Актив және пассив



бет5/7
Дата10.12.2022
өлшемі11,69 Mb.
#56287
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Актив және пассив

ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ
Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру оңайлықпен түспейді. Жазбаша сөйлеу адам бал асы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде пайда бола бастайды.
Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.
2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, коп ойланып, толганады. Өйтпейінше, бұдан нәтиже шығару қиын.
3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр созін ойлап қүрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқанда-рына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-қағаздық т. б.
Сөйлеудің жеке бір түрі — 
ішкі сөйлеу.
Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. 
Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау өрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай туып отыратындығы анықталган.
Ішкі сөйлеу жөнінде И. М. Сеченов былай дейді: "Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозгалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын" . 
Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әр кез оз ойлауының мазмүнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сойлеуге үзақ түжырым жасап жатудың қажеті де болмайды.
ТАПСЫРМАЛАР

л

в

т

а

ш

т

ү

с

о

й

ы

а

у

і

н

і

а

л

и

с

ө

к

т

ұ

у

д

н

л

й

д

ғ

л

к

ц

И

е

у

в

а

н

м

с

я

и

г

о

л

а



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет