Ойлаудың дербестігі- адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдарың көмегінсіз бұл міндеттерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігіне , икемділігіне , жеке сын тұрғысынан қарауында.
Ойдың белсенділігі-өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоя білуінде және іздену мен міндеттерді шешу үшін жолдар мен тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады. Ойдың икемділігі-міндеттерді шешуде алынған біржақты ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауында байқалады. Сын тұрғысынан ойлау-ақиқат және жалға ретінде басқаның немесе өзінің ойларын тексеру мен бағалау қабілеттілігінде аңғарылады. Сын тұрғысынан ойлауды айтылған ойлардың практикалық өмірлік құндылығын тексеру ептілігінде аңғарамыз. Сыни ойлау- бұл өзінің және басқаның ойларына өте қатаң қарау. Ойдың ұшқырлығы-қойылған сұраққа түпкілікті жауаптың қаншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады. Яғни, бұл уақыт қарапайым ойлау үрдісінде біршама қысқа болады, ал күрделі ойлау үрдістерінде ұзақтау болады. Кейбір адамдарда күрделі ой тәсілдері өте тез іске асады. Бұл адамдар тапқыр , ойдың ұшқырлығымен ерекшеленеді. Ойлау формалары ұғым, пікір, ой қортындысы. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен керінеді.
Сөйлеу түрлері Осы айтылғандар түрғысынан сйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді.
Сыртқы сөйлеу Ішкі сөйлеу Ауызша сөйлеу Жазбаша сөйлеу ДИАЛОГ МОНОЛОГ Ауызша сөйлеу — сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне қүрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — Диалогтық сөйлеу