Акт-ны мәтіндік есептерді үйрету әдістемесінде қолдану жоо атауы


Бастауыш сынып оқушыларына арналған Акт-ны қолдана отырып жасалған мәтіндік есептер жиыны



бет9/10
Дата05.06.2023
өлшемі245,95 Kb.
#98819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мәтіндік есептерді шешуде акт қолдану жоба

2.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған Акт-ны қолдана отырып жасалған мәтіндік есептер жиыны

  1. Толқын күндіз кітаптың 5 бетін ,кешке күндіз неше бет оқыса сонша бет оқыды .Толқын кешке және күндіз барлығы барлығы неше бет оқыды.

Жауабы: 10 бет

  1. Талғаттың 9 ойыншық машинасы бар.Ол 2 машинасын досының туған күніне сыйлады.Талғатта неше машина қалды.

Жауабы: 7 машина

  1. Үстелдің үстінде 4 үлкен тәрелке одан 3-еуі кем кіші тәрелке тұр.Үстелдің үстінде неше кіші тәрелке тұр.

Жауабы: 1тәрелке.

  1. Әжей бірінші жүйектен екінші жүйектен неше қияр жұлса ,сонша қияр жұлды.Егер әжейде барлығы 10 қияр болса,бірінші жүйектен неше қияр жұлды.

Жауабы: 5 қияр

  1. Қарбыздың салмағы қауыннан 2 кг ауыр. Егер қарбыздың салмағы 7 кг болса, онда қауынның салмағы қандай?

Жауабы: 5 кг

  1. Асан «МЕКТЕП» сөзін тақтаға екі рет қайталап жазды. Асан тақтада Е әріпін неше рет жазды?

Жауабы: 4 рет

  1. Амир 6 санына 3-ті қосып, шыққан мәнді 2-ге көбейтті, сосын 1- ді қосты. Осыған сәйкес өрнекті тап?

Жауабы: (6+3) *2+1

  1. Үлкен қораптың ішінде 3 орташа қорап бар. Әр орташа қорап ішінде 3 кішкене қораптан бар болса, барлығы қанша қорап бар?

Жауабы: 9

  1. Анасы Сағиден мен Арманға шар сатып әкеліп, теңдей етіп бөліп берді. Арман өз шарларын әртүрлі 4 түске бөлді, сонда әр түстен 3 шардан болды. Анасы қанша шар сатып әкелді?

Жауабы: 12

  1. Ағасы мен қарындасының кәмпиттерінің саны бірдей болды. Ағасы қарындасына 3 кәмпит берді. Енді ағасына қарағанда қарындасының неше кәмпиті артық болды?

Жауабы: 3

  1. Метал құбырды екі бөлікке бөлу үшін 50 тг қажет болса, онда сол құбырды 4 бөлікке бөлуге қанша теңге қажет?

Жауабы: 100тг

  1. Пойыздың отыз вагоны бар. Думан басынан санағанда он бесінші

вагонда, Арман аяғынан санағанда он бесінші вагонда отырды.
Олар бір вагонда ма?.


Жауабы: Иә, бір вагонда;



  1. Таразының бір табағында қауын мен 3 кг гир жатыр; ал екінші

табағында 5 кг-дық екі гир бар. сонда қауынның салмағы қанша кг?
Жауабы: 7.

  1. Бағдәурен бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейін 36 баспалдақ

жүріп өтті. Онда ол бірінші қабаттан алтыншы қабатқа дейін неше
баспалдақ жүріп өтеді?
A. 90 B. 72 C. 60 D. 120 E. 108
10. Сыныпта 13 оқушы ән үйірмесіне, ал қалғаны сурет үйірмесіне
қатысады. Егер ән үйірмесіне сурет үйірмесіне қарағанда 5 оқушы
аз қатысса, онда сыныптағы оқушылар саны қанша?
A. 31; B. 18; C. 20; D. 39. E. 21
11. Катердің меншікті жылдамдығы 15 км / сағ, ағыс жылдамдығы 2
км / сағ. Онда катер 3 сағат ағыспен, 2 сағат ағысқа қарсы жүзсе
барлығы қанша қашықтыққа жүзеді?
A. 75 км B. 85 км C. 73 км D. 49км E. 77 км
12. Әкесі 36 жаста, ұлы 6 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жас
ұлының жасынан 4 есе үлкен болады?
A. 10; B. 6; C. 30; D. 2. E. 4
13. Теплоходтың жылдамдығы 55 км/сағ, ал электровоздың
жылдамдығы одан 110 км/сағ артық. Теплоходтың жылдамдығы
электровоздың жылдамдығының неше есеcіндей?
A. 2 есе; B. 6 есе; C. 4 есе; D. 3есе. E. 5 есе
14. Екі қаладан бір-біріне қарай екі поезд жолға шықты.
Кездескенше бірінші поезд 78 км, ал екінші поезд біріншіден 3 есе
артық жол жүрді. Екі қаланың ара қашықтығы қанша?
A. 78 км; B. 234 км; C. 312 км; D. 390 км; E. 400 км
15. Жексенбі күні таңертең сағат 8-де Дәулет велосипедбен ойнап
қайтуға шығады. 6 минуттан кейін әкесі оның бір затын ұмытып
кеткенін байқап, дереу мотоциклмен қуды. Егер Дәулеттің
жылдамдығы 120 м / мин, әкесінің жылдамдығы 200 м / мин болса,
әкесі өзі шыққаннан бастап есептегенде, неше минуттан кейін
Дәулетті қуып жетеді?
А. 40 мин B. 15 мин C. 9 мин D. 6 мин E. 8 мин
16. Ұзындығы 8 м ағашты көлшіктің түбіне тереңдігі 1 м қаққанда,
судың бетіне 1 м шығып тұр. Көлшіктің тереңдігін тап?
А. 10 B. 9 C. 8 D. 6 E. 4
18
17. Екі қаланың арасындағы жол 197 км. Асан бірінші қаладан
шығып бір сағаттан кейін, Арман екінші қаладан оған қарсы жолға
шықты. Асан сағатына 17 км, Арман сағатына 13 км жылдамдықпен
жүрсе, Асан шыққаннан бастап есептегенде олар неше сағаттан
кейін кездеседі?
А. 7 сағ B. 4 сағ C. 8 сағ D. 6 сағ E. 10 сағ
18. Қоймадағы ұннан 165 т ұн сатылған соң, қалған ұнды
әрқайсысына 3 тоннадан 14 машинаға тиеді. Қоймада алғашқыда
неше тонна ұн болған?
А. 207 т B. 42 т C. 123 т D. 270 т E. 2352
19. Математикалық тестте 15 есеп болды. Әрбір есепке берілген
жауап дұрыс болса 8 ұпай беріледі, қате болса 4 ұпай тартылады.
Асан барлық есепке жауап беріп 72 ұпай алса, ол неше есепке дұрыс
жауап берген?
А. 4 B. 9 C. 12 D. 10 E. 11
20. Думан 20 теңгелік және 8 теңгелік 60 марка сатып алып, барлығы
600 теңге жұмсады. Думан 20 теңгелік маркадан қаншасын алған?
А. 6 B. 9 C. 12 D. 10 E. 50

8 ұпайлық есептер


21. Велосипедші 3 сағат 18 км/сағ жылдамдықпен жүрген.
Қайтарда ол бірінші жолдан 9 км ұзақ жолмен қайтты, бірақ
велосипедшінің қайтар жолдағы жылдамдығы да 3 км/сағ
артық болған. Велосипедші қайтар жолға қанша уақыт
жіберген?
22. Үшбұрыштың бірінші және екінші қабырғаларының
қосындысы 63 см, екінші және үшінші қабырғалары қосындысы
19
59 см. Егер үшбұрыштың периметрі 116 см тең болса, оның әр
қабырғасының ұзындығын тап.
23. Математикалық ребусты шеш. (мұндағы бірдей әріптер
бірдей цифрлар, әртүрлі әріптер әртүрлі цифрларға сәйкес
келеді.)
24. Арман көп қабатты тұрғын үй кешенінде тұрады. Ол
баспалдақпен әр қабатқа көтерілуге 3 минут уақыт жұмсайды, ал
түсуге әр қабат үшін 1 минут уақыт жұмсайды. Ол таңертең 08: 45-
тен бастап бірінші қабаттан көтерілді, ең жоғарғы қабатқа жетіп, ілешала демалмастан қайта төменге түсті. Ол 09: 49 болғанда бірінші
қабатта болған болса, онда осы көп қабатты тұрғын үй неше қабат?
25. Бір ағаш материалды 4 бөлікке бөлу үшін 12 минут уақыт
кетсе, осындай ағаш материалын 8 бөлікке бөлу үшін неше минут
уақыт кетеді?
4- сынып, ІІ нұсқа
3 ұпайлық есептер

21. Жасыл лента қызыл лентадан бес метрге ұзын. Жасыл лентадан


8 метр, қызыл лентадан 3 метр кесіп алғанда, екі лентаның
ұзындықтары қалай болды.
20
А. Жасыл лента 8 метр, қызыл лента 3 метр B. ұзындақтар
бірдей
C. Жасыл лента қызылдан ұзын D. Қызыл лента жасылдан
ұзын. E. Тұжырымдау мүмкін емес.
22. Таразының бір табағында қауын мен 4 кг гир жатыр; ал екінші
табағында 5 кг-дық екі гир бар. сонда қауынның салмағы қанша
кг?
А. 3 B. 6 C. 5 D. 10 E. Есептеу мүмкін емес.
23. Пойыздың отыз вагоны бар. Думан басынан санағанда он бесінші
вагонда, Арман аяғынан санағанда он бесінші вагонда отырды.
Олар бір вагонда ма?.
А. Иә, бір вагонда B. Жоқ, басынан санағанда Думан он бесінші,
Арман он алтыншы C. Жоқ, басынан санағанда Думан он бесінші,
Арман он төртінші D. Жоқ, басынан санағанда Думан он бесінші,
Арман он жетінші. E. Жоғарыдағылардың бәрі қате.
24. Төрт дос әрқайсысы бір бірімен қол алысып амандасты. Сонда
барлығы неше рет қол алысу болды?
А. Жеті рет; B. Төрт рет; C. Алты рет D. Он екі рет
25. Екі бала домбыра, ал біреуі сыбызғымен ойнап отыр. Ұлан мен
серік әртүрлі аспаппен, Мұрат пен серік бір түрлі аспаппен ойнаған
болса, Ұлан немен ойнаған?
А. Сбызғы B. Домбыра C. Домбыра және сыбызғы D. Қобыз
E. Бәрі қате.
26. Аралығы 2 метрден 10 метр жерге неше ағаш егуге болады?
А. 5 B. 4 C. 10 D. 6 E. 2
27. Бағдәурен бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейін 36 баспалдақ
жүріп өтті. Онда ол бірінші қабаттан алтыншы қабатқа дейін неше
баспалдақ жүріп өтеді?
A. 90 B. 72 C. 60 D. 120 E. 108
28. Асан саңырауқұлақ теруге таңертеңгі 7 сағ 35 минутта кетіп,
күндізгі 3 сағ 15 минутта қайтып оралды. Ол саңырауқұлақ теруде
қанша уақыт болды.
А. 7 сағ 40 мин B. 4 сағ 20 мин C. 8 сағ 40 мин D. 10 сағ 50 мин
E. 6 сағ 40 мин
21
29. Үшбұрыштың екі қабырғасның ұзындықтары тең. Ал үшіншісі
екіншісінен 4 см артық. Егер де үшбұрыштың периметрі 55 см
болса, үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығы қанша?
А. 20 см B. 17 см C. 4 см D. 21 см E. 15 см
30. Қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың жалпы саны 49,
аяқтарының саны 100 болса, қорада неше тауық, неше қоян бар??
A. 48 тауық, 1 қоян B. 1 тауық,48 қоян C. 30 тауық, 10 қоян
D. 25тауық, 24 қоян E. 45 тауық, 4 қоян.
31. Әкесі 36 жаста, ұлы 6 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жас
ұлының жасынан 4 есе үлкен болады?
A. 10; B. 6; C. 30; D. 2. E. 4
32. Қоймадағы ұннан 165 т ұн сатылған соң, қалған ұнды
әрқайсысына 3 тоннадан 14 машинаға тиеді. Қоймада алғашқыда
неше тонна ұн болған?
А. 207 т B. 42 т C. 123 т D. 270 т E. 2352
33. Математикалық тестте 15 есеп болды. Әрбір есепке берілген
жауап дұрыс болса 8 ұпай беріледі, қате болса 4 ұпай тартылады.
Асан барлық есепке жауап беріп 72 ұпай алса, ол неше есепке дұрыс
жауап берген?
А. 4 B. 9 C. 12 D. 10 E. 11
34. Теплоходтың жылдамдығы 55 км/сағ, ал электровоздың
жылдамдығы одан 110 км/сағ артық. Теплоходтың жылдамдығы
электровоздың жылдамдығының неше есеcіндей?
A. 2 есе; B. 6 есе; C. 4 есе; D. 3есе. E. 5 есе
35. Сыныпта 13 оқушы ән үйірмесіне, ал қалғаны сурет үйірмесіне
қатысады. Егер ән үйірмесіне сурет үйірмесіне қарағанда 5 оқушы
аз қатысса, онда сыныптағы оқушылар саны қанша?
A. 31; B. 18; C. 20; D. 39. E. 21
36. Катердің меншікті жылдамдығы 15 км / сағ, ағыс жылдамдығы 2
км / сағ. Онда катер 3 сағат ағыспен, 2 сағат ағысқа қарсы жүзсе
барлығы қанша қашықтыққа жүзеді?
A. 75 км B. 85 км C. 73 км D. 49км E. 77 км
22
37. Екі қаладан бір-біріне қарай екі поезд жолға шықты.
Кездескенше бірінші поезд 78 км, ал екінші поезд біріншіден 3 есе
артық жол жүрді. Екі қаланың ара қашықтығы қанша?
A. 78 км; B. 234 км; C. 312 км; D. 390 км; E. 400 км
38. Жексенбі күні таңертең сағат 8-де Дәулет велосипедбен ойнап
қайтуға шығады. 6 минуттан кейін әкесі оның бір затын ұмытып
кеткенін байқап, дереу мотоциклмен қуды. Егер Дәулеттің
жылдамдығы 120 м / мин, әкесінің жылдамдығы 200 м / мин болса,
әкесі өзі шыққаннан бастап есептегенде, неше минуттан кейін
Дәулетті қуып жетеді?
А. 40 мин B. 15 мин C. 9 мин D. 6 мин E. 8 мин
39. Ұзындығы 8 м ағашты көлшіктің түбіне тереңдігі 1 м қаққанда,
судың бетіне 1 м шығып тұр. Көлшіктің тереңдігін тап?
А. 10 B. 9 C. 8 D. 6 E. 4
40. Екі қаланың арасындағы жол 197 км. Асан бірінші қаладан
шығып бір сағаттан кейін, Арман екінші қаладан оған қарсы жолға
шықты. Асан сағатына 17 км, Арман сағатына 13 км жылдамдықпен
жүрсе, Асан шыққаннан бастап есептегенде олар неше сағаттан
кейін кездеседі?
А. 7 сағ B. 4 сағ C. 8 сағ D. 6 сағ E. 10 сағ

8 ұпайлық есептер


1. Бірінші күні машина жолда 6 сағат болып, 65 км/сағ
жылдамдықпен жүрді. Екінші күні ол жолда 2 сағат көп болды
және 106 км артық жол жүрді. Машина екінші күні қандай
жылдамдықпен жүрген?
2. Үшбұрыштың бірінші және екінші қабырғаларының қосындысы
72 см, екінші және үшінші қабырғалары қосындысы 93 см. Егер
23
үшбұрыштың периметрі 120 см тең болса, оның әр
қабырғасының ұзындығын тап.
3. Математикалық ребусты шеш. (мұндағы бірдей әріптер бірдей
цифрлар, әртүрлі әріптер әртүрлі цифрларға сәйкес келеді.)
4. Арман көп қабатты тұрғын үй кешенінде тұрады. Ол баспалдақпен
әр қабатқа көтерілуге 3 минут уақыт жұмсайды, ал түсуге әр қабат
үшін 1 минут уақыт жұмсайды. Ол таңертең 08: 45-тен бастап бірінші
қабаттан көтерілді, ең жоғарғы қабатқа жетіп, іле-шала демалмастан
қайта төменге түсті. Ол 09: 49 болғанда бірінші қабатта болған болса,
онда осы көп қабатты тұрғын үй неше қабат?
5. 4 минутта бөренені жарты метрлік бөліктерге бөлген. Егер әр
кесуге 1 минут уақыт жұмсаған болса, бөрененің жалпы
ұзындығы қандай болған?

Қосындыны табуға арналған есептер


1. Шабындықта 4 қой мен 3 ешкі жайылып жүрді. Шабындықта қанша
жануар жайылып жүрді?
24
2. 2 қызыл және 3 көк шар үрленді. Қанша шар үрленді?
3. 2 терекқұлақ өсті, сосын олардың жанына 3 шыбынжұт өсіп шықгы.
Сонда қанша саңыруқұлақ өсіп пшқты?
4. Сәнияға 3 қуыршақ, Серіқке 4 машиина сатып алды. Балаларға барлығы
қанша ойыншық сатып алынды?
5. Үстелдің үстінде 4 қызыл және 5 сары алма жатты. Үстелдің үстінде
қанша алма жатты?
6. Ең басында гүлбағында 7 түймедақ, ал сонан соң тағы 3-уі өсіп шықты.
Гүлбағында қанша түймедақ бар?
7. Карина 4 жасыл және 5 ақ монщақган алқа жасап алды. Алқада қанша
моншақ болды?
8. Досымжан гербарий жасауға 3 қайың жэне 6 терек жапырағын жинап
алды. Досымжан қанша жапырақ жинады?
9. Бақшада қара қарақаттың 4 бұтасы және қызыл қарақаттың 6 бұтасы өсті.
Бақшада қарақаттың қанша бұтасы өсті?
10. *Көк сауытта 7 жаңғақ, ал сарыда 5 жаңғақ бар. Екі сауытта барлығы
қанша жаңғақ бар?
11. Шырша астында 4 кірпі жүрді. Оларга тағЫ біреуі келіп қосылды. Сонда
қанша кірпі болды?
12. Анам 7 қызыл және 3 жасыл алма сатып алды. Анам барлығы қанша
алма сатып алды?
13. Бұтақта 6 сарышымшық отырды, оларға тағы 3-уі ұшып келді. Сонда
қанша сарышымшық болды?
14. Мектеп бақшасына 8 бұта қара және 7 бұта қызыл қарақат отырғызылды.
Барлығы қанша бұта қарақат отырғызылды?
15. Сәкен 5 тор көзді және 4 кең жол дәптер сатып алды. Сәкен барлығы
қанша дәптер сатып алды?
16. Шабындықта 5 сиыр мен 4 ешкі жайылып жүрді. Жайылымда барлығы
қанша жануар жайылып жүрді?
25
17. Бұтада 3 раушан гүлі шешек атты. Бір күн өткеннен кейін, тағы 6 раушан
гүлі шешек атгы. Бұтада қанша раушан гүлі бар?
18. Нағимада 5 құттықтау қағазы болды. Мерекеге оған тағы 4 құттықтау
қағазын жіберді. Сонда Нағимада қанша құттықтау қағазы болды?
19. Асланда 4 мультфильм таспасы болды. Оған тағы 2 таспа сатып алып
берді. Асланда канша таспа болды?
20. Маршруттық таксиде 2 адам келе жатгы. Аялдамадан тағы 8 адам
отырды. Таксида қанша жолаушы болды?
21. Шабындықта 2 ешкі мен 7 қой жайылып жүр. Шабындықга қанша
жануар жайылып жүр?
22. 4 қызыл және 2 көк шар үрленді. Сонда барлығы қанша шар үрленді?
23. 4 саңырауқұлақ өсіп шықты, содан кейін олардың қасынан тағы 5
саңырауқұлақ өсті. Сонда барлығы қанша саңырауқүлақ өсіп шықты?
24. Сараға қуыршақтың 3 жиынтығын, ал Сәкенге машинаның 3
жиынтығын сатып әперді. Балаларға барлығы қанша ойыншық жиынтығы
сатып алынды?
25. Үстелдің үстінде 4 мандарин мен 3 апельсин болды. Үстелдің үстінде
барлығы қанша жеміс жатгы?
26. Гүлбағында алдымен 6 түймедақ, сосын 3 көктікен өсіп шықты.
Гүлбағында барлығы қанша гүл өсіп түр?
27. * Гүлім 6 сары және 5 жасыл маржаннан өзіне моншақ жасап алды.
Сонда моншақта қанша маржан болды?
28. * Дарын гербарий үшін 13 кайың және 2 көктерек жапырагын жинап
алды. Дарын қанша жапырак жинады?
29. *Бақшада 14 бұта қара және 2 бұта қызыл қарақат өсіп шықты. Бақшада
қанша бұта қарақат өсті?
30. Бір қараторғай торғай үйшігінің қасындағы бұтакта ән салып отырды.
Оған тағы 4-уі ұшып келіп қосылды. Бұтақта барлығы қанша ән салғыш құс
болды?
26
31. Ермекте 4 машина болды. Оған тағы 3-ін сыйға тартты. Ермекте қанша
машина болды?
32. Балалар Жаңа жылға дейін мектепте 4 ай және Жаңа жылдан кейін 5 ай
оқиды. Жалпы балалар қанша ай оқиды?
33. Құрылысқа 3 машина құм және 7 машина кірпіш әкелді. Құрылысқа
қанша машина құрылыс материалын әкелді?
34. * Вася мерекеге деп анасы мен әжесіне 1 Қызғылт, 5 ақ және 9 қызыл
қалампыр сатып алды. Вася барлығы қанша қалампыр сатып апды?
35. Есік алдындағы көгалда 5 тауык жүрді. Оларға тағы 5 тауык косылды.
Көгалда барлығы канша тауық болды?
36. Балалар құстарга арнап дүкеннен 2 кг қарақұмық және 3 кг тары
жармасын сатып алды. Балалар қанша килограмм жарма сатып алды?
37. Залда 5 орындық тұрды. Оған тағы да 4 орындық әкелді. Сонда барлығы
қанша орындық болды?
38. Бірінші күні Аслан 5 сурет салды. Екінші күні тағы сонша салды. Аслан
қанша сурет салды?
39. Бір бұтақта 5 алма, ал екіншіде тағы да сонша алма өсіп тұрды. Екі
бұтақта қанша алма болды?
40. Мысықтың 2 ақ және тағы сонша қара марғауы бар. Мысықтың неше
марғауы бар?
41. Үстелдің үстінде 3 кесе және сонша табақша тұр. Үстелдің үстінде
қанша ыдыс тұр?
42. *Бірінші күні мектеп кітапханасына 6 бума, екінші күні 4 бума, ал
үшінші күні бірінші және екінші күндегі бумалардың қосындысындай кітап
әкелінді. Үшінші күні қанша бума кітап әкелінді?
43. Қорапта 5 көк, 3 жасыл жаңажылдық шар болды, ал қызыл шар көк пен
жасылдың қосындысындай болды. Қорапта қанша қызыл шар болды?
44. Бірінші командада 7 ұл бала, екіншіде 3 ұл бала болды. Ал үшінші
командада, бірінші мен екіншідегі балалардың қосындысындай бала болды.
Үшінші командада қанша бала болды?
27
45. Заринаның туған күніне 2 қуыршақ, 3 жұмсақ ойыншық сыйға тартты,
ал үрлеме шарлар қуыршақ пен жұмсақ ойыншықтың қосындысындай
болды. Заринаға қанша үрлеме шар сыйға тартты?
46. Бір пәтерде 5 адам тұрады, ал екіншісінде 4 адам, үшіншісінде бірінші
және екінші пәтерлерде түратын адамдар қосындысындай тұрады. Үшінші
пәтерде қанша адам тұрады?
47. Сыныпта 3 қыз бала гимнастикамен, 4 ұл бала күреспен айналысады. Ал
хорға гимнастика мен күреске баратын балаларды бірге алғандағыдай бала
қатысады. Сонда хорда қанша бала ән айтады?
48. Сәуле бірінші тоқсанда 4 кітап, екінші тоқсанда 3 кітап оқып шықты. Ал
үшінші тоқсанда бірінші және екінші тоқсанның қосындысындай кітап
оқыды. Сәуле үшінші тоқсанда қанша кітап оқып шықты?
49. Орман шетінде 2 ақ қайың, 3 терек ағашы өсіп тұр, ал қарағайдың саны
болса, қайың мен теректі бірге қосқандағыдай болады. Орман шетінде
қанша қарағай өсіп тұрды?
50. Автотұрақта 5 көк түсті, 2 қызыл түсті машина тұрды, ал кара түсті
машина болса, көкпен қызылдың қосындысындай болды. Автотұрақта
қанша машина тұрды?
51. Бақыт таңертең 3 есеп шығарды, түстен кейін 5 есеп, ал кешке таңертеңгі
мен түстегіні 1 бірге қосқандағыдай есеп шыгарды. Бақыт кешке қанша есеп
шығарды?
52. Мадияр бірінші тоқсанда 2 дәптер жазып бітірсе, екіншіде 5 дәптер, ал
төртіншіде бірінші мен екіншінің қосындысындай дәптер бітірді. Мадияр
төртіңші тоқсанда қанша дәптер жазып бітірді?
53. Денис 3 жаста, Қайрат 5 жаста, ал Оляның жасы балалардың жасының
қосындысына тең. Оля неше жаста?
54. *Дала қаздары 50 жыл, ал иттер 20 жыл өмір сүреді. Қырандар қанша
жыл өмір сүреді, егер олар қаз бен итгің өмір сүру жылын бірге қосқандай
өмір сүрсе?
55. *Мерекеге арналып 3 қызыл, 4 сары және 2 көк шар үрленді. Барлығы
қанша шар үрленді?
56. *Тиін ағаштағы қуысына 5 ақ саңырауқұлақ, 7 майқұлақ және 8 түлкішек
әкелді. Тиін өз қуысына барлығы қанша саңырауқүлақ әкелді?
28
57. Жаңажылдық сыйлыққа 15 кг шоколад кәмпитін және 10 кг тосын сыйы
бар кәмпит сыйлығын сыйлады. Балаларға барлығы қанша килограмм
тәттілер сатып алынды?
58. Автобуста 10 жолаушы отырды. Аялдамадан тагы 9 жолаушы мінді.
Автобуста қанша жолаушы болды?
59. Балалар еңбек сабағына деп 20 үйеңкі және 30 қайың жапырағын
кептірді. Балалар барлығы қанша жапырақ кептірді?
60. Машина бірінші күні – 50 км, екіңші күні 20 км жол жүріп өтгі. Машина
2 күнде қанша километр жол жүріп өтті?
61. Біздің мемлекетімізде аңдардың 20 түрі мен құстардың 30 түрін аулауға
тыйым салынған. Аңдар мен құстардың қанша түрін аулауға тыйым
салынған?
62. © Анама әкем 5 қызыл раушан гүлін және Гүлім 2 қызыл қалампыр гүлін
сыйға тартты. Анама қанша қызыл түсті гүл сыйланды?
63. © 5 қыз бала жүйек суарды, 3 ер бала қыздардан тығылды. Егер ер
балалар жалқауланбаса, қанша адам жұмыс істер еді?
64. © Екі сұр түсті кірпі мен бір қоңыр түсті кірпі жолықты. Сонда қанша
кірпі кездесті?
65. © Үйшігінің қасында бір қараторғай ән шырқап отырды. Оған тағы 5
қараторғай ұшып келіп, бірге ән шырқай бастады. Құстар хоры қанша
құстан тұрды?
66. © Катяға 2 үлкен қуыршақ пен 2 кішкентай қуыршақ сыйлады. Егер
Катя үлкен қуыршақтарын тығып қоймағанда, онда қанша қуыршақ болар
еді?
67. !Орман шетінде 3 қайың, 4 қарағай және 12 жөке ағашы өсіп тұрды.
Орман шетінде қанша шырша ағашы өсіп тұрды?
68. *Балалар мектеп бақшасында түрлі сұрыптағы, салмақтары әртүрлі –
7кг, 6 кг, 5 кг, 4 кг, 3 кг, 2 кг, 1 кг асқабақ өсіріп шығарды. Оларға
асқабақтарды көрмеге әкелу үшін 4 сөмке қажет болды. Асқабақты барлық
сөмкелерге салмағын теңдей етіп қалай орнапастыруға болады?
29
69. !Балық аулауға 3 балықшы бара жатты. Оларға қарсы 2 балықшы
жолықты. Өзенге қанша балықшы жол тартты?
70. !Гүлбағына бірінші күні 5 түп түймедақ гүлі, ал екінші күні тағы 4 түп
лалагүлі мен 3 түп түймедақ гүлдері отырғызылды. Барлығы қанша түп
түймедақ гүлі отырғызылды?
71. !Орман шетінде 5 қарағай, 2 қайың және 3 терек ағашы өсіп түрды.
Орман шетінде барлығы қанша қарағай ағашы өсіп тұрды?
72. ! * Дариға екі жыл бұрын 3 жасқа толды. Ал 5 жылдан кейін ол қанша
жаста болады?
73. ! Тоғанда 4 ақ, 5 сұр қаз бен 1 үйрек жузіп жүрді. Тоғанда қанша қаз
жүзіп жүрді? (9, 10,4,6 қаз)
74. ! Аулада 8 ақ, 3 шұбар тауық және бір балапан жүрді. Аулада барлығы
қанша үлкен тауық жүрді? (11,12,4, 8 тауық)
75. Сыныпта 15 қыз және 5 ер бала болды. Екінші тоқсанда сыныпқа тағы
4 ер бала келді. Сыныпта қанша оқушы болды? (24,16,14,6 оқушы)
76. Менің 6 ұлым бар. Олардың әрбіреуінің туған әпкесі бар. Менің қанша
балам бар? (6, 12,7, 13 бала)
77. ^ Айгүл еңбек сабағында 8 көк, ал Гүлмира 5 қызыл және 3 жасыл
кішкене шам жасады. Қыздар барлығы қанша кішкене шамдар жасады?
(6,0,16,10 кішкене шам)
78. ! Екі дос бірге жол жүру үшін бесінші вагонға отыруға келісті. Бірақ
біреуі бесінші вагонға пойыздың басынан, ал екіншісі бесінші вагонға
пойыздың соңынан мінді. Достар бір вагонда болуы үшін, бұл пойызда
қанша вагон болуы керек?
79. ! Дәрігер науқасқа әр сағат сайын бір- бірден, үш дәрі егуді белгіледі.
Барлық дәріні егу қандай уақыт аралығында аякталады?
80. ! 3 футболшы мен 3 хоккейші келді, барлығы 5 адам. Бұлай болуы
мүмкін бе?
30
81. !!Түйеқұс Африка, Оңтүстік Америка және Аустралияда мекендейді.
Африка түйеқұсы салмағы 115 кг-ға, аустралиялық Эму түйеқүсы 45 кг-ға,
ал оңтүстікамерикалық Нанду 25 кг-ға дейін жетеді. Үш түйеқүстың
салмағы қанша?
82. !!Қазақстандағы ең ұзын өзен – Ертіс өзені. Оның Қазақстан
аумағындағы ұзындығы 1700 км, ал одан сырт аумақта 2548 км құрайды.
Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы қандай?
83. !!Орман топырағының бір гектарынан 106 жұлдызпішінді бактерия, 103
инфузория және 104 шұңғылша амёба түрлері табылды. 1 га орман
топырағынан барлығы қанша қарапайымдылар дарағы табылды?

ІІІ.Қорытынды:


Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет