Мұғалімдердің АКТ мүмкіндіктері туралы білімін кеңейту және оқыту процесінде АКТ-ны мақсатты қолдана білуге үйрету.
Оқу нәтижелері
- АКТ пайдалану арқылы оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтындығын түсінеді;
- Learningapps.org сайтын қолданып сабақта қолданатын көрнекілік жасайды.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады. Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.
Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады.
Сонда, оқу-жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді: – оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;
– оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;
– орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;
– интерактивті тақтаны еркін қолданады;
– ақпараттық мәдениетін дамытады;
– сабақта уақыт та үнемделеді;
– оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;
– зерттеу дағдылары дамиды;
– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
– әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.