ұсақ, түссіз денешіктер түрінде болады, пішіні екі жағы дӛңес диск тәрізді немесе сопақша, ұршық тәрізді болып келген, ӛлшемі 2-4 мкм құрайды. Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігіндегі гигантты – мегакариоцит жасушаларының цитоплазма фрагменттері (үзінділері) болып табылады. Қан жағындысын азур II-эозинмен бояған кезде тромбоциттердің ашық түсті перифериялық бӛлігі -гиаломер және күңғірт түсті, түйіршікті бӛлігі - грануломер анықталады, олардың құрылымы мен бояуы жетілу дәрежелеріне байланысты түрлі болуы мүмкін. Тромбоциттердің 5 негізгі түрлерін ажыратады: 1) жас (1-5 %); 2) пісіп жетілген (88 %); 3) ескі (4 %); 4) дегенеративті (до 2 %); 5) гигантты түрлері – ӛлшемі 4-6 мкм (2 %). Жас тромбоциттерде гиаломер кӛк түске (базофильді), ал пісіп жетілгендерді – қызғылт түске (оксифильді) боялады.Тромбоциттердің негізгі функциясы – қанның ұюына қатысу болып табылады, яғни организмді зақымдалудан және қанкетуден сақтайды. Қантамыр қабырғасының тұтастығының бұзылуы кезінде зақымдалған тіндерден қан ұйю факторлары бӛлінеді, олар эндотелийдің базальді мембранасына және қантамыр қабырғасының коллагенді талшықтарына тромбоциттердің жабысуын (адгезиясын) шақырады. Нәтижесінде тромбоциттерден тығыз түйіршіктер босап шығып ұйіндінің –тромбтың түзілуіне әкеледі. Саны : 2,0-4,0×109 /л (180-320×109 /л )
Романовский-Гимзе бойынша бояу
Күрделі бояу әдісіне жатады және мүшелерден алынған жұғын-препараттарды және қан препараттарын бояуға қолданады, сұйық фиксаторда бекіген соң, бактериялық жасушаның ядролық элементтерін және волютин дәндерін анықтау үшін қолдануға болады. Бояу үшін 1 мл суға бір тамшы алынады, рН - 7,2.
Жас жасушалардың протоплазмасы сия көк-күлгін түске боялады, ядролық элементтері -қызыл-күлгін түс алады. Енді аз уақыт қышқылмен өндегенде бояуды қабылдаған микробтық жасушалар түссізденбейді. Осылайқышқылғатұрақтыбактериялардытұрақсызбактерияларданажыратуғаболады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет