Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір психологиялык ерекшеліктері төмендегідей:
1) Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілейді;
2) Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек өңгімелесуші адамдардың өздеріне түсінікті болады. Мәселен, "келе жатқан тоғызыншы" деген сөйлемді осындай нөмірлі автобусты күтіп түрған адамдар түсіне алады.
3) Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б.) кемдеу болады;
4) Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтын қозғалысы т. б.) толықтырылады;
Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері.
Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
1) Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді;
2) Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің магыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
3) Монолог сөз мәнерлі, өсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозгалыстармен қосарланып отырады. Орындылымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жүртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мүны көмекші қүрал ретінде пайдаланады.
Пасив сөздер тілімізде сирек пайдаланатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады.
Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000—7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000—13000 сөзге жетіп отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000-дай болған.
Сөйлеудің ерекше бір түрі —