2.ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ Мінезіңіз қатты ма әлде жұмсақ па? Оны анықтау үшін американдық психолог Томас Грининг ойлап шығарған тесттен өтіп көріңіз. Төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
Негізінде адамдар жақсы әрі мейірімді.
Әрдайым дауды шиеленістірмей, басып тастауға тырысу керек.
Кейде өз дегеніңізге жету үшін біреулерді ренжітіп алуыңыз мүмкін.
Ұпайлар 3,4,5,7,11 санды тұжырымдармен келіскен болсаңыз, әр жауапқа 1 ұпайдан есептеңіз.Ал егер осы сұрақтарға теріс жауап берсеңіз, ұпай саны 0. Және керісінше, 1,2,6,8,9,10 сұрақтарға теріс жауап берсеңіз, әр жауапты 1 ұпай деп санаңыз. Нәтиже 0-4 ұпай. Шамадан тыс жұмсақ адамсыз. Көнгіштігіңіз сізді әлсіз адамдай көрсетеді, және адамдар осы қасиетіңізбен пайдалануы мүмкін. Кішкене қаттырақ болу үшін өзіңізді кейде өзімшіл болған пайдалы екендігіне сендіріңіз. 5-8 ұпай. Сіз керек жерде жұмсақ немесе қаттырақ бола алатын жағдайға қарай икемді адамсыз. Өз дегеніңізге беріктігіңізге қарамастан, сезімталдығыңызбен тартасыз. 9-11 ұпай. Сіз өте қатты адамсыз. Мұныңыз кейде адамдарды сізден алыстатады. Жұмыстағы қатаңдығыңызды жақындарыңызбен қарым-қатынаста көрсетпегеніңңіз абзал. Осыны естен шығармаңыз. Өзіңізді өзгелердің орнына қойып көруге тырысыңыз.