Акт оқытудың жаңа бағдарламалық құралдарын меңгеру әдістемесі



бет1/8
Дата22.12.2022
өлшемі44,94 Kb.
#58991
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
АКТ оқытудың жаңа бағдарламалық құралдарын меңгеру әдістемесі


АКТ оқытудың жаңа бағдарламалық құралдарын меңгеру әдістемесі


Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………….

3

1 Мектепте АКТ құралдарының даму тарихы…………………….

5

    1. Бағдарламалық оқыту және оны АКТ дамуының жаңа сатыларына көшу………………………………………………………

5

    1. Педагогтердің АКТ құралдары мен әдістерін қолдануға дайындығы……………………………………………………………...

8

2 Білім беруде АКТ-ы пайдаланудың әдістемелік қорлары………

17

2.1 СабақтаАКТ ны қолданудың тиімді жолдары……………………

17

2.2 Информатика сабағында АКТ-ны қолдану…………………………

22

Қорытынды………………………………...……………………………

26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………..

28



Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика міндеттерін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.


Индустриалдыдан ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси – экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық – коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар үрдістері айқындайды.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондықпоштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. XXI - ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлңк сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзіндік білімнің алғышарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту үрдісінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық – психологиялық тың мәселелері әлі толық шешілмеген. Дегенменде, біздің облыс оқушылары соңғы жылдардағы пәндік олимпиадаларда информатика пәні бойынша республикада бірінші, екінші және жүлделі үшінші орындарды иеленді.
Зерттеу мақсаты. АКТ оқытудың жаңа бағдарламалық құралдарын меңгеру әдістемесін зерттеу.
Міндеттері:

  • Бағдарламалық оқыту және оны АКТ дамуының жаңа сатыларына көшу жолдарын сипаттау;

  • Педагогтердің АКТ құралдары мен әдістерін қолдануға дайындығын қарастыру;

  • СабақтаАКТ ны қолданудың тиімді жолдарын талдау;

  • Информатика сабағында АКТ-ны қолдану жолдарын талдау.

Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет