Активтілік. Активтілік коэффиценті


Нашар еритін электролиттердің ерігіштігіне бір аттас иондардың әсері



бет3/3
Дата08.10.2022
өлшемі87,81 Kb.
#41954
1   2   3
Байланысты:
9 лекция

Нашар еритін электролиттердің ерігіштігіне бір аттас иондардың әсері

Кез келген еритін қосылыс абсолютті ерімейтін болып табылмайды. Неғұрлым ЕК төмен болса, соғұрлым берілген қосылыс қиын еритін болады. Күміс нитратының ерітіндісіне тұз қышқылын калий хлориді ерітіндісінің эквивалентті мөлшерін құямыз, бұл кезде аргентум хлориді ақ тұнбасы пайда болады, бірақ ерігіштік көбейтіндісіне тең. Аргентум, хлор иондарының бір бөлшегі тұнбаға түспей ерітіндіде қалып қойды:


Е = [Ag+] = [CI-] =
Қаныққан ерітіндіде [CI-] артық мөлшері [CI-] концентрациясынан бір шама артық болғандықтан, [CI-] ионының концентрациясын еске алмай қоюға болады да жоғарыда жазылған теңдеудегі төмендегідей түрге айналдыруға болады.


ЕAgCI = [CI-] =

Егер аргентум нитраттың ерітіндісінің артық мөлшері құйылған болса, онда аргентум бір аттас ион болып табылады.


ЕAgCI = [CI-] =
Бұл жағдайда ЕКAgCI мына теңдеу бойынша анықталады:


ЕКAgCI = ([Ag+] + [Ag+] артық мөлшері ) ∙ [CI-]

Сонымен, тұндырғыш реактивтің артық мөлшерін қосқан кезде тұнбаның ерігіштігі төмендейді және тұнба түзетін иондарының біреуімен аттас иондардың артық мөлшеріне байланысты болады.




Тұздық әсер

Нашар еритін тұздардың ерігіштігіне тек қана олармен біртектес иондары бар электролиттер ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар біртектес иондары жоқ электролиттер де әсер етеді. Кейбір нашар еритін тұздардың ерігіштігі басқа жақсы еритін, бірақ тұнбамен ешқандай біртектес иондары жоқ электролиттердің әсерінен де артады.


Мысалы Қорғасын сульфатының ерігіштігі натрий нитраты соғұрлым және калий нитратты әсерінен артады, неғұрлым бұл тұздардың концентрациялары жоғары болса, қорғасын сульфаты тұзының ерігіштігі арта түседі.
Бұл құбылыс тұздық әсер деп аталады. Өзге иондарды қосқан кездегі ерігіштіктің артуын ерітіндінің иондық күшінің жоғарлауымен түсіндіруге болады =CiZi2
Дебай мен Гюнкельдің теңдеуі бойынша -lg=0,5∙Z2 электролиттерді қосқан кезде активтілік коэффициенттерінің төмендейтінін көруге болады.
АККnAn = akt∙ aAn = [Kt]∙[An]∙fkt ∙fAn , [Kt]∙[An] =
Бұл теңдеуден активтілік коэффициентінің төмендеуі ерітіндіде Kt және An концентрацияларының өсуіне әкеліп соғатынын көруге болады. Әртүрлі электролиттер нашар еритін тұздардың ерігіштігіне әртүрлі әсер етеді, себебі ерітіндінің иондық күші тек қана тұздардың концентрациясына ғана емес, сонымен қатар иондардың зарядтарының шамасына да байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет